Химиялық құрамында күрделі эфир майлары, азулен, ахилен алкалоиды, құмырсқа, сірке қышқылдары, валериан, аконит, аскорбин қышқылы, К,С витаминдері, минералды тұздар және фитонцидтер болады
Химиялық құрамындакүрделі эфир майлары, азулен, ахилен алкалоиды, құмырсқа, сірке қышқылдары, валериан, аконит, аскорбин қышқылы, К,С витаминдері, минералды тұздар және фитонцидтер болады.
Қолданылуы.Танаудан, өкпеден, асқазан-ішектерден, теріден қан аққанды тоқтату үшін ежелден қолданылып келе жатқан өсімдік. Ол асқазан-ішек бездерінің жұмысын жақсартады, іш өткенді тияды, қан ағуды тоқтатады. Төлдердің бұзылған ас қорыту процессін қалпына келтіру үшін қолданылады.
Шикізаттың тұнбасы 1:10 қатынасында жасалады. Ұнтақталған 100 г шикізат қайнап тұрған 1 литр суға салынып, 15-20 минут тұндырылады да, бұзауға 80-150 мл, құлынға 80-120 мл, қозыға 80-95 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.
Осы мақсатпен өсімдіктің спирттік тұнбасы да қолданылады. Ол үшін дайын шикізаттың 50 грамын 70º 200 мл спиртке салып, 7-8 тәулік ашытады. Бұзауға, құлынға бір ас қасық тұнба 100 мл суға араластырылып күніне 3 рет ал қозыға бір шай қасық тұнба күніне 3 рет ішкізіледі. Оны төлге сүт берерден 30-45 минут бұрын беру керек.

Ірі қара, қой, жылқының азыққа тәбетін ашу, іш кепкеңді басу, асқазан мен ішектердің жирылуын күшейту, іштен және жатырдан қан кеткенді тоқтату үшін ақбас жусан ұнтақталған күйінде жемшөпке қосылып малға төмендегі мөлшерде күніне үш рет беріледі: жылқыға 10-25 г, ірі қараға 25-50 г, сақа қойға 10-15 г, тауыққа 0,2-0,5 г.