Дәріс 1,2- конфликтілер туралы түсініктерге тарихи шолу Жоспары: Конфликт ұғымы


Дәріс 13,14 -Ұйымдардағы конфликтілер



бет10/15
Дата26.12.2023
өлшемі185 Kb.
#144429
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Қосымша мат.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері»

Дәріс 13,14 -Ұйымдардағы конфликтілер
Шиеленіске қатысушылар санына қарай өзара әректтестікті ішкі, жеке адамдық, өзара жеке адамдық топтарының тағы басқа болып бөлінеді. Ішкі жабық шиеленіс адамдардың ішкі күшімен мотивінен, қажетінен пайда болып қайшылықтар оның мүмкіндіктері арасындағы таңдаудан туындайды.

  • Топаралық шиеленіс-топтар арасындағы әр түрлі шиеленістер, адамдар арасында қызығушылықтарды тағы басқалар.

Адамдар арасындағы шиеленістер -индивидтердің арасындағы қақтығысы әрбір жанның өз қызығушылығы үшін күресі.
Когнитивті шиеленіс конитивтік танымдық көзқарастар. Ондай шиеленісте әрбір субектінің мақсатына орай оппонентті көндіруі, өзінің көзқарасы дұрыс екенін дәлелдеуі, өзін позициясына сендіру .


Дәріс 15,16-Әлеуметтік-еңбек конфликтілері
Қазіргі заманда кикілжіңдер - күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр конфликттілік ғасыр болады немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы кикілжіңдер адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік - бұл аталған кикілжіңдер ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды». Ішкі саясаттық күрес - көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Отбасындағы және өзімен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады. Мұның бәрі әрбір адамның, ұйымның, мемлекеттің, қоғамның және бүкілдей адамзаттың өміріндегі кикілжіңдердің шешуші рөлін білдіреді. ХХ ғасырдың нәтижелері бойынша көптеген мемлекеттен құралған Кеңес Одағы кикілжіңдер адамдардан айырылудан басқа, материалды және моральды нәтижелер бойынша әлемдік көшбасшы (лидер) болып табылады.
Адамзаттық өркениеттің тарихы түрлі конфликттерге толы. Конфликттердің біреулері оншақты мемлекеттермен халықтарды қамтыса, ал екіншілері үлкен және кіші әлеуметтік топтардың ортасында, үшіншілері жеке адамдар арасында өршіді. Ежелден-ақ адамдар туындаған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысып, кикілжіңдер бейбіт қоғам туралы армандады. Сол заманда туындаған заңдылықтарды конфликттердің алдын-алу және шешудің әмбебап механизмін құруға ұмтылысы ретінде қарастыруға болады. Қатыгез Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750ж.ж.) патшаның көне заңдарында конфликтілік жағдайларды шешудің оншақты тәсілдері жазылған. Аңыз бойынша патша Соломон (б.э.д. 965-928ж.ж.) кикілжіңді шешу және кетіп қалу дағдысымен ақылдылығының арқасында әйгілі болған.
Конфлект мәселесін зерттеген көптеген ғалымдар кикілжіңнің туындап, оның даму деңгейіне, яғни барлық сатыдан өтуіне оның қатысушылары себепкер деген қорытындыға келіп отыр.
Жоғарыда атап өткендей, кикілжіңнің сипаттамасы, оларды басқару бәрінен бұрын оның қатысушыларының табиғат түсінумен де тығыз байланысты. Сондықтан да кикілжіңнің мән-жайын түсініп, себебін анықтауда және қорытындылауда адам мәселесіне, оның мінез-құлқы мен оған әсер ететін факторларға тоқталмай кету мүмкін емес. Олай болса, тұлғааралық кикілжіңдер – бұл кикілжіңнің кең таралған түрі. Ұйымдарда ол түрлі көрініс табады. Көптеген басшылар конфликтінің себебі мінездің нашарлығынан туындайды деп есептейді. Бірақ, шын мәнінде көқарастары, мінездері, қылықтары бір-біріне қарама қайшы сипатта болатын адамдардың бір жерде бірлесе жұмыс істеуі мүмкін емес. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, бұндай конфликтілердің тууындауына белгілі бір обьективті факторлар әсер етеді. Соның бірі – шектелетін ресурстар үшін күрес. Әр адам шектелетін ресурс тек өзіме ғана аса қажет деп есептейді.
В.Н.Шаленконың айтуынша, әлеуметтік конфлектілердің астарынан мақсаты – қоғамдық мойындалу, өндіріс құралдарына, экономикалық позицияға, билікке және басқа да құндылықтарға жету, сонымен қатар шынайы немесе алдамшы қарсыласты бейтараптандыру немесе жою болып табылатын, индивидтер арасындағы күрестің кез-келген түрін түсінеміз. Осы орайда, жанжалды конфронтацияның басқа түрлерінен – қарама-қайшылықтар, бәсеке, жарыстан айыра білу маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет