Дәріс №9 тақырыбы: Зәр түзу және зәр шығару, эндокринді мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Пиелонефрит. Гломерулонефрит. Қант диабетінің балаларда өту ерекшеліктері. ДӘрістің жоспары


Патогенез. Тиреоидты гормондардың азаюы зат алмасуының барлық түрлерінің бүзылуына әкеледі. Клиника



бет8/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,63 Kb.
#79709
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
9 педиатрия

Патогенез. Тиреоидты гормондардың азаюы зат алмасуының барлық түрлерінің бүзылуына әкеледі.
Клиника. Туа пайда болған гипотиреоз микседема деп те аталады. Аурудың бүл түрі ауырырақ өтеді, емделуі де қиындау болады. Клиникалық белгілері бала туа салысымен білінеді: бала мерзімінен асып, үлкен салмақпен туылады, физиологиялық сарғаю, кіндік қалдығының түсуі кешірек байкалады. Баланың кеңсірігі жалпақ, Көздері алшақ орналасқан, қысық, тілі де жалпақ, қарны үлкен, кіндік жарығы жиі байқалады. Жүрек тарапынан брадикардия, жүрек тондарының әлсіреуі, кан қысымының темендеуі анықгалады. Бала өсе келе оның физикалық және психикалық дамуы артта қалады. Негізгі белгілердің біріне сүйек қатаюының кешеуілдеуін жатқызуға болады: баланың тісі кеш шығады, үлкен еңбегі кеш жабылады. Жүре пайда болған гипотиреоз белгілері жоғарыда аталған себептерден кейін, кәбіне струмэктомиядан кейін пайда болады. Баланың жалпы жағдайы микседемаға қарағанда жеңілірек, баланың бет-бейнесі өзгереді: беті ісінеді, қимылдары азаяды, іші жиі жүрмей қалады, еске сақтау қабілеті төмендейді. Қанда: гиперхолестеринемия, гипергаммаглобулинемия, гипойодемия, тироксин мөлшері азаяды.
Диагноз қою. Гипотиреозға диагноз қою үшін оны үқсас аурулардан ажырата білу керек: микседеманы Даун ауруынан, хондродистрофиядан, рахит ауруынан. Диагнозды анықтау үшін сонымен қатар аналиезіне, лабораториялық тексерістер нәтижелеріне де сүйенеміз.
Емдеу. Балаға жетіспей түрған қалқанша безінің гормондары тироксин, тиреоидин, тиреотом, тиреокомб және трий-одтиронин тағайындалып, дозасы, үзақтығы қандағы мөлшеріне қарап анықталып түрады. Нерв жүйесінің жұмысын жақсартатын препараттар: глютамин қышқылы 0,15-0,3 г күніне 2 рет 2-3 ай бойы, аминолон 0,25 2-6 айға, церебролизин бұлшықетке бала жасына сәйкес дозада, витамин В12 күн ара бұлшық етке 7-10 күн бойы егіледі. Массаж емдік гимнастика тағайындалып, жүргізіледі.


Тиреотоксикоз
Тиреотоксикоз (гипертиреоз, Базедов ауруы) немесе токсикалықзоб ауруы қалқанша бездерінің гормоны тироксиннің көбейіп, организмді уландыру белгілерімен сипатталатын ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет