кезеңі: Сабаққа алдын ала дайындық. Күнтізбелік жоспар негізгі жəне қосымша əдебиеттерді, əдістемелік жəне көркем шығармалар, педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
кезеңі: Пəн бойынша тақырыптық сабақ жоспарын жасау. Онда сабақтың білімдік, дамытушылық, тəрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, əдіс-тəсілдерін таңдау сабақ- тың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру.
Əдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың əдіс-тəсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді. Оқыту əдісін таңдау үлкен шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қорытындылау, жаңамен байланыстыру, жадыда бекітуге арналған жаттығулар мен педагогикалық есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау, жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін, ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне (педагогикалық ептілігі, икемділігі, шамамен сезе білуі, əдептілігі, тапқырлығы, мəдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым-қатынасы) байланысты шешілетін мəселелер. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнын жаңасы басуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын
емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үдерісінің жағдайын, нəтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кəсіптілігінің қалыптасуы жəне даму болашағының қажеттілігін анықтайтын əлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тəрбиелеу қызметтерінің əртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен əдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының
ерекшілігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына осы міндетті қойып отыр. Ол – өз жұмыс орнында жəне бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының (атқарушының) тұлғасын қалыптастыру. Оқу үдерісінің əдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады: В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованның оза оқыту, П.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, Л.В.Занковтың дамыта оқыту, Л.С.Выготскийдің жақын даму аймағы, т.б.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім – негізгі тұлға
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру – өте күрделі де ұзақ үдеріс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті əдіс- тəсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кəсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.
Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үдеріс. Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы.
Сабақ құрылымы қандай болса да оқушыға білім мен дағды беруді көздейді.
Мұғалім – сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту əдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық əрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мектепке бірінші керегі – мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама жəне оқулықтар керек», – деп дөп басып айтқан, өйткені оқыту ісінің сапасы осы – үш қажеттілікке байланысты. Əсіресе, мұғалім бағдарламаны, оқыту құралдарын, оқулықтарды, əдіс-тəсілдерді пайдаланып, оқушыларды біліммен қаруландырады. Олай болса, оқу-тəрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы – мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты.
Мұғалім ең алдымен, өз пəнінің оқу жоспарымен, педагогика жəне психология пəнінің бағдарламасымен танысып, бір жылға күнтізбелік жəне жұмыс жоспарын жасайды. Сонымен қатар əр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол тақырыптық жəне пəнаралық байланысты ғылым жаңалығын, алдыңғы қатарлы озат тəжірибені ескеріп, əр сабақтың мақсат- міндеттерін, оқу жадығатының, дербес жұмыстардың көлемін, оқыту əдістерін, көрнекі жəне техникалық құралдарын анықтайды. Мұғалім оқу жағдайын жан-жақты білу үшін негізгі жəне қосымша оқу құралдарын, ғылыми педагогикалық, əдістемелік, тарихи, көркем əдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алуы, сенімді мысалдарды, қызықтыратың
мəліметтерді таңдап алуы керек.
Мұғалім осылайша оқу жағдайын анықтап алып, сабақ жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды.
Ал, педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан əдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану
«пəнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту үдерісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды негізгі пəндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдануда:
«Мұғалім нені білу керек?»
қазіргі заманғы педагогикалық технология көмегімен шешілетін мəселені анықтай алуы;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану
арқылы алынатын нəтижелерді;
қазіргі заманғы педагогикалық технология мəнінен алынатын нəтижелердің теориялық негізін;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияда мұғалім
қолданылатын əдіс-тəсілдерді білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |