Дәріс аттестациялау


Тестілеуді өткізу кезіндегі даулы мәселелерді шешу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияларды қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық



бет33/35
Дата27.11.2023
өлшемі387,6 Kb.
#128772
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Тестілеуді өткізу кезіндегі даулы мәселелерді шешу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияларды қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссияны құрады.

Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, мектепке дейінгі, орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.

Апелляциялық комиссия мүшелері тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.

Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылды құрайды.

Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:

1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеймін;

дұрыс жауап жоқ;

барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.

2) техникалық себептер бойынша:

тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы.

ПББ нәтижесі бір жылға жарамды деп есептелсін.

Қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезінде педагогке біліктілік санатын беру (растау) үшін оны кезекті аттестаттау кезінде өтініш берілген санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болса, біліктілік санаты мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді. Бұл біліктілік санаты аттестаттаудың келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог ПББ өткеннен кейін бастапқыда өтініш берілген біліктілік санаты бойынша аттестаттаудан өтеді.

Бейіні бойынша 30 және одан да көп жыл педагогикалық және өндірістік өтілі бар педагогтер жаңа жүйе бойынша берілген біліктілік санатын растаған кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет