мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б.) жатады;
бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.);
педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп жағдайында тексеру).
Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбыластарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурсия т.б.жағдайда), жүргізілу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі.
Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы объектінің іс-әрекетіне тікелей белсене қатысса, (оқушылармен бірге) бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге асырылады.
Бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар:
мақсаттылығы;
жүйелілігі;
ұзақтылығы;
жан-жақтылығы;
объективтілігі;
бұқаралық;
әдептілікті сақтау.
Бақылау әдісі. Нақтылы бақылау обьектісі белгіленіп, жоспарлы жүргізіледі.
Бақылау кезеңдері:
мақсат пен міндеттерді анықтау;
обьекті, пәні таңдалынады;
бақылау жолдарын анықтау;
бақылау барысын есепке алу;
алынған ақпараттарды өңдеу және талқылау.
Бақылау-зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жеке танысуға орай алдын-ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
2) бақыланылатын обьект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.