Талдау мен жинақтау.
Талдау екі нысанда болады: практикалық әрекет және ой тәсілдері (Анализ; грек. аnalusis – ыдырату, ажырату). Талдау терминінің синонимі – зерттеу. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлуі; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Конъюнкция (лат. сonjunction – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, “талдау” термині көбінесе зерттеу үдерісі тұтастай зерттеу үдерісінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.
Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар;
- мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік қолданбалар.
Тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері
Тарихи-педагогикалық зерттеудің педагогика мен тәрбие тәжірибесінің дамуы үшін маңызды.
Әдістері: әдеби шығармаларды теориялық талдау, архив (мұражай) материалдарын зерттеу және талдау; баяндау (сипаттау, статистикалық, тарихи, индуктивтік-дедуктивтік әдістер, салыстырмалы әдістер).
Тарихи-педагогикалық зерттеудің кездері: педагогика классиктерінің еңбектерін зерттеу, ресми құжаттарды, материалдарды зерттеу (заңдар, жобалар, есептер, баяндамалар т.б), білім беру туралы архивтік материалдар, бағдарлама, оқулық, оқу құралдарын зерттеу, педагогикалық баспа сөз материалдарын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |