Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары



бет12/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
СОЗЫЛМАЛЫ ГЕПАТИТ;- әдеттегідей жіті гепатиттің аяқталуымен дерттің жалғасуымен байланысты. Бұнда бауыр үлкейген, катайған, кесіп қарағанда түсі ала-құла. Созылмалы гепатитте қақпа венасы трактысында диффуздық кабыну инфильтрациясымен сипатталады, гепатоциттерде вокуольды немесе майлы дистрофия, бауыр тінінде үдеген ошактык некроз дамуы мүмкін және ағзада өскен склероз. Қазіргі жіктелу бойынша айырылады. 1. Созылмалы активтелмеген гепатит, онда қабыну портальдық трактыдан шықпайды. Оларда лимфогистоцитарлық инфиль¬трация, фиброз әлі көрнекті емес. Клиникалық көрінісі бұндай гепатиттің көрнекті емес, арнайы симптомсыз өтеді. 2. Созылмалы белсенді (активті) гепатит — портальдық аймақтан шыккан бауырдың кабынуы, өзіне бір тән бауырлық бөліктін некрозы, фиброзы және ішінара бауыр циррозы. Бунда бауырдың көлемі үлкейген, теріде тамырлык «жұлдызшалар-звездчатки» пайда болады, жеткілікті анық клиникалық симптомдары дамиды. Созылмалы гепатиттің асқынулары бауырлық жетіспеушілік және портальдық гипертензия.
ГЕПАТИТТЕР ТҮРЛЕРІ: Этиологиясы; гепатиттер этиологиясы жеткілікті көптүрлі болып келеді; әр түрлі қоздырғыштар, гильменттер. Көптеген ауруларда екіншілік реактивті гепатит қалыптасады. Дегенмен соңғы он жылдықта вирустык гепатит біріншілік мән алды.
Вирустық гепатиттер — бауырдың ең бір кен тараған ауруы. Ол жалпы вирустык аурулардын көбеюімен, гемотрансфузияның медицинада кең қолданылуынан, сонымен бірге стерилденбеген бір не басқа шприцтерді пайдаланатын наркомандардың саныньщ көбеюімен байланысты, олар наркотиктерді вена ішіне жібереді.
Этиологиясы. Вирустық гепатит дамуы адам ағзасының гепатотропты вирустармен кездесуінен басталады, олар А, В, С, D, Е, F, G штаммалар, сиректеу басқалары да бар, виремия болған күнде бауырды жарақаттайды: цитомегаловирус, герпес вирусы және т.б. Вирустық гепатиттер жүру ағымы жедел, соның ішінде жай түскендей-молниносные және созылмалы болып келеді.
ВирустықА гепатит әлбетте тез өтеді. Бұл дертті бірінші болып өз отанының ірі терапевтісі С.П. Боткин көрнектеп жазған, сондықтан оның екінші аты — Боткин дерті. Дерттің берілуі бір аурудан сау адамға — фекальды-оральдық, яғни ластанған астан, тамақтық заттар, ластанған қолдар. Ағзаға түскен вирус, ішектің лимфа түйініне түседі, онан кейін канға және қанмен бірге бауырға түседі. Иммундық жүйе реакциясының деңгейіне байланысты гепатоциттер некрозы дамиды немесе дамымайды. Иммундық қорғаныс жоғарғы деңгейде болса, вирус портальдық тракт аймағында болады, бауыр жасушаларында тек дистрофиялық өзгерістер оның қызметтерінің ауыр бұзылыстары жоқ, сондықтан аурудың сарғаюлық жоқ түрі дамиды. Егер вирус гепатоциттерге жетсе, онда баллондық-сулық дистрофия шақырады және бауырлық сарғаю дамиды. Бауыр көлемдік мөлшері үлкейеді, тамырлар гиперимиясынан және арқауы ісінумен байлаңысты қызарады. Некрозға түскен гепатоциттерде каогуляциялық некроз пайда болады, осындай гепа¬тоциттер Каунсилменның денешіктері деп аталады. Портальдық трактілерде және синусоидтарда лимфогистиоциттер инфилтрациясы көбейеді осы бір кезеңде бір мезгілде регенерация процесі басталады, олар бауыр паренхимасының калыпқа келуін шақырды, бірақ та кейбірде А гепатит бауыр циррозымен бітеді. Ауру өткеннен кейін вирусты алып жүрушілік сакталуы, ауру жаңадан дертті берутаратуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет