Дәріс №9 тақырыбы: Зәр түзу және зәр шығару, эндокринді мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Пиелонефрит. Гломерулонефрит. Қант диабетінің балаларда өту ерекшеліктері. ДӘрістің жоспары



бет6/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,63 Kb.
#79709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Гипергликемиялық кома. Себептері: диагноз дер кезінде анықталмай қалу; инсулин тағайындаудағы қателіктер; дие-таны сақгамау (тәтті және майлы тағамдарды көп жеу); басқа аурулардың қосымша болуы; психдкалық, физикалық стрес-стер. Алдымен прекома белгілері білінеді: полвдипсия, полиурия әлсіздік, енжарлық, бас ауыру, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнып, құсу. Осы мерзімде балаға жедел көмек көрсетілмесе, бала комаға түседі – есін жоғалтады, көздің қарашығы кішірейеді, рефлекстері әлсірейді, тері қабаты көгіс тартады, бұлшық ет тонусы төмендейді. Куссмауль типті дем алысы пайда болады, тахикардия, жоғары гипергликемия, глюкозурия, баланың аузынан ацетон иісі шығып тұрады.
Гипогликемиялык, кома. Себептері: организмге тағам арқылы қант аз мөлшерде түсу, инсулиннің дозасының артып кетуі, инсулин алғаннан кейін немесе ашқарынға организмге көп күш түсу.
Гипогликемиялық кома тез басталады: бала катгы әлсіреп, терлеп кетеді, қатты қарны ашады, тахикардия, қан қысымы төмендейді, есін жоғалтып күрысып-тырысу байкалады. Канда гипогликемия – кант мөлшері 5,5 ммоль/л-ден төмен анық-талады.
Диагноз қою үшін мүқият анамнез жинау; диабетке тән клиникалық белгілеріне, қанда гипергликемия, зәрде глюкозурия байқалуына, зәрдің меншікті салмағының жоғарылауына көңіл аудару қажет. Қандағы қант мөлшерін тез анықгау үшін индикаторлық жолақ қағаздар – "Декстонал", "Декст-ростикс", "Глюкопрофиль", ал зәрдегі қантгы анықгауга "Глюкотест", "Мультистикс", зәрдегі кетонды денелерді анықтаута "Кетостикс" қолданған ыңғайлы. Олар жоқболған жағдайда қант мөлшері кәдімгі лабораториялық әдістермен анықталады.
Емдеу.
1. Диетотерапия – тамақкүнарлы болумен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қанттардың мөлшерін шектеу қажет, тамақгандыру жиілігі тәулігіне 5-6 рет. Баланың рационында көбірек қанты аз көкөністер, сүлы, қарақұмық жармалары, сүт тағамдары жеткілікті болу қажет. Ет, балық, жүмыртқа шектелмейді, бірақ ет семіз болмағаны дүрыс. Белок мөлшері де шектелмейді.
2. Күн тәртібі (режим) – қантты диабетпен ауыратын мектеп жасындағы бала дене шынықгыру сабағында арнайы топка қатысады. Бала, әсіресе, инсулин алғаннан кейін және ашқарынға көп энергия жұмсалатын қимылдар жасамау керек.
3. Инсулинмен емдеу – жетіспейтін инсулиннің мөлшерін сыртган енгізу. Инсулин препаратының әсер ету үзақгығына байланысты 3 түрі бар: а) қысқа әрекетті инсулиндер – жәй инсулин, суинсулин (шошқа инсулині), актрапид, инсулрап, хоморап, т.б. әсер ету ұзақтығы 8 сағат.; б) ұзартылған әрекетті инсулиндер – суспензия цинк инсулин аморфты немесе инсулин семиленте, инсулин В, инсулонг, хомофан т.б. – әре-кет үзақтығы – 10–14 сағат; в) үзақ әрекетті инсулиндер – суспензия цинк инсулин кристалды (ультраленте), ультралонг, ультратард – әрекет ұзақтығы 24-36 сағат.
4. Сонымен қатар, сульфаниламидті препараттар – диабинез, букарбан, диабетон және бигуанидтер – фенформин, адебид, глюкофаг та тағайындалады. Инсулиннің тәуліктік қажетті дозасын қант – зәр эквиваленті бойынша анықтауға болады, яғни тәуліктік зәрмен бөлініп шықкан кант мөлшеріне қарап есептеп табылады. Ол үшін біз әр бірлік инсулин организмде 5 г қантты сіңіру үшін жұмсалатынын ескереміз. Мысалы: бала тәулігіне зәрмен бірге 60 г қант жоғалтатынын білсек, оған тәулігіне 60:5 = 12 бірлік инсулин қажет екенін таба аламыз.
Табылған инсулиннің тәуліктік дозасын 3 немесе 2 ретсе бөліп салу керек. Осы кезде инсулин егудің тағы бір ерекшелігі – тәуліктің әр мезгілінде инсулинге қажеттілік әртүрлі болуымен байланысты, яғни қант зәрдің барлық порциясымен тәулік бойында бірдей мөлшерде шығарьшмауымен байланысты, инсулиннің таңертең, түсте, кешке тағайындалатын дозалары да әртүрлі болады. Атап айтсақ, инсулиннің барлық тәуліктік дозасының ең кеп бөлігі таңертеңгі, одан кейінгі дозасы түскі, ең аз мөлшері кешкі тамақтың алдында 30 минут бұрын тері астына егіледі. Сонымен қатар инсулин егу ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. Әр еккенде егу орны алмастырылып отырады.
2. Егер алдында препаратгы дене температурасына дейін жылыту қажет.
3. Ине үшкір болғаны жөн.
4. Препарат жай егілу қажет.
Инсулиннен басқа витаминдер комплексі, қорғаныш күштерін артгыратын дәрілер, кейде анаболикалық гормондар және симптомдық ем жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет