Аурудың морфогенезі 2 сатыдан күралады. 1.Бауырдың сары атрофия сатысы. Әуелгі кезде бауыр біраз көлемде үлкейеді, болбыр жұмсак болады, гепатоциттерге липидтер мен билирубин жинақталуымен байланысты түсі сарғаяды, одан әрі тіннін некрозы дамиды және 2-ші аптанын соңында бауыр мөлшері кішірейе бастайды. 2. Бауырдың қызыл атрофия сатысы. Некроздық детрит макро- фагтар көмегімен сорылады, бауыр арқауы семеді. Осы жайда синусоидтар канға толады. Бауыр көлемі мәнді кішірейеді, болбыр жұмсак және қызарады. Бұл аурудың 3-ші апта соңында болады.
Асқыну. Дерттің дамуымен байланысты паренхиматозды сарғаю пайда болады, теріде көптеген қанқұйылу байқалады, сондай- ак қан кұйылу сілемейлік және сірнелік қабықтарда байқалады, бүйректерде, ұйкы безінде, жүректе, жүйке жүйесінде ауыр дистрофиялық және некроздык өзгерістер пайда болады.
Аяқталуы. Аурулар үдей дамыған бауырлық жетіспеушіліктен немесе бауыр-бүйректік жетіспеушіліктен өледі. Егер жазылып кеткеннің өзінде, процесс созылмалы ағымға айналады, некрозға ұшырған тіндер орнына дәнекер тін жайылып өседі, сөйтігі постнекроздык бауыр циррозы калыптасады.
ГЕПАТОЗДАР:-Гепатоздар — негізінен бауыр ұлпасының дистрофиялык жэне некроздық өзгерістері болып келетін бауыр ауруларының тобы. Гепагоздар жедел жэне созылмалы болып өтеді.
СОЗЫЛМАЛЫ ГЕПАТОЗДАР:-Бүл аурулар тобының ішінде ең жиі дамитыны майлы гепатоз, оз сипатталады көрнекті майлы дистрофиямен жэне гепатоциттер некрозы мен.
Себептері: интоксикациялану, соның ішінде алкогольдік, созылмалы гипоксия, соның ішінде ерекше жүрек-тамырлык жетіспеушілігімен байланысты созылмалы веналық іркіліс, кахек¬сия — генезі әр түрлі.
Аяқталуы. Коптеген жайларда гепатоздар кайтымды, интоксикация немесе гипоксиялар он шешілсе өзгерістер калпына келеді. Жарақаттаушы факторлар ұзақ эсер етсе бауыр циррозы дамуы мүмкін.
Бауырлық алкогольдік аурулар;-Бауырлық алкогольдік аурулар ол көп жылға созылған алкогольдіқ интоксикациядан дамиды жэне майлы гепатоздан, алкогольдық гепатиттен жэне бауыр циррозынан құралады.
Майлы гепатоз — бауыр жарақатынын бастапқы кезеңі, гепатоциттердің көрнекті майлы дистрофиясының дамуымен сипатталады. Бауыр сары түсті майбалшық пішінді болады, консистенциясы босаң. Қызметі оның бұл жайда тәжірибелік түргыдан бұзылмаған. Алкогольді кабылдау токталса кері көрінстер жойылады. Маскүнемдік жалғасса этанольдың ұзақ әсер ету нәтижесінде тамырлар кабырғаларында көрнекті склелероз, әсіресе микроайналымдық тамырларда склероз жүреді, бұл гипоксияны үдетеді, метаболдык бұзылыстар өз кезегінше гепатоциттердің майлы дистрофиясын өсіреді, оған нәруыздык дистрофия косылады. Аурудын тереңге кеткен сатысында Мэллори денешігі пайда болады, ол осы жайда алкогольдік гиалин атын алады. Бұлардан баска созылмалы алкогольдік интоксикацияда портальдық трактада және пересинусойдтық кеңістікте склероз өседі, коллогендік талшыктар орталыктык венулалар айналасында пайда болады.