Дәріс аттестациялау



бет27/35
Дата27.11.2023
өлшемі387,6 Kb.
#128772
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35

Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады. Біліктілік санатын кезекті беру біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған кезде жалпы негізде жүргізіледі.

Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру

Бiлiктiлiк санатын мерзiмiнен бұрын беруге кезектi аттестаттаудан кейiн екi жыл өткен соң жол берiледi. Педагог мерзімінен бұрын аттестаттауға өтінішті осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен соңғы екі жылдан кем емес қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде береді.

Мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру

Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, Nazarbayev University түлектеріне, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасу кезінде жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кешіктірілмей біліктілік санатын беру рәсімінсіз Комиссия шешімімен "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өткізіледі.

Қалған педагогтар үшін біліктілік санатын беру тәртібі Қағиданың п.73-81 реттелінген.

Б) ПББ өткізу тәртібі

ПББ тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымға өтініш береді. ПББ өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын таңдайды.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ өткізудің операторы болып табылады. Біліктілік тестілеуі электрондық форматта өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет