Дәріс №9 тақырыбы: Зәр түзу және зәр шығару, эндокринді мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Пиелонефрит. Гломерулонефрит. Қант диабетінің балаларда өту ерекшеліктері. ДӘрістің жоспары



бет4/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,63 Kb.
#79709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Прогноз – балалар өлімі пиелонефриттен кейін өте сирек. Толық жазылып кету де сирек болады, көбінесе дүрыс ем жүргізу арқылы толық клиникалық – лабораториялық ремиссияға жеткізе аламыз.
Профилактика.
1. Баланың жеке басыньщ тазалығын катаң сақгау, әсіресе кішкентай қыз балалардың.
2. Баланыңжалпы қорғаныш күштерін арттыру.
3. Өткір іш ауруларының, гельминтоздардың алдын алу.
4. Созылмалы ауру ошақгарын емдеп, сауықтыру.
5. Өткір пиелонефриттерден сауықгыру, дүрыс дер кезінде ем жүргізу.


Гломерулонефрит
Гломерунефрит (ГН) – бүйрек шумақтарын зақымдайтын иммунды қабыну. Көбінесе 7-12 жас аралығындағы балалар жиі ауырады.
Этиология және патогенез: аурудың қоздырғышы А тобының В гемолитикалық стрептокок, әдетте ГН 2-3 аптадан соң баспадан немесе стрептококты инфекциядан, созылмалы тонзимит пен скаритонадан кейін дамиды. Кейде пневмания, тұмау, ОРВ – аурулардың маңызы бар. Сирек тамақ аллергендерден, суық тиюден болуы мүмкін. Ауру антиген – антидене комплекстің дамуына пайда болады. Бұлар бүйректің шумақтарында қонып, тамыр қабырғаларын зақымдап, ДВС – синдромға әкеп соғады.
Клиникалық белгілер: аурудың клиниалық ағымында зәрдегі өзгерістер, ісікті және гипертензионды синдромдарды ажыратады. Зәр синдромы - зәр шығарудың бұзылуы мен зәрде патологиялық өзгерістермен сипатталады. Тәуліктік көлемі азаяды. Зәр тығыздығы жоғары 1030-1040, жедел гломерулонефритке зәрде эритроцит белок және цилиндр пайда болуы тән. Гематурия белсенділігі әр түрлі болады: микрогематуриядан макрогематурияға дейін: мұнда зәр «ет жуындысынан» «қою шай» түске дейін өзгереді. Протеинурия дәрежесі де әр түрлі. Зәрде де төмен молекулярлы белокпен қоса, жоғарғы молекулярлық глобулиндер болуы мүмкін. Зәр қалдығында лейкоциттер саны жоғары болады. Лейкоциттер аурудың жиі әрі ерте белгілердің бірі – ісік синдромы. Ісіктердің анығы әр түрлі болады - өте үлкен көлемнен жасырынға дейін болуы мүмкін. Ісіктер алдымен таңертең, сосын қабақпен көз астында, кейін дене мен аяқ қолдарға таралады. Емшек жастағы балаларға ісіктер жамбас пен бел аймағында болады. Ауыр түрде сұйықтық серозды қуыстарға жиналуы мүмкін. Гипертензиялы синдромда – науқаста қан қысымы (систолалық та, диастолалық жоғары) жоғарылайды, бас ауырады, құсу, лоқсу болады. Жүрек тондары тынықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Брадикардия жиі болады. Жедел ГН-нің клиникалық көріністе келесі синдромдар болуы мүмкін: 1) нефритикалық; 2) нефротикалық; 3) гематурия мен гипертензиясы бар нефротикалық түрі.
Нефротикалық түрде – зәрде өзгерістер болады. Ісік және гипертензионды синдромдар әлсіз облады. Нефротикалық түрде – жайылған ісік синдроммен, жоғары протеинуриямен, гипо және диспротеисиямен, гипермепидемиямен сипатталады. Жеке зәр синдром бүйректен тыс өзгерістермен өтеді. Ең ауыр түрі – ол гематурия мен гипертензиясы бар нефротикалық түрі. Мұнда үнемі ісік пен жоғары қан қысым тән, гематурия, протеинурия. ГН-нің жедел ағымды
(6 айға дейін), созылған түрі (1 жасқа дейін) болады. Аурудың ұзақтығы 1 жылдан асса, оны созылмалы түрге жатқызады. Созылмалы гломерулонефриттің клинико – лабораторлы өзгерістердің пайда болуына байланысты 3-түрге бөледі: гематуриялық, нефротикалық және аралас. Гематуриялық формада макрогематурия немесе үемі макрогемотурия болады. Протеинурия аздау қан қысымы қалыпты, ісіктер аз немесе жоқ. Бүйрек жұмысы ұзақ уақыт өзгеріссіз тұрады. Нефротикалық формада – протеинурия өте жоғары, диффузды ісіктер болады. Гематурия аз кейде ғана байқалады. Ауру «толқын тәрізді» ағынмен өтеді. Бүйректердің қызметі ұзақ сақталынады. Аралас формаға – гипертензия мен гематуриясы бар нефротикалық синдром тән. Ауру қалыпты ағыммен өтеді, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ерте дамиды. Жедел ГН перифериялық қанда лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ – жоғары болады. Жедел ГН-нің ауру ағымында жедел бүйрек немесе жедел жүрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Созылмалы ГН-де созылмалы бүйрек және жүрек жетіспеушілігі, энцефалопатия дамиды.
Емі: жедел ГН және созылмалы ГН-нің өрлеу кезеңінде міндетті түрде ауруханаға жатады. Жедел кезеңінде төсек режимі тағайындалады – 4-6 аптаға науқасты көлденең жатқызады, бұл жағдай бүйректегі тамырларды кеңейтіп бүрек қан айналымын жақсартады. Ісік қайтып, қан қысымы түсіп, зәр құрамы жақсарса, баланы жартылай төсек режимге ауыстырады. Емде арнайы ақуыз, тұз, мөлшерлі түрде сұйықтығы бар диета қолданады. Тәуліктік енгізетін сұйықтық өткен күннің диурезіне сәйкес болу керек, орта есеппен 300 мл 3-7 күндер бойы №7 а – диета көрсетіледі. Үлкен дозалық гормондар алып жүрген балаларға диета 10 күнге созылады. №7 б диетаның 1 айдан соң тағайындайды. №7 столды науқас ұзақ 1 жылдай алады. ГН-ді ұзақ емдеу үшін бүйрек ағымын жақсартатын препараттар (курантил, трентал), антикоагулянттар (гепарин), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (вольтарен, ортофен), ауыр ағымды ауруда - кортикостероидты препараттар, иммунодепрессанттармен цитостатиктер қолданады. Егер жедел ГН стрептококты инфекциядан немесе созылмалы ошақты инфекцияға байланысы пайда болғаны дәлелденсе, онда антибиотиктер енгізеді. Көбінесе пенициллин тобы береді. Мақсатты түрде антигистаминді препаттар, кальций глюконаты ВС – тобының витаминдері береді. Егер анық ісік синдром мен олигурия болса, онда диуретиктер қолданады (фуросемид, гипотиазид, верошпирон). Гипотензивті дәрілер ретінде резерпин, раунатин қолдануға болады, немесе жақсы нәтиже допегит береді. Физиотерапиядан мың жапырақ, арпа, жоңышқа, және т.б. қолданады. Созылмалы инфекция ошақтардың санациясы жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет