5. Гомолиздік реакциялар Гомолиздік реакциялар деп молекулалардағы химиялық байланыстардың өзгеруі, басқа байланыстармен ауысуы жаңа электрон жұптарының үзілуі және түзілуі арқылы өтетін реакцияларды айтады. Гомолиздік реакцияларда әрқашан жұптаспаған электроны бар бөлшектер: бос радикалдар, ион-радикалдар, сольваттанған электрон қатысады немесе түзіледі.
Гомолиздік реакциялардың негізгі типтері:
гомолиздік ыдырау (гомолиздік диссоциация немесе гомолиз)
А – В → А• + В•
Мысалы: CH3-CH3 → 2•CH3 H2O2 → 2•OH
CH3O• → CH2О + H•
RN═N-R → R• + N2 + R•
Молекулалар гомолиздік ыдырағанда бос радикалдар, бос радикал ыдырағанда – атом немесе бос радикал және бір немесе бірнеше молекула түзіледі.
гомолиздік ассоциация (рекомбинация, коллигация) – диссоциацияға кері реакция, реагенттердің жұптаспаған электрондарының бірігуі нәтижесінде жаңа байланыс түзіледі:
A• + B• → A-B
Мысалы: H• + •CH3 → CH4 •CH3 + •CH3 → C2H6 гомолиздік орын басу – жұптаспаған электроны бар бөлшек молекуламен әрекеттесіп, жаңа молекула мен радикал береді:
A• + B-C → A-B + C•.
Мысалы: •CF3 + RH → CF3H + R•
•C6H5 + RSSR → C6H5SR + RS•
гомолиздік қосылу – қос байланысы бар молекулаға бос радикал немесе атомның қосылып, жаңа радикал түзуі:
A• + B═C → A-B-C•
Мысалы: R• + CH2═CH-C6H5 → RCH2C•HC6H5 H• + C2H4 → •C2H5 Осы процеске қарама – қарсы реакция да жүзеге асады:
A-B-C• → A• + B═C.
Мысалы: •C3H7 → C3H6 + H• немесе •C3H7 → C2H4 + •CH3.
екі қаныққан молекуланың реакциясы нәтижесінде екі байланыс гомолиздік үзіліп, жаңа байланыстың түзілуі: