Инсулин препарттармен жұмыс істегенде медицина қызметкерінің қызмет ету ерекшелігі
Инсулинді енгізгенде дозасын дұрыс ашу қажет. Аяжан препараттарды ауыстырып егізуге флаконды жақсы шайқап біркелкі қоспа болғанша және 25-30С деген жылыту керек. Бір шпирцке 2 инсулин түрін қосуға болмайды. Инсулиннің концентраттарын препараттарын арнайы шприц, ручка «новеген», «пливапен» арқылы салады. Иньекция салатын жерді спирт буланғанша күту керек. Липодистпрофияның алдын алу үшін енгізу жерлері ауыстырып тұру керек. Бір салған жерге салу үшін 2-3 апта өту қажет. Иық пен жамбасқа салғаннан кіндік айналасына тез сіңеді. Вестық ванна, жылытқыштар, массаж сіңуді тездетеді. Инсулин алған соң аяжан науқастың 15-20м кейін тамақтануын бақылау қажет. Дәріні +4,-6 С t-да холодильник ішінде сақталынады.
Асқынуары: 1) асқынулар арнайы – тікелей ауруға байланысты дамиды;
2) арнайы емес ағзаны қорғаныш қабілеті, екішілік инфекция түскеннен. Арнайы емес асқынуларға: терінің іріңді аурулары, стоматид, кондидоз, вулвит, вульвовагинет, пиоленефрит.
Арнайы асқынуларға: диабетикалық ангиопатия, мариак синдромы (физикалық және жыныситық инфантимизм гепатомегалия, гипогликемиялық жағдай). Ең жиі – кетоацидотикалық (диабетикалық) және гипогликемиялық комалар болады.
Кетоацидотикалық кома: команың даму себебіне аурудың ДS-ны кем қою, аз доза жібері, инсулинді жүйелі емес енгізу, диета сақтамау (тәтті – майлы тағам), инфекциялық аурудың қосылуы. Диабетикалық кома біртіндеп дамиды. Алғашқы белгілердің пайда болғаннан есі – түсін жоғалтқанға дейін бірнеше тәулік өтеді. Кома алды кезеңде тәбеті төмендейді. Әлсіздік көбейеді, балалар әрең қозғалады. Ойынға қызығушылығы жоғалады, шөлдеу, көп зәрге отыру, іште ауырсыну, құсу, аузынан ацетон иісінің шығуы пайда болады. Кейін науқастар тежеледі, сөйлегені түсініксіз. Терісі құрғақ, суық, диабетикалық қызару болады. Ерні жарылған, тілі құрғақ, бауыры үлкен. Науқастарға көмек көрсетпесе, жағдайы қиындап кетеді: дем алуы тереңдейді, шулы болады, тері рефлекстері төмен, дегитротация симптомдары күшейеді: еті үшкірленеді, көз алмасының тонусы төмендейді, PS – жиі, қан қысымы төмендейді. Полиурия амиурия мен анурияға ауысады. Көз қарашығы кішірейеді. Есі – түсі біртіндеп жоғалады. Қан анализінде гипергликемия гиперкетонемия, ацидоз, ал зәрде қант, кетонды денелер анықталады.
Жедел көмек: кома алды және кома кезінде науқас ауруханаға жатқызылады. Ем дегиротация мен зат алмасу жақсартуға бағытталады. Емнің алғашқы сағаттарында көктамырға 0,1 ЕД/кг/ч инсулиндіә 150- 300 те изотноикалық ертіндімен струйно жіберу, асқазанды 5 %натрий гидрокарбонатпен жуу, қуықты катетрлеу, окисгенотерапия жүргізу, науқасты жылыту. Изотноикалық натрий еретіндісін алғашқұы сағатта 20 ме/кг салмаққа салады. Системаға аскорбин қышқылы ККБ, гепарин қосады. Келесі тұзды ерітінділерді құяды. Инфузионды ертінділерден – Рингер ертіндісі, 5-10% глюкоза, «Клосоль», «Ацесоль», «Дисоль» қолданады, күнінен 50-150 мл/кг, алғашқы 6 сағат ішінде барлығы 50% сұйықтық енгізеді. Емді қандағы қат мөлшерін бақылау арқылы жүргізу керек. Науқастарға сарысу, реополиглюкин, гемодез, 4% натрий гидрокарбонат, трисамин, кальций, хлорид, панангин құяды. Зат алмасу мен қышқылдықты қалыптастыру үшін В5, В6, С – витаминдері АТФ салады. Симптоматикалық ем. Асқынуларды аолдын – алу үшін антибиотиктер қолданады. Ең басты – диетатерапия команың алғашқы кезеңдерінде тек ерітінделер мен сұйықтықтарды көктамырға енгізеді. Жағдайы жақсарса тәтті чай, жеміс – жидек шырындары, компот, кисель, сітілі минералдар, су ішуге рұқсат етеді. 2-күні диетаға ботқаларды жеміс – жидек пюресін, көжелерді, кефир, нан қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |