Химиялық құрамында кант, минералды заттар, калий тұздары, фосфор, шамалы болса да ферменттер, каротин, витаминдер, люоцим, амин кышкылдары, аздаған май, аскорбин қышқылы және т.б. заттар болады. - Химиялық құрамында кант, минералды заттар, калий тұздары, фосфор, шамалы болса да ферменттер, каротин, витаминдер, люоцим, амин кышкылдары, аздаған май, аскорбин қышқылы және т.б. заттар болады.
- Қолданылуы. Азық ретінде қоян, шошқа, ірі қара өсіретін фермерлер жиі пайдаланады. Құрамындағы витамин асқазан жарасын жазатын витамин ретінде қолданылады. Ас қорыту ағзаларынын жұмысы бұзылған бұзауға, торайға, қазыға капустаның жапырақтары мен сөлі беріледі. Егер де оны антибиотиктермен, химиялық препараттармен кешенді түрде пайдаланса нәтижесі жоғары болады. Жас капустаның сөлін арнайы аппараттың көмегімен алып, жақсылап сүзіп дайыңдайды. Оны 36-40 сағаттан артық сақтауға болмайды, тез ашып, бұзылып кетеді. Бұзылмаған таза сөлді ауру бұзауға, қозыға сүт берерден 30-40 минут бұрын 100-120 мл мөлшерінде резеңке құмырамен ішкізу керек.
Кәдімгі ақбас жусан - Тысячелистник обыкновенный Кәдімгі ақбас жусан - Тысячелистник обыкновенный. Сабағының биікгігі 50-70 см, көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жерге көлбеу өседі. Сабағы түзу, бұтақшалары аз. Жапырақтары тілімденген, кезектесіп орналасады. Өсімдікті түгелімен түк басып тұрады. Гүлдері майда, ақшыл көк түсті, сабағының ұшында қол шатырға ұқсап орналасқан. Маусым-қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдеген кезде хош иісті болады. - Кәдімгі ақбас жусан - Тысячелистник обыкновенный. Сабағының биікгігі 50-70 см, көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жерге көлбеу өседі. Сабағы түзу, бұтақшалары аз. Жапырақтары тілімденген, кезектесіп орналасады. Өсімдікті түгелімен түк басып тұрады. Гүлдері майда, ақшыл көк түсті, сабағының ұшында қол шатырға ұқсап орналасқан. Маусым-қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдеген кезде хош иісті болады.
- Таралуы. Республикамыздың барлық аймақтарында жабайы бұталардың арасында, тастақты, құмды беткейлерде, жол бойларында, мал қораларының маңында, шабындықтарда, орман шетінде және егістік жерлерде өседі.
- Дәрілік шикізат ретінде сабағының жоғарғы бөлігі мен гүл тостағаншасы түгелдей жиналып алынады. Өсімдік әбден гүлдеп болған кезде орақпен орып алып, көлеңкеде жұқалап жайып кептіреді. Жақсы кепкен шикізатты бір-бір уыстан жіппен буып, құрғақ бөлмеде сақтайды. Дұрыс дайындалған шикізат екі жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |