Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар:
а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Озық тәжірибенің критерийлері:
Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
жоғары нәтижелілік;
ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік
тұрақтылық;
тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
тәжірибенің оңтайлылығы;
көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
оптималдық;
бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.
Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озық тәжірбиенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» – оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;
өз беттерімен білім ала білуі;
білімдерін шығармашылықпен тәжірбиеде колдануы;
оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.
Оқушылардың тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.
Озық тәжірибенің үшінші белгісі – оқу, тәрбие тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірбие озық тәжірбие деп есептелмейді.
Жаңалық – озат педагогикалық тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озық тәжірибе оқу- тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірбиесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |