ДәРІС дәріс тақарабы: Зат алмасуға әсер ететін және іш өткізгіштік қасиеттері бар дәрілік өсімдіктер



бет10/14
Дата02.11.2022
өлшемі5,68 Mb.
#46856
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
8-9-10 дәріс Фитофармакология

Қазтабан - Лапчатка прямостоячая

Қазтабан - Лапчатка прямостоячая. Қызғылтгүлді тұқымдас өсімдіктер қатарына жатады. Жуан, қысқа тамырлы, көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамырының сырты қызыл-қошқыл, ал іші ақ-сарғыш түсті. Сабағы тік, биіктігі 50 сантиметрдей. Гүлдері бір-бірден орналасқан, сары түсті. Мамыр айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Жемісі-шілде-қыркүйек айларында піседі.

  • Қазтабан - Лапчатка прямостоячая. Қызғылтгүлді тұқымдас өсімдіктер қатарына жатады. Жуан, қысқа тамырлы, көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамырының сырты қызыл-қошқыл, ал іші ақ-сарғыш түсті. Сабағы тік, биіктігі 50 сантиметрдей. Гүлдері бір-бірден орналасқан, сары түсті. Мамыр айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Жемісі-шілде-қыркүйек айларында піседі.
  • Таралуы. Республикамызда орманды, шалғынды жерлерде, ашық алаңдарда, жайылымда өседі.
  • Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің тамырын күзде немесе көктемде қазып алып, жақсылап тазалап, ашық ауада, көлеңкелі жерде кептіреді. Дұрыс дайындалған шикізат 5 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды.
  • Химиялық қүрамында 14-31 % илік заттар, флавоноидтар, органикалық қышқылдар бар.

Қолданылуы. Шикізаттың илік, қан токтататын қасиеттері бар. Оны ауыз қуысы арқылы бергенде ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясы төмендейді. Жараға, кілегейлі қабыққа әсер етеді. Ас қорыту жүйесінің ағзалары қабынғанда; асқазан, ішек, жатырлардан қан кеткенде қолданады.

  • Қолданылуы. Шикізаттың илік, қан токтататын қасиеттері бар. Оны ауыз қуысы арқылы бергенде ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясы төмендейді. Жараға, кілегейлі қабыққа әсер етеді. Ас қорыту жүйесінің ағзалары қабынғанда; асқазан, ішек, жатырлардан қан кеткенде қолданады.
  • Брикет ретінде мал азығына қосып ірі қараға және жылқыға 20-40 г, ұсақ малдар мен шошқаға 5-15 г, торай, қозы және итке 1-3 г күніне 3 рет береді.
  • Қайнатпасын дайындау үшін бір брикеттің 2 бөлігін 1 стакан қайнаған суға салып, 30 минут қайнатады да, сүзіп алады. Сыртқы жараларға, күйіктерге, ылғалды экземаға, ауыз қуысының кілегейлі қабығына жағу, оларды жуу және компресс қою үшін қайнатпа 1:40 қатынасында дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет