Тәжірибеде кебінесе итжидектің құрғақ және қою экстракты қолданылады. Оның ауыз қуысы арқылы берілетін дозасы: жылқыларға 0,5-4 г, ірі қараға 1-5 г, ұсақ малдар мен шошқаға 0,1-9,5 г, итке 0,02-0,03 г
Тәжірибеде кебінесе итжидектің құрғақ және қою экстракты қолданылады. Оның ауыз қуысы арқылы берілетін дозасы: жылқыларға 0,5-4 г, ірі қараға 1-5 г, ұсақ малдар мен шошқаға 0,1-9,5 г, итке 0,02-0,03 г күніне 2-3 рет.
Тәжірибеде кебінесе итжидектің құрғақ және қою экстракты қолданылады. Оның ауыз қуысы арқылы берілетін дозасы: жылқыларға 0,5-4 г, ірі қараға 1-5 г, ұсақ малдар мен шошқаға 0,1-9,5 г, итке 0,02-0,03 г күніне 2-3 рет.
Спирттегі тұнбасын дайындау үшін оның жапырағын 40° спиртте 1:10 қатынасындай етіп алып, тұндырады.
Құрамы итжидектің шикізатынан тұратын арнайы препараттар бар. Оған жататындар: атропин сульфаты, бекарбон, бесалол, бепасал, беллалгин.
Итжидек экстрактысы қосылған асқазан таблеткасы бар. Ол үш түрлі құрамда шығарылады: Итжидектің экстрактысы ( 0,015г) гексаметилентетраминмен (0,25 г) бірге;
Итжидектің экстрактысы (0,015г) натрий гидрокарбонаты және фенилсалицилатпен (0,25 грамнан) бірге; Итжидектің экстрактысы (0,015г) фенилсалицилат және висмут нитратының негізімен (0,25 грамнан) бірге. бұл таблеткалар Б тізімі бойынша сақталады.
2. Итошаған, күреңоттың қазтабан, қара және ақ қышаның іш өткізгіштік қасиеті мен маңызы.
2. Итошаған, күреңоттың қазтабан, қара және ақ қышаның іш өткізгіштік қасиеті мен маңызы.
Итошаған - Череда трехраздельная. Биіктігі бір метрге дейін жететін, бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы шымқай қоңыр түсті, бұтақшалары көп. Жапырақтарының сағағы қысқа, шеттері араның тісіне ұқсас. Гүлі майда, сары түсті. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Ұрығы тікенектеу болады, малдың денесіне, адамның киіміне жабысып қалады.
Таралуы.Республикамыздың барлық аймақтарыңда кездеседі. Ылғалды, сазды-батпақты жерлерде, өзен-көл жағалауларыңда, ескі мал қораларының маңында өседі.
Дәрілік шикізатретінде жапырағы мен сабағының ұш жағы жиналады. Өсімдік жаңа гүлдей бастаған кезде орақпен орып немесе қайшымен қиып алады. Шикізат көлеңкелі жерде жел қақтырылып кептіріледі.