Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет43/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   180
Ер адамның жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне: атабез, оның қосымшасы, шәует көпіршіктері, қуық асты безі, бульбоуретрал бездер, шәует шығарушы жолдары кіреді. Сыртқы жыныс мүшелеріне:ұма мен аталық жыныс мүшесі жатады.

Атабез, testis - ұмадағы жұп, аралас без. Атабездің эндокриндік қызметі- еркек жыныс гормондары пайда болады. Бездің сыртқы секрециялық (экзокриндік) қызметі- жыныс жасушалары- сперматозоидтарды шығарады.

Аталық жыныс безінің пішіні сопақ, екі бүйірі қысыңқы, ұзындығы- 4см,көлденеңі-3см, салмағы- 15-25г. Оның екі беті, алдыңғы,артқы шеті,жоғарғы төменгі ұшы бар. Бездің медиалды беті ойыстау, латералды беті дөңестеу. Бездің алдыңғы және артқы жиегі бар. Атабездің жоғарғы және төменгі шеті бар.Бездің жоғарғы шетінде парамезонефрал өзектің салбыраған қалдығы бар. Артқы шетінде қосымша орналасқан. Аталық жыныс безі сыртынан ақ тығыз дәнекер ұлпамен қапталған.Ақ қабықтың астында бездің заты- паренхимасы бар. Ақ қабық бездің артында қалыңдап, атабез орталығы пайда болады.

Қабықтан бездің ішіне тармақтар кетіп, безді 250-300 үлесшелерге бөледі.Үлесшелер араларын дәнекер ұлпа байланыстыратын ирек түтікшелерден тұрады.Ирек түтікшелерде көп қабатты ерекше сперматоген кілегей жасушалары мен сортолли жасушалары болады.Сперматоген жасушаларында аталық жыныс жасушалары дамып жетіледі, сортолли жасушалары олардың дамуы үшін қоректендіру қызметін атқарады. Атабездің ирек түтікшелері тік түтікшелерге айналып, ерекше тор пайда болады.

Торлы түтікшелерден атабезді, оның қосалқысымен байланыстыратын 12-15


шығарушы түтікшелері шығарады. Байланыс түтікшелері бездің қосалқысының ирке түтікшелеріне жалғасады. Олар атабез қосалқысының төменгі жағында бірігіп, шәует шығару өзегі пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет