Дәріс №9 тақырыбы: Зәр түзу және зәр шығару, эндокринді мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Пиелонефрит. Гломерулонефрит. Қант диабетінің балаларда өту ерекшеліктері. ДӘрістің жоспары


Нефрология науқастармен аяжанның жұмыс істеу ерекшеліктері



бет3/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,63 Kb.
#79709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
9 педиатрия

Нефрология науқастармен аяжанның жұмыс істеу ерекшеліктері:
Аяжан: 1) науқастың тамаұқтануына, тамақ берілуге, балалар мен ата – аналармен диетаны қатаң сақтау туралы әңгімелер жүргіуге міндетті; 2) тәуліктік диурез бен ішкен сұйықтықтың мөлшеріне тіркеу жасайды; науқатардың жасырын ісікті уақытында анықау үшін салмағын өлшейді; 3) зәрге барудың бұзылыстарын анықтайды, (жиілеуі, қиындықпен шықпауы). Зәр сыртқы көрінісіне мөлдірлігіне, қанның болуын көңіл бөледі; 4) жалпы зәр анализі Зимницкий байқауына зәрді ортаға себуге бақылау жүргізу керек. 5) зәр шығару жүйесі мен науқастарды арнайы рентгенологиялық зерттеуге дайындайды (екі сағат қалғанда тазалау, клизма, арнайы диета ұсталып, «7» бар контраст затты көктамырға енгізеді); 6) ойылудың алдын – алады, тері және сыртқы тыныс мүшелердің тазалығына жауап береді (уақытында ваннаға түсу, төсек жаймаларын ауыстыру). Науқастың ішек жұмысын бақылайды. 7) зәр шықпағанда, бүйрек коликасында көмек көрсете алу керек.


Созылмалы пиелонефрит
Себептері: өткір пиелонефритті дұрыс, уақытында емдемеу; баланың қорғаныш күштерінің төмендеуі, емделмеген цистит, вульвовагиниттер, уростаз.
Клиникасы – ремиссия кезінде клиникалық белгілері баланың жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен білінеді: тез шаршағыштық, басы ауырып, тәбеті төмендеу, тері қабатының бозаруы т.б. Қайталану кезінде – температура көтерілу, дизуриялықбелгілер, қанда және зәрде пиелонефритке тән өзгерістер анықталады, бірақ өткір пиелонефритке қарағанда әлсіздеу білінеді.
Диагноз қою. Өткір және созылмалы пиелонефритке диагноз қою үшін: анамнезге, клиникалық белгілеріне, лабораториялық тексерістер мен инструментальды тексерістерге сүйенеміз.
Пиелонефритті өткір және созылмалы гломерулонефриттен ажырату үшін әрқайсысына тән белгілер мен ортақ белгілерді ескеру қажет. Зәр анализінде пиелонефритке тән бактериурия, лейкоцитурия болса, гломерулонефритте зәрдегі басым өзгерістер – протеинурия, цилиндрурия, макрогематурия болатынын ескеру қажет. Зәрдің функциональды тексерістері – Нечипоренко, Зимницкий әдістерімен тексеру жүргізіледі. Диагноз қоюға қанның жалпы және биохимиялық тексерістері жүргізіледі. Биохимиялық тексеріс арқылы қалдық азот пен мочевина мөлшері, ал зәрді бактериологиялық зерттеу арқылы бактериурия бар екені анықталады.
Инструментальды тексерістер (экскреторлы урография, пиелоскопия, цистоурография) арқылы бүйрек түбектері мен зәр шығару жолдарындағы патологиялық өзгерістерді анықтай аламыз.
Емдеу.
1. Төсек режимі температура түскенше, дизуриялық белгілер басылғанша тағайындалады. Басқа уақытта бала көбірек қимылдап, жүріп, зәрдің бөлінуіне жеңілдік жасағаны дұрыс.
2. Диета – алғашқыда N7, кейіннен N5 стол тағайында-лады, көбірек кекөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдарынан тұру керек. Дезинтоксикация және зәр бөлінуін жақсарту үшін сүйыктықтар шектелмейді, кеңінен тағайындалады. Ал ащы, куырылған, майлы, экстрактивті тағамдар шектеледі.
3. Дәрілерден негізінен инфекцияға қарсы препараттар қодданылады: антибиотиктер, мүмкін болса, сезімталдығынанықгап барып, өткір пиелонефритте 10-14 күнге – жарты-лай синтетикалық пенициллиндер, аминогликозидтер мен цефалоспориңдер тобы беріледі, одан кейін баланың жағдайына қарай тағы 6-8 апта бойы алмастыра отырып, нитрофурандар (фурагин, фурадонин, фуразолин), нафтиридин пре-параггарымен (неграм, невиграмон, налидиксин, 5-НОК) ем жалғастырылады. Созылмалы пиелонефритте антибиотиктер және басқа уросептиктермен емдеу ұзақтығы 6-9 айдан кем болмау керек.
4. Витаминдер комплексі тағайындалады.
5. Пиелонефриттің емінде әртүрлі дәрілік шөп қайнатпалары кеңінен қолданылады – зверобой, шалфей, толокнянка, подорожник, крапива, шиповник, жүгерінің шашағы т.б.
Ауырған бала өткір пиелонефриттен кейін 3 жылға, созылмалы пиелонефритте жасөспірімдер тобына өткізгенше "Д" есепке алынып, нефрологтың, педиатрдъң бақылауында болуы кажет. Осы мерзімде баланың зәрін жалпы тексеріске және әр 3 ай сайын Нечипоренко, Каковский – Аддис әдістері бойынша тексеріп түру қажет.
Клиникалық – лабораториялық ремиссия кезінде баланы– Трускавец, Железноводск, Қырым жағалауындағы санаторий курорттарға жіберуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет