3. Жиде, итмұрын, кеуел және шығанақ секілді дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама.
3. Жиде, итмұрын, кеуел және шығанақ секілді дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама.
Жиде - Джигида.Бұтағы тікенекті, жабайы және мәдени түрде өсетін ағаш. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, беті түкті. Үшкір және жеміс жидесі деп аталатын екі түрі өседі. Олардың биіктігі 6-10 метрге дейін жетеді. Бұтақтарында ұзындығы 1-3 см өткір тікендері болады. Жапырақтары жіңішке, ұзын (2-4 см). Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларыңда піседі.
Дәрілік шикізатретінде жемісі мен жас бұтақшаларын жапырағымен күз соңында жинап алады.
Химиялық құрамында40 % мөлшерінде көміртегі, 10 % белок, глюкоза, калий және фосфор тұздары бар. Ал жапырағында 200 мг % аскорбин қышқылы мен В тобының витаминдері болады.
Жиде
3. Жиде, итмұрын, кеуел және шығанақ секілді дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама.
3. Жиде, итмұрын, кеуел және шығанақ секілді дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама.
Жиде - Джигида. Бұтағы тікенекті, жабайы және мәдени түрде өсетін ағаш. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, беті түкті. Үшкір және жеміс жидесі деп аталатын екі түрі өседі. Олардың биіктігі 6-10 метрге дейін жетеді. Бұтақтарында ұзындығы 1-3 см өткір тікендері болады. Жапырақтары жіңішке, ұзын (2-4 см). Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларыңда піседі.
Тарапуы.Республикамыздың жартылай шөлейт далалы, сортаң жерлерінде өседі.
Дәрілік шикізатретінде жемісі мен жас бұтақшаларын жапырағымен күз соңында жинап алады.
Химиялық құрамында40 % мөлшерінде көміртегі, 10 % белок, глюкоза, калий және фосфор тұздары бар. Ал жапырағында 200 мг % аскорбин қышқылы мен В тобының витаминдері болады.
Қолданылуы. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде витаминдік қосымша азық ретінде қыс соңында және көктем кезінде төлге беріледі. Оны ұнтақтап, жемге қосып, бұзау мен құлынға 160-200 г, қозыға 50-70 г мөлшерінде тағайындайды. Іші өткен бұзауға жемісінен 1:10 қатынасында тұнба жасап ішкізеді.

Итмұрын - Шиповник коричный. Биіктігі 120-180 см-дей болатын, өне бойын тікенекті қабық басып тұратын, көп жылдық жабайы, бұталы өсімдік. Бұтақшалары қызыл-коңыр түсті, гүлдері ірі, қызыл түсті, бұтақшаларының ұш жағында бір-бірден орналасқан. Жапырақтары жасыл түсті, қарама-қарсы орналасқан. Жемісі шымқай кызыл түсті, сопақша, ұшы сүйір. Оның ішінде дәнекшесі бар. Жемісінің ұшы иттің тұмсығына ұқсайды. Сондықтан да оның аталуы қазақша итмұрын делінген. Өне бойын тікенек басып тұруына байланысты орысша аты шиповник. Мамыр-маусым айларыңда гүлдейді, жемісі тамыз-қркүйек айларында піседі.