Дәріс. Функционалды грамматика саласының басты ұғымдары


Олардың тағы бір айырмашылығы ақиқат дүниені бейнелеу мүмкіндіктерімен байланысты. Грамматикалық категория таза тілдік категория болса, семантикалық категория ойлау категорияларымен бірге сипатталады



бет5/15
Дата07.01.2022
өлшемі141,5 Kb.
#18479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
фсө

Олардың тағы бір айырмашылығы ақиқат дүниені бейнелеу мүмкіндіктерімен байланысты. Грамматикалық категория таза тілдік категория болса, семантикалық категория ойлау категорияларымен бірге сипатталады.

  • Олардың тағы бір айырмашылығы ақиқат дүниені бейнелеу мүмкіндіктерімен байланысты. Грамматикалық категория таза тілдік категория болса, семантикалық категория ойлау категорияларымен бірге сипатталады.
  • Келесі бір айырмашылығы категориялардың бірінің өрісінің тар, енді бірінің өрісінің кең болуымен байланысты. Грамматикалық категориялар тілдік бірлік болғандықтан да,мағына берудегі мүмкіндігі де сол тілдік-құрылымдық мағыналарды білдіруінен аспайды. Семантикалық категорияларға келер болсақ, ол өзінің мағыналық өрісін кеңейту үшін лексика, синтаксис, сөзжасам деңгейлерімен қатынас жасайды да, өзіне қажетті тілдік құралдарды ала алады. Сондықтан оның семантикалық өрісі кең болып келеді.
  • Сонымен қоса, грамматикалық және семантикалық категориялар тұрпаттық құрылым жағынан да дараланады. Грамматикалық категория құрамындағы әрбір грамматикалық форма тұрпаттық тұрғыдан сипатталатын болса, семантикалық категориялар тек грамматикалық формалардан тұрмайды. Оның құрамында түрлі тілдік деңгейдегі құралдар кешені болады.
  • Түйіндей айтқанда, грамматикалық категория тек грамматикалық мағыналар жиынтығынан емес, сол тектес, мәндес, әрі бір-біріне қарама-қайшы грамматикалық мағыналарды білдіретін, парадигмалық тұлғалар жүйесі болса, семантикалық категория белгілі бір мағынаны, категорияны беруде қолданыс табатын морфологиялық, лексикалық, синтаксистік тілдік құралдардың кешені.

Функционалды-семантикалық өріс құрылымын ядро мен периферия құрайды. Бұл ұғымдардың арақатынасын Е.А.Гулигамен Е.И.Шендельс айқындап берді.

Олардың пікірінше, «ядро» - функционалды грамматикалық категориялардың мағыналарын беретін актив компонент, ол өріс бойында семантикалық мағына беруде басты қызмет атқарады. «Периферия» өрістердегі семантикалық мағынаны беруде оның рөлі шектеулі болады

ФСӨ құрамындағы әрдеңгейлі тілдік құралдар семантикалық функцияны орындау мүмкіндігінің әртүрлі болуына орай өрістің орталық немесе қосалқы бөлігіне орналасады.

Орталық бөлігінде орналасқан тілдік құралдар - негізгі семантикалық функцияны орындап, сол өрістің тілдік мазмұнын беріп тұрған құралдар.

Қосалқы бөлікте орналасқан тілдік құралдар орталық бөлікте орналаспаса да, семантикалық функцияны атқаруда өзіндік орны бар, өрістік мағынаның бар болуына, өмір сүруіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді, яғни қосалқы бөлік тілдік құралдары орталық бөлік тілдік құралдары беріп тұрған өрістік мағынаны толықтырып қосымша реңк беріп тұрады.

Орталық және қосалқы бөлікте орналасқан тілдік құралдар өрістің тілдік мазмұнын беруде семантикалық функцияны бөліп атқарады десе де болады, олар екеуі де өрістік мағынаның жарыққа шығуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет