Қалампыр - Гвоздика разноцветная Қалампыр - Гвоздика разноцветная. Биіктігі 25 - 50 болатын, бұталы сабағы бар, көп жылдық өсімдік. Жапырақтары карама - қарсы орналасқан, отырмалы. Пішіні қандауыр тәрізді. Гүлдері күрең қызыл түсті, әдемі. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жемісі кішірек келген қауашақ. - Қалампыр - Гвоздика разноцветная. Биіктігі 25 - 50 болатын, бұталы сабағы бар, көп жылдық өсімдік. Жапырақтары карама - қарсы орналасқан, отырмалы. Пішіні қандауыр тәрізді. Гүлдері күрең қызыл түсті, әдемі. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жемісі кішірек келген қауашақ.
- Таралуы. Республикамыздың барлық аймақтарында кең тараған. Олар тау етектерінде, карағайлы ормандардың арасында, шалғынды далаларда өседі.
- Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезде орып алып, өте қатты құрғатпай, көлеңкеде кеіптіріп, құрғак орындарда сақтайды.
- Химиялық құрамында аскорбин қышкылы, сапониндер, илік заттар, аздаған мөлшерде алкалоидтар бар. Толық зерттеліп болмаған.
- Қолданылуы. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде қалампырды ұнтақтап, қыс және көктем айларында арықтаған малдың жем - шөбіне қосып береді. Жетіспейтін витаминнің орнын толтырады, малдың азыққа деген тәбетін жақсартады. Тәуліктік мөлшері: ірі малға 150-250 г, қойға 70-120 г, бұзауға 50-150 г, қозыға 20-40 г.
- Қалампырдың 1:10 қатынасында жасалған тұнбасымен сиырдың, саулықтың жатырын жуып - шайып емдеу үшін қолданады.
Шырғанақ - Облепиха крушевидная Шырғанақ - Облепиха крушевидная. Жиде тұқымдас, биіктігі 2-5 метрге дейін жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы сұрғылт, кейбіреуінікі қара түсті болып келеді. Жапырағы ұзын, сабағы қысқа, үстіңгі беті жасыл, ал астыңғы беті жылтыр ақ түсті. Гүлдері майда сары түсті, хош иісті. Жемісі домалақ, сары түсті, сырты етті, ішінде қызыл түсті дәнекшесі бар. Жемісінің қышкыл дәмі бар. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, жемісі қыркүйек-қазан айларында піседі. - Шырғанақ - Облепиха крушевидная. Жиде тұқымдас, биіктігі 2-5 метрге дейін жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы сұрғылт, кейбіреуінікі қара түсті болып келеді. Жапырағы ұзын, сабағы қысқа, үстіңгі беті жасыл, ал астыңғы беті жылтыр ақ түсті. Гүлдері майда сары түсті, хош иісті. Жемісі домалақ, сары түсті, сырты етті, ішінде қызыл түсті дәнекшесі бар. Жемісінің қышкыл дәмі бар. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, жемісі қыркүйек-қазан айларында піседі.
- Таралуы. Республикамыздың Алматы, Жамбыл, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алатау, Тарбағатай, Алтай, Еміл тауларында жиі кездеседі. Көбінесе өзен жағаларында, ылғалды шабындықтарда, тау етектеріндегі шалғынды жерлерде өседі.
- Дәрілік шикізат ретінде қазан айында жапырағын, қараша-желтоқсан айларында жемісін жинап алады. Ағаш тікенекті болатындықтан шикізатты қолмен жинау мүмкін емес. Сондықтан әбден піскен кезде ағашты сілкілеп, жапырағы мен жемісін түсіріп, жинап алады.
Химиялық құрамында 40-45 % аскорбин, алма, фолин қышқылдары; каротин; кверцетин; Е, В, F1, Р витаминдері және т.б. заттар бар. - Химиялық құрамында 40-45 % аскорбин, алма, фолин қышқылдары; каротин; кверцетин; Е, В, F1, Р витаминдері және т.б. заттар бар.
- Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде жемісі мен жапырағы витаминдік қосымша азық ретінде қолданылады. Кептірілген жапырағы мен жемісі әбден ұсақталып, төлдің азығына қосылып беріледі. Қүлын мен бұзауға 100-150 г, қозыға 30-50 г. Медицина саласында өт бағалы дәрі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |