Комалардағы жедел жәрдем. Гипергликемиялық комада: а) тез инсулин егу – алдымен тәуліктік дозаның 1/2 немесе 1/3 бөлігіы көк тамырға шапшытып (струйно), одан кейін 3 сағаттың ішінде тағы 1/3 бөлігін көк тамырға тамшылата дегидратациялық сүйықтықгармен бірге, қалған 1/3 дозаны тері астына. Одан әрі инсулиннің дозасы қан-дағы және зәрдегі қант мөлшеріне сәйкес тері астына әрбір 4-6 сағат сайын егіледі. б) дегидратациямен күрес: көк тамырға тамшылатып сұйықтықтар енгізу – 0,9% физиологиялық ерітінді, Рингер-Локк ертіндісі, 5% глюкоза ерітіндісін; в) витаминдер комплексі; г) қүсу кезінде – аскдзанды және ішекті шаю; симптомдық ем жүргізу (жағдайына сәйкес).
Гипогликемиялық комада: жедел жәрдем команың дәрежесіне қарай жүргізіледі. а) жеңілдеу түрінде (бала есін жоғалтпаған) тез сіңетін, қантқа бай тағамдар, тәттілер жегізу – тәтті шәй, кисель, компот, әсел, ботқалар, ақнан т.б.) ауыр түрлерінде – көк тамырға 20-40% глюкоза ерітіндісін шапшыта немесе 5-10% тамшылата егу (комадан шыққанша), ылғалдатылған оттегін беру, қан қысымын көтеретін дәрілер егу.
"Д" бақылау. Қантты диабетпен ауыратын балалар диспансерлік есепке алынып, эндокринолог және педиатрдың бақылауында болуы керек. Сонымен катар, жылына 1 рет оку-лист, невропатолог, дәрігерлердің консультациясьшан өтіп тұрады, тексеруден өтіп, асқынулардың алдын алып түру керек.
Алдын алу. Қауіп-қатер тобындағы балалар (семьяда қантты диабетпен ауыратын адам болса) бақылауға алынып, эндокринологтың тексерісінен жылына 2 рет өтіп тұруы қажет. Балаларды жұқпалы вирусты аурулардан сақтандыру, баланың рационында қант мөлшерінің нормадан аспауын қадағалау керек.
Прогноз. Қантты диабеттен толықай ығып кету өте сирек болады. Дұрыс ем, диета, режим сақгау арқылы клиникалық-лабораториялық ремиссияға жеткізуге болады.
Гипотиреоз Гипотиреоз– қалқанша бездерінің гормоны тироксиннің жетіспеушілігімен немесе мүлде бөлінбеуімен сипатталатын ауру. Бұл ауру барлық жастағы балаларда кездеседі. Гипотиреоздың 2 түрі бар: туа пайда болған және жүре пайда болған. Туа пайда болған гипотиреоз қалқанша безінің өсіп дамуымен байланысты, тироксиннің мүлде бөлінбеу салдарынан туындайды. Жүре пайда болған гипотиреоз қалқанша безіне әртүрлі жұқпалы аурулардың және басқада зиянды әсерлерден гормонның азаюынан болады.