ДӘРІС №35
ТАҚЫРЫБЫ: Шеткі жүйке жүйесі. Жұлын. Мойын, иық, бел,сегізкөз өрімдері, жүйкелендіру аймақтары
Орталық жүйке жүйесінен шығатын жеріне қарай нерв сабаулары жұлындық, nn.spinales және бассүйектік, nn.craniales болып бөлінеді.
Адамда 31 жұп жұлын нерві бар: 8 жұп мойын, 12 жұп кеуде, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз және 1 жұп құймышақ нервтері. Жұлын нервтерінің әр сегменті дене сегменттеріне сәйкес келеді, сондықтан олар латын әріптері және сандарымен белгіленген (мысалы, С1, Th1). Әр жұлын нерві жұлыннан екі түбіршікпен басталады : артқы - сезімтал, алдыңғы - қозғалыс түбіршігі. Екі түбіршік омыртқааралық тесіктен шыққаннан кейін бір сабауға қосылады. Қосылар жердің жанында және одан артқа қарай артқы түбіршік (сезімтал) түйін түзеді. Жұлын түйінінде жалған униполярлық нейрондордың денесі орналасқан. Оның қысқа өсіндісі (дендрит) артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы мүйізіне кіреді, ол сыртқы ортаның тітіркенісін нейронның денесіне жеткізеді. Ұзын өсінді (аксон) нейрон дененсінен басталып, шеткерідегі жасушада немесе жұмысшы мүшеде (мысалы, бұлшықетте) рецептор түрінде аяқталады. Екі түбіршік қосылып, жұлын нерві аралас нервке айналады.
Әр жұлын нерві омыртқааралық тесіктен шыққанан кейін 4 тармаққа бөлінеді : 1) Артқы тармақтар - арқа бұлшықеттері мен оны жабатын тері үшін.
2) Алдыңғы тармақтар- тұлғаның алдыңғы қабырғасы мен қол-аяқ үшін
3) Ішкі ағзалар мен тамырларды нервтендіру үшін - симпатикалық сабауға қосылатын қосушы тармақтар.
4) Менингеалды тармақтар – жұлын қабықтарын нервтендіру үшін. Олар омыртқааралық тесіктен шығып, қайтадан омыртқа бағанасының өзегіне кіріп, жұлын қабықтарын нервтендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |