Дәріс 11. Тақырыбы: Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері Жоспары



бет3/8
Дата17.12.2022
өлшемі30,6 Kb.
#57822
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 11-13 Ғылыми пед зерттеу әдістемесі

Ұқсастыру әдісі.
Ұқсастық (Аналогия; грек. аnologia – сәйкестік) – зат немесе құбылыстар арасындағы ұқсастық, екі заттың немесе құбылыстың ортақ қасиетін түйіндеу, ой қорытынысының бір түрі, бір заттың қасиеттерін басқаларға ұқсастығы негізінде анықтау.
Ұқсастық – эмпирикалық және теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің бірі. Ұқсастық негізінде ой қорытындысын жасаған кезде қайсібір объектіні қарастырғанда алынған білім неғұрлым аз зерттелген затқа жалғастырылады. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің бірі. Оқыту ісіндегі ұқсастық зерделенетін заттар мен құбылыстар арасындағы қайсыбір тұрғыдағы ұқсастықты анықтау болып табылатын педагогикалық әдіс; сондай-ақ оқыту үдерісінің танымының басқа әдістерін пайдалану мүмкін болмағанда қолданылатын қажетті элементі. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Теориялық әдістерге сипаттама беріңіз.

  2. Тарихи зерттеу әдісіне сипаттама бер

  3. Тарихи педагогикалық зерттеулердің педагогиканы дамыту және тәрбиелеу тәжірибесіндегі мәні неде деп ойлайсыз?



Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Теориялық әдістерді жалғастыр:
Индукция,...
2.Тарихи зерттеу әдістерін жалғастыр:
Тарихи қолжазбалар,...


Дәріс 12.
Тақырыбы:Эмпирикалық зерттеу әдістері. Педагогикалық эксперимент, оның түрлері және жүргізілу кезеңдері


Жоспары:
1. Зерттеулердің эмпирикалық әдістері
2. Педагогикалық эксперимент, оның түрлері және жүргізілу кезеңдері


Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер) – зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғыммен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері.
Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты- нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет