Дәріс 11. Тақырыбы: Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері Жоспары



бет7/8
Дата17.12.2022
өлшемі30,6 Kb.
#57822
1   2   3   4   5   6   7   8
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Анықтауыш эксперименттің мақсаты не?

  2. Анықтауыш эксперименттің әдістемесін қалай дайындаймыз?

  3. Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты не?

  4. Қалыптастырушы эксперимент әдістемесін қалай дайындайсыз?

  5. Байқау экспериментінің мақсаты не?

  6. Байқау экспериментінің әдістемесін қалай дайындайсыз?

  7. Педагогикалық эксперимент ең кем дегенде неше сыныпта жүргізіледі?



Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Эмпирикалық зерттеу әдістерін жалғастыр:
Сауалнама,...
2. Болжамның дұрыс немесе дұрыс емес екендігі қай уақытта белгілі болады:
А) ғылыми әдебиеттерді талдау барысында;
В) теориялық бөлімде;
С) анықтауыш эксперимент барысында;
D) қалыптастырушы эксперимент барысында;
Е) байқау экпериментінің нәтижесін анықтағанда.
3. Дипломдық жұмыстың кіріспе бөліміндегі ғылыми аппараттарды жалғастыр:... обьекті,...
4.Толықтырыңыз: Ранжирлеу – жинақталған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, обьектілердің осы .............................анықтау.
Дәріс 13.
Тақырыбы: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау
Жоспары:
1. Мұғалімдердің озық тәжірибесі, оның түрлері
2. Педагогикалық зерттеудің кезеңдері

Қазіргі заманғы мектепте педагогикалық қызметте асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшылықта ол тәжірбиені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірбиелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірбиесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.


Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді, өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончаров, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Эрдинов, Е. А. Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірбелері мұғалім қауымына көп көмегін тигізді.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі – психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін және педагогикалық қызметтің тәжірибесін ендіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақтылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкерлеріне белгісіз болып қалып отыр. Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін тәжірибеге енгізу үшін қызметкерлер алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асыруды, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдануға деген қажеттілігі анықталғандығы жайында В. Е. Грурман, В. В. Краевский, П. И. Керташева, М. Н. Скаткин және басқа ғалымдардың арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік көмек көрсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру әдістері мен тәсілдерін игеруге болады.
Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сұрақ туындайды. Жеке мұғалімнің, мектептің тәжірбиесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары немесе оқу ісінің меңгерушісінің жетекшелігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.
Бұндай топты құрудың қажеттілігі бірқатар жағдайларға байланысты.
Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың немесе түбірлі педагогикалық идеяның, технологияның авторы, оның құндылығы мен перспективалығын аңғара бермейді.
Екіншіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын іске асыруға көбіне құлшына кіріспейді.
Үшіншіден, жаңалық автордың баяндауында жүйелі ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алуы мүмкін.
Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске асыру жолдары туралы баяндалғанда өзінің немесе әріптестерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты мұғалім-әріптестері тарапынан «кері тебу» реакциясына тап болуы мүмкін.
Бесіншіден, аталған топтың функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау және түзетумен де айналысады.
Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық мониторинг қызметін атқарады отандық және шетелдік баспасөз материалдары және жоғарғы оқу орнының тәжірбиесі бойынша жаңа идеялар, технологиялар жүйелі түрде талдап, іріктеп отырады.
Озық педагогикалық тәжірбие дегеніміз, қоғамдық педагогикалық қызыметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз. Озық педагогикалық тәжірбие оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдәіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет