Дәріс 1,2- конфликтілер туралы түсініктерге тарихи шолу Жоспары: Конфликт ұғымы


Дәріс 17,18-Этносаралық және саяси конфликтілер



бет11/15
Дата26.12.2023
өлшемі185 Kb.
#144429
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Қосымша мат.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері»

Дәріс 17,18-Этносаралық және саяси конфликтілер
Этникалық конфликтілердің пайда болу себептері ретінде қандай-да бір этностың мекен ету территориясына қол сұғушылық, этностардың тәуелсіз территориялық-мемлекеттік жаңа құрылымдар құруға талпыныстары жатқызылады.
Қазақстандық саяси энициклопедияда этнос (грек тілінен ethnos - халық, тайпа, адамдар тобы, тобыр) табиғи тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы ретінде анықталады. “Халық” деп аударылатын "демос" терминіне қарағанда “этнос” термині берілген жердің халқын білдірген.
Әртүрлі зерттеушілер этностың әрқилы анықтамасын береді. Сонда да барлығына ортақ этностың пайда болуының өзекті жағдайлары мыналар: ортақ тіл, ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ экономика, рухани және материалдық мәдениеттің ортақ белгілері, өзіндік сана, менталитет, дін, психология, демография ортақтығы. Берілген көрсеткіштер халықтың этникалық санасында жаңғырып отырады, ол өзінің бірлігін, ең бастысы тегін және содан барып – этникалық туыстықты сезінеді.
Этностың құрамдас бөлігі:

  • этникалық ядро – анықталған аумақта тығыз өмір сүретін этностың негізгі бөлігі;

этникалық периферия – негізгі бөліктен бөлінген берілген этностың жеке бөліктері(өкілдері); этникалық диаспора – басқа этностар қоныстанған аумақтар бойынша жайылған этностың жеке бөліктері(топтар).
Этникалық жанжалдарды болжау, алдын-алу және шешу – қазіргі кездегі ғылымның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Этникалық негіздегі жанжалдарды реттеу,оған қатысушы жақтардың өзара түсінушілігін іздеу бірқатар факторлардың әсерінен қиындық туғызады. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

  • жанжалдасушы этникалық топтардың мәдени сипаттары (тіл, дін, тұрмыс қалпы) бойынша ерекшеленеді;

  • жанжалдасушы этникалық топтардың мәдени әлеуметтік-саяси статусы бойынша ерекшеленеді;

  • этностың біреуінің тұрғылықты территориясында тарихи қысқа мерзімде жағдай елеулі түрде өзгереді;

  • жанжалдасушы жақтарға қатысты оның ары қарайғы жалғасуына мүдделі сыртқы күштердің болуы;

  • жанжалдасушы жақтар бір-біріне қарасты тұрақты жағымсыз стереотиптерді қалыптастырады.

Конфликтология ғылымының негізін салушы Л. Козердің түсінігіндегі жанжал басқа сипат алады. Жанжал - қарсыластардың мақсаты болып бейтараптандыру, залал келтіру немесе бақталасты жою болып табылатын күрес, құндылықтар үшін күрес және белгілі бір анықталған мәртебеге, билікке және ресурстарға наразылық таныту. Бұл бағыттың ерекшелігі, автор назарды өте маңызды болып табылатын жанжалдасушы жақтардың құндылықты үйлесімсіздігіне аударады. Осылайша, Козер бойынша, жанжал тек екі жақтың әртүрлі мүдделерден туындайтын әртүрлі мақсаттарға жетуге талпынуда ғана емес, сонымен қатар екі жақтың әртүрлі құндылықтарға ие болған кезде пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, жанжалдың қайнар көзі қоғам өмірінің рухани саласында да болуы мүмкін.
Осы ойды әлемдік конфликтологияның классиктерінің бірі Л. Крисберг дамытады: әлеуметтік жанжал екі немесе одан да көп жақтар үйлесімсіз объективті мүдделерге ие екендігін тұжырымдағанда пайда болады. Л.Крисбергтің трактовкасындағы атап айтатын жайт, жанжал мүдделердің шынайы сәйкессіздігінен емес, осы сәйкессіздікті субъективті бағалаудан туындайды. Назарды әлеуметтік жанжалдың психомәдени, субъективті жағына шоғырландыру батыс конфликтологиясының маңызды белгісі болып табылады.
Ресей конфликтологтары А.В.Дмитриев және В.Н.Кудрявцев жанжалды «екі жақтың күресуінен бейнеленетін объективті немесе субъективті қарама-қайшылықтардың көрінісі» ретінде анықтайды.
Ежелгі Қытайдың ұлы философы Конфуций б.э.д. VІ ғасырдың өзінде-ақ жанжал біріншіден, адамның ұқсас болмауы мен тәуелсіздігінен туады деп атап өтті. Ол былай деген: “Бай мен кедейге өзара қатынасты сақтау қиын, бірақ оған ұмтылу керек: өзіне қатал қатынас, жоғарыларға және үлкендерге сыйластық, қарапайым дамдарға игі ниеттілік пайдалы”. Осыған байланысты ол “айтыс-тартыс жүргізілмес” үшін әдет-ғұрыптарды жақсарту, кемістіктерді жою, ұрыстардан қашу қажет екенін атап көрсетті.
Конфуцийдің замандасы, ежелгі грек ғалымы Гераклит жанжал – қоғам өмірінің маңызды жағдайы, онсыз қоғам дами алмайды, ол барлық нәрсенің негізі деп есептеген. Оның ойымен ежелгі ғалым-материалистер де келісті. Мысалы, Эпикур жанжалдың салдары адамдарды бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүруге көндіреді дейді.
Конфлект мәселесі б.э.д. V-ІV ғасырларда өмір сүрген Платон мен Аристотель сияқты ежелгі атақты ғалымдарды да толғандырған. Олар: адам өзінің табиғаты бойынша – қоғамдық тірі организм және адамда қалыптасқан қоғамдық бастама оның басқа адамдармен серіктестік болуына мүмкіндік береді деп санаған. Сонымен бірге олар адамдардың өшпенділікке, қастандыққа, зорлыққа бейім екенін естен шығарған жоқ. Аристотельдің пікірінше, тартыстың себептері - әлеуметтік теңсіздік және бөлімдерге бөліну, біреулерді тым жоғары көтеру немесе біреулерді кемсіту.
А.В. Оболонский «Юридикалық жанжал» атты ұжымдық монографияда этникааралық жанжалдардың себептерінің келесідей топтамасын береді: саяси себептер, экономикалық себептер, әлеуметтік-мәдени себептер, әлеуметтік-психологиялық себептер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет