Дәріс 12. Тақырыбы: Жер мәселесі. Мақсаты


Көшпелі қазақ ауылының шаруашылығындағы және этнодемографиялық өзгерістер



бет2/10
Дата19.04.2023
өлшемі77,68 Kb.
#84101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 апта Қазақстан тарихы

2. Көшпелі қазақ ауылының шаруашылығындағы және этнодемографиялық өзгерістер
Патша үкіметінің аграрлық саясатының отаршылыққа бағытталуы бірте-бірте көшпелі жəне отырықшылықты халық санының ара салмағының өзгеруіне əкеп соқтырды. Шаруашылықтың: отырықшылықты-мал шаруашылығы жəне отырықшылықты- егіншілік сияқты жаңа түрлері құрылды. Х1Х ғасырдың аяғында көшпелі шаруашылықтар Қазақстанның жекелеген далалық аудандарында: Сырдария маңайы аудандарында, Орталық Қазақстанның далаларында, Бетпақдаланың айналасында, Маңғыстауда, Семей, Ақмола облыстарында ғана сақталып қалды. Солтүстік аудандарда енді егіншілікпен жəне шөп шабумен айналыспайтын таза көшпелі шаруашылықтар сирек кездесетін. Көшпелілік негізінен алғанда ескі феодалдық тұрғыдағы , көбінесе ғасырлық дəстүрлерінің күштілігіне орай жаңа оқиғалардың қысымына əлі де төтеп бере алған байлардың шаруашылықтарында сақталып қалған еді. Əйтсе де бұл көшпелі шаруашылықтардың да бұрынғы көшпелі шаруашылықтардан кейбір айырмашылықтары болды.
Ресейдің ішкі аудандарынан қоныс аударушылармен қатар Қазақстан аумағына Қытайдан келушілер де қоныстандырылды. Құлжа өлкесінің Цин империясына қайтарылуына байланысты дүнгендер, ұйғырлар мен қазақтар Қазақстанға жəне көршілес Қырғызстанға қоныс аударуға ниет білдірді. Бұл жағдайды орыс өкіметі Қытайдың Құлжадағы экономикалық жағдайын əлсіретуге жəне аймақтағы өзінің ықпалын күшейтуге пайдаланды.
1881-1883 жылдары Жетісу жеріне 45 мың ұйғыр мен 5 мың дүнген көшіп келді. Олар Үсек, Шарын, Шілік, Талғар өзендерінің бойына орналастырылды. Осы жерлерде Жаркент, Ақкент, Ақсу-Шарын, Малыбай, Құрама жəне Қарасу болыстары құрылды.
Сонымен царизмнің қоныс аудару саясаты нəтижесінде Қазақстанның демографиялық құрылымы өзгерді. 1897 жылғы жалпы санақ мəліметтері бойынша Қазақстандағы қазақтардың саны 87,1 дейін пайызға қысқарды.
Сауданың маңызының өсуі қазақтардың мал табыны құрамында да өзгерістер енгізді. Крепостниктік құқық жойылғаннан кейін орыс көпестері жылқы сатып алуға зор қызығушылық танытты. Осыған байланысты қазақ байлары жылқы үйірлерін көбейте бастады. Тек Қостанай уезінде ғана 1865-1879 жылдар аралығында мал түліктеріндегі қойдың үлес салмағы 86 пайыздан 44,6 пайызға дейін кеміп кетті, ал жылқылардың үлес салмағы 6,8 пайыздан 37,7 пайызға дейін өсті. Ресейдің ірі қалаларындағы сиыр етіне деген сұраныстың өсуі қазақтардың ірі қара мал өсіруге үлкен мән беруіне себеп болды.
Қазақ жерлеріне капиталистік қатынастардың ене бастауы жəне қоныс аударушылық қозғалыстың дамуына байланысты көшпелілердің отырықшылыққа өтуі тездеді. Шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына тартып беру арқылы патша əкімшілігі қазақтардың егіншілікпен кең түрде айналысуына да шек қоюға тырысты. Осы тұрғыда Орынбор өлкесіндегі бір белгілі шенеуніктің айтқаны көңіл аударарлық. Ол Орынбор əскери губернаторы граф П.П Сухтеленге былай деп жазған: «Мен қырғыздардың басына жұмақ орнатқысы, оларға білім бергісі, сөйтіп оларды Еуропа халықтары шыққан биікке көтергісі келетін филантроптарға еліктей алмаймын. Мен қырғыздардың ешқашан егін екпеуін, ғылым түгілі тіпті қолөнерді де білмеуін бүкіл жан-тəніммен қалаймын, бірақ, сонымен бірге, оларды біздің нанды жеуге, біздің жай шұғаны, Ресейдің осындай басқа да қарадүрсін бұйымдарын пайдалануға үйреткім келер еді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет