3.5. Бос радикалдардың масс-спектрометриясы Масс-спектрометр – зат молекуласын иондау нәтижесінде түзілетін иондардың массасы мен заряды бойынша заттардыы ажыратуға мүмкіндік беретін аспап. Мысалы:
RX + e- → R+ + X- + e- немесе
RX + e- → R+ + X• +2e- Иондану иондау камерасында жүзеге асады, магнит өрісінде иондар сәйкес массасы мен заряды бойынша жіктеледі.
Бос радикалдарды молекулалармен қоспасында анықтау радикал R• потенциалы молекула RX потенциалына қарағанда әрқашан аз болғандықтан мүмкін болады, сондықтан радикалдың электронмен соқтығысу процесінде мондану молекуламен соқтығысуға қарағанда аздау электрон энергиясында жүзеге асады:
R•+ e- → R+ +2e- Иондану потенциалдарындағы (ИП) бұл айырмашылықты келесі мәліметтерден көруге болады:
•CH3
•C2H5
(CH3)2C•H
(CH3)3C•
Цикло-C6H11•
C6H5CH2•
ИП(R•),эВ
9.9
8.7
7.9
7.4
7.7
7.8
ИП(RH), эВ
12.6
11.5
9.7
10.6
9.8
8.8
Молекулалар мен радикалдың иондану потенциалдарындағы бұл айырмашылық масс-спектрометрияда радикалдарды анықтау үшін қолданылады. Радикалдарды иондау үшін радикалдың иондану потенциалынан жоғары, бірақ сәйкес молекуланың иондану потенциалынан төмен бойынша жүйеде радикалдың бар-жоқтығын анықтайды. Молекуланы RX (A(R+)) және R• (ИП) иондануға қажет электрондар энергиясының айырымы бойынша D(R-X) байланыс беріктігін бағалауға болады: