Дәріс №9 тақырыбы: Зәр түзу және зәр шығару, эндокринді мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Пиелонефрит. Гломерулонефрит. Қант диабетінің балаларда өту ерекшеліктері. ДӘрістің жоспары



бет5/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,63 Kb.
#79709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қант диабеті
Қант диабетінің 2 түрі бар: инсулинге тәуелді және инсулинге тәуелді емес. Балаларда көбінесе инсулинге тәуелді түрі кездеседі. Қантты диабет – ұйқы безінің бета клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен байланысты зат алмасуының, әсіресе көмірсуларының алмасуының, бүзылуымен сипатталатын созылмалы ішкі секреция безінің ауруы. Барлық ішкі секреция бездерінің ауруларының ішінде балаларда қантты диабет ең жиі кездесетін түрі. Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы балаларда жиірек байқалады.
Себептері:
1. Түқым куалаушылық(60%).
2. Вирустармен шақырылатын балалардың жұқпалы ауру-лары: қызылша, қызамық, жел шешек, түмау т.б. әсері.
3. Көмірсулар мен майларға бай, тәтгі тағамдарды калыптан тыс көп қолдану.
4. Психикалық, физикалықстрестердіңсалдары. Патогенез. Организмде қалыпты жағдайда инсулинкөмірсуларының алмасуын, қанттардың сіңірілуін ретгейді. Қантты диабетте ұйқы безінің инсулинді аз мөлшерде шығаруымен байланысты бұл процесс бұзылады: көмірсулары толық сіңірілмей қандағы қанттың мөлшері жоғарылайды (гипергликемия), кемірсуларының майға айналу процессі аяқталмағандықтан қанда жартылай қорытылған – кетонды дене-лер көбейеді (кетонемия). Ңормадағы қандағы қанттың мөлшері – 5,5 ммоль/л, кетондар – 0,05 – 0,1 г/л дейін болады. Қандағы қанттың мөлшері 11,1 ммоль/л-ден асса қант зәрде анықтала бастайды (нормада зөрде қант анық-талмайды) – глюкозурия.
Қантты диабеттің балалардағы ерекшеліктері: Ауру жедел, белсенді түрде басталады. Кантты диабет балаларда ауыр түрде өтеді. Аурудың асқынулары жиі кездеседі.
Клиника. Кднтты диабетке тән алғашқы пайда болатын белгілер: полидипсия – қатты шөлдеу (төулігіне 3-4 лдейін сұйықтық ішеді). Полиурия – жиі және көп мөлшерде зәр бөлу (3 л дейін). Зәр ақшыл түсті, қант араласусалдарынан тығыздығы жоғарьшайды, полиурияның салдарынан никтурия және э н у р е з байқалады. Баланыңтәбеті жоғарылайды, көп тамақ жейді – полифагия, бірақ соған қарамай бала салмақ қоспайды. Бүл белгілер негізгі белгілер триадасы, одан басқа белгілер: тері қабаты қүрғап, қышиды, шаш арасында және бетінің үшында экссудативті диатез ауруындағыдай өзгерістер пайда болады. Тері қабатының, жалпы организмнің қорғаныш күштері төмендейді. Сондықтан, жиі фурункулез, пиодермия т.б. ұзақ уақыт жазылмай жүретін ірінді аурулармен асқынады. Кішкентай балаларда зәрде кант пайда болуымен байланысты, жөргектеріның крахмалдап қойған сияқгы қатаюы байқалады.
Қан тамырларында ерте склероздық өзгерістер анықталады: бас миының қан тамырларының склерозға үшырауымен байланысты бала тез шаршағыш, үмытшақ болады. Көз та-мырларының склерозы салдарынан – м и о п и я байқалады. Бүйректе – созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, жүректегі өзгерістер – жүрек тондары әлсірейді, жүрек шекарасы ұлғайып, шу естіледі. Қанда қант мөлшері жоғарылайды 16,65 ммоль/л дейін (комаларда одан да жоғары), гиперкетонемия, гаперхолестеринемия. Зәрде – глюкозурия, ацетонурия байқалады, зәр тығыздығы 1030-дан жоғарылайды.
Асқынулары:
1. Аурумен тікелей байланысты асқынулар: гипергликемиялық диабеттік кома, гипогликемиялық кома, диабеттік ; ангиопатиялар (ретино, нефро, нейро, артро, гастро, гепато, кардиопатия).
2. Осы аурумен байланысты емес, қорғаныш күштерінің төмендігімен, инфекция қосылуымен байланысты асқынулар: тері қабатының іріңді аурулары, стоматиттер, вульвова-гинит, пиелонефрит т.б. аурулар туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет