Дәріс аттестациялау


Біліктілік санатын алуға үміткер немесе педагогтердің тізімдік құрамын ақпараттық жүйеде орналастырады



бет25/35
Дата27.11.2023
өлшемі387,6 Kb.
#128772
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
тема 7-8-1

Біліктілік санатын алуға үміткер немесе педагогтердің тізімдік құрамын ақпараттық жүйеде орналастырады.

Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы соңғы шешімді Комиссия қабылдайды.

Әрбір педагог бойынша Сараптама кеңесінің ұсынымдарын қарағаннан және алғаннан кейін Комиссия педагогтердің портфолиосын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;

2) өтініш берілген бір деңгейге төмен біліктілік санатына сәйкес келеді;

3) "педагог" біліктілік санатына сәйкес келеді (өтініш берілген біліктілік санаты сәйкес келмеген кезде);

4) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді.

"Өтініш берілген біліктілік санатына аттестаттаудан өтпеген" деген шешім қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде Комиссияның барлық мүшелері қол қойған шешімнің негіздемесімен бірге аттестатталған адамның электрондық поштасына немесе педагогтің цифрлық профиліне жазбаша хабарлама жібереді.

Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Аттестаттаудан сәтті өткен педагогтердің тізімі аттестаттауды өткізген мемлекеттік органның немесе білім беру ұйымының Интернет-ресурсында немесе ақпараттық жүйеде жарияланады.

Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:

- "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" ҚРДенсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде;

- жүктілікке және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет