Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет5/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары. 
1.
Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуына еңбек сіңірген 
ғалымдар. 
2.
Пайдалы өсімдіктер класификациясы 
3.
Ботаникалық ресурстану ғалымы өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде 
жүргізуі туралы. 


Дәріс 3. Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері. 
Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын
тиімді пайдалану және 
бұл саладағы ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары 
Мақсаты: 
Қазақстандағы өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарының 
бағыттарымен, шикізаттық өсімдіктермен, шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің 
негізгі жолдарымен және жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеуге қажетті
мәліметтермен таныстыру. 
Кілттік сөздер: 
Илік заттар, көксағыз, глицеризин, этноботаника 
Негізгі сұрақтар: 
1) Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарының 
бағыттары 
2)
Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары 
3)
Жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары. 
1.
Ресурстану ботаника ғылымының жас бір саласы болып табылады. 1917 
жылға дейін Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары
жүргізілген жоқ деп айтуға болады. 
Қазақстанда ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарын екі кезеңге 
бөлуге болады: 
1)
Бірінші кезеңге Россияның Европа бөлігінен келген 
(Петербург, Москва және т.б.) ғалымдардың ұйымдастырып жүргізген 
жұмыстарын жатқызуға болады. 
2)
Екінші кезең 1920 жылдан басталады деуге болады. Бұл кезеңге 
жергілікті Орта Азияның және Қазақстанның ғылыми мекемелерінің әсіресе 
СССР ғылым академиясының Қазақстандағы ашылған филиалының 
жұмыстарын жатқызуға болады. 
1917 жылға дейін Россияда өсімдіктер байлығы өте аз және тиімсіз 
пайдаланылды. Ол кезеңде Россияда белгілі дәрежеде тек орман өндірісі 
дамыған еді. Россияда табиғи шалғындықтар және жайылымдықтар кеңінен 
зерттелді іргелі еңбектер кеңінен жарияланды. Мысалы бұл саладағы іргелі 
еңбектерден 
«Шабындық және жайылымдық» деген кітап 1950-1958 жылдары ғана 
жарияланды. Авторлары И.В. Ларин, И.В. Цаценкин, Т.А. Работнов. Басқа 
топтардың өсімдіктері салыстырмалы аз зерттелді және пайдаланылды.
Дәрілік өсімдіктер аз зерттелгенмен жиналды, тіпті кейбір түрлері екпе 
жағдайда өсірілді. 
1920-1930 жылдардан бастап өсімдіктер ресурстарын зерттеп және игеру 
жоспарлы жүйелі түрде жүргізілді. Мысалы 1921-1962 жылдары " Химия- 
технологиялық анықтаманың-12 томы баспадан шықты. 1934 жылы ССРО 
ғылым академиясының Ботаника институтында ( Ленинград) алғаш рет " 
Өсімдіктер ресурстары" деген бөлім ашылды. Ол бөлімді Б.Н.Кропотов 
басқарды. Алғашқы кезде бұл бөлім талшықты өсімдіктерді іздеумен 
айналысты, ол үшін арнайы технологиялық лаборатория ашылды. Кейінірек 
бұл бөлім нағыз ресурстармен айналысатын болып одақтық 
республикаларда осы салада жұмыс жасайтын топтар, ал сосын 
лабораториялар ашылды. Мысалы Азербайжанда А.А. Гросгеим, Л.И.
Прилипко және т.б., Туркменстанда О.А. Эндем, В.Н. Минервин, Л. В. Березин 


және т.б., Өзбекстанда В.С.Титов, И.И. Гранитов Ф.И. Русанов және т.б, 
Қырғызстанда И.В. Выходцев, М.М. Советкина, Е.В. Никитина, Қазақстанда Н.В. 
Павлов, В.П. Михайлова, Сібірде В.В. Ревердатго және т.б, Украйнада М.И. 
Котов және т.б. ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді. Сол ғалымдардың 
еңбектерінің нәтижесінде өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары алға 
қарқынды дамып нәтижесінде ботаникалық ресурстану саласында әртүрлі 
мектептер, коллективтер және жаңа зерттеу орталықтары өмірге келді. 
1935 жылы Ташкент қаласында 1-ші өзбек ғылыми зерттеу 
конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда қабылданған пайдалы өсімдіктер 
классификациясы туралы жоғарыда айтылды. 
1938 жылдан бастап ССРО ғылым академиясының Ботаника
институтының өсімдіктер шикізаты бөлімі " Растительное сырье" деген атпен 
ғылыми еңбектер сериясын шығара бастады. 
2.
1917-1941 
жылдар арасында зерттеушілер негізінен пайдалы 
өсімдіктердің келесі топтарына көңіл аударды. 
Коксағыз, гуттаперчалы, қарамайлы, эфир- майлы, шыны- майлы, 
талшықты, бояулы, целлюлоза- қағазды, сүректі, дәрілік, инсектицидті және т.б. 
барлығы 19 топ. Осы бағыттарда жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде 
жаңа отандық өсімдіктер табылып анықталды. Ресурстанушы мамандардың
жаңа ұрпағы өмірге келді. 
Әсіресе, атақты ғалымдар Н.И. Вавилов, Т.В. В, П.М. Жуковский М.Г. 
Попов басшылық еткен Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты 
үлкен үлес қосты. 
Шикізаттық зерттеу сипаты және бағыты алға қойған міндеттерге
тікелей байланысты. 
Соғыс жылдары жабайы өсетін тағамдық және дәрілік өсімдіктерді 
іздеуге көбірек көңіл бөлінді. Соғыстан кейін ботаникалық ғылыми 
мекемелердің жұмыстары бұрынғыдан да жандана түсті. Бірнеше ірі іргелі 
жинақтар, монографиялар жарияланды. Мысалы 1948 жылы СССР ғылым 
академиясының Ботаника институтында "Өсімдіктер ресурстары" бөлімінің 
қызыметкерлері " Методика полевого исследования сырьевых растении" деген 
әдістемелік құралды баспадан шығарды. Бұл еңбекте пайдалы өсімдіктерді 
зерттеудің негізгі тәсілдері келтірілген. 
3.
1950 жылы ССРО да бірнеше рет ірі-ірі экспедициялар 
ұйымдастырылды. Экспедициялар негізінен: 
1)
Тропикалық астрагалды, илік өсімдіктерді зерттеумен айналысты. Бұл 
жұмыстарды мысалы: Өзбекстанда В.П. Дробоков, Х. Чеврениди, К.З.Закировтар 
жүргізді. Қазақстанда - В.П. Михайлова, А.К. Чумбалов, Украйнада - А.И. 
Закордонец, С.С. Харкович, Белоруссияда -Н.В. Смолзско, Литвада - И.А.
Титинс, Сібірде - В.И. Кузьмин жүргізді. 
2)
Дәрілік өсімдіктерді зерттеу ауқымы кеңейді. Әсіресе шипалық
қасиеттері 
бар 
табиғи 
қосылыстарды 
зерттеу 
күшейтілді. 
Мысалы, 
алкалоидтарды, 
флаваноидтарды, 
кумариндерді, 
сесквитертерпенді, 
лактондарды және т.б.. Бұл жұмыстар негізінен Бүкілодақтық дәрілік 
өсімдіктер институтында ( А.Г. Кондратенко, И.А. Губанов, В.Б. Куваев, А.И. 
Шретер, Г.И. М.Г. Пименов және т.б.) Харьков фармацевтикалық 


институтында ( М.А. Антгрская, Л.И. Хаджай, Д.Г. Колесников, И.Г. Зоз, И.Ф. 


Комиссаренко және т.б.) . Өзбекстанда ғылым академиясының өсімдік 
заттарының химиясы институтында Н.С. Абубакиров, Ю.Юнусов және т.б.), 
ССРО ғылым академиясының Ботаника институтында ( Г.В. Пигеилевский, Н.П. 
Кирьяков, И.С. Котина және т.б.) Армения ботаника институтында 
(Г.З.Золотинцкая ), Азербайжан ботаника институтында (И.М. Исмайлов), 
Қазақстан ғылым академиясының ботаника институтында ( Л.К. Клышев, А.С. 
Алюкина және т.б. ), Ленинград химия-фармацевтика институтында А.Ф. 
Гаммерман) жүргізді. Мұндай бағыттарда жұмыстар ботаника бақтарында, 
жоғарғы оқу орындарында жүргізілді. 
3)
Көптеген жұмыстар мияның ( Glycyrrhiza) глициризинді түрлерін
зерттеуге арналады. Мысалы Т.П. Надеждина ( Ботаника институты, 
СанкПетербург) , М.М. Михаилов ( Азербайжан ботаника институты), Исембаев 
А.И., Э.В. Кузьмин, Б.Н. Сауранбаев, Д.К. Абдрахманов ( Қазақстан ботаника 
институты), К.З. Закиров, С.Х . Нугманов, А.Б. Бахнев, О.А. Ашурметов ( 
Өзбекстан ботаника институты) 
4)
1950-1960 жылдары эфир майлы өсімдіктерді табу компонентік
құрамын зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Мысалы 1) М.И. Горяев1952
жылы «Эфирные масло флоры СССР» деген еңбегі жарияланды Алматы 312
бет. 2) Н.Л. Гурвич 1960 жылы опыт классификации эфирно-масличных 
растении" деген еңбегі жариялады 
5)
Малазықтық және сүрлемдік өсімдіктерге көп көңіл бөлінді. 1958 жылы 
Ленинградта Бүкілодақтық кеңесте ресурстар туралы жасалған жұмыстардың 
қорытындылары талқыланды. Одан кейін кеңестерде жаңа пайдалы 
өсімдіктерді мәденилендіру туралы мәселелер талқыланды. 
3. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары 
Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі екі жолын көрсетуге болады. 
1)
Шет 
елдерден 
сатып 
алынатын 
өнімдерді 
алмастырушыларды
Қазақстанда табу. 
2)
Зерттеуші өсімдіктерден тек басқа өсімдіктер құрамында белгілі жаңа 
заттарды ашу. 
Бірінші жағдайда ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдері
лабораторияға байланысты, өйткені ол аналитикалық химияны қолданып шет 
елден алынатын өнімдердің құрамын анықтау және оларды алмастыратын 
заттарды Қазақстанда өсетін өсімдіктерден де табуға бағытталған. Бұл бағытта 
жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мысалы ССРО да оның ішінде 
Қазақстанда кок сағызды және илік затты өсімдіктерді кеңінен зерттеуін 
айтуға болады. Өйткені Ұлы Отан Соғысы кезінде шет елдер ССРО-ға 
коксағыз және илік заттары бар өнімдерді сатудан бас тартты. Соған 
байланысты оларды алмастыратын заттарды тез-арада өзімізден табу қажет 
болды. Қазақстанда каучук 
(коксағыз) бар өсімдік Scorzonera ( 
таусағыз) Asteraceae тұқымдасынан табылды. 
Илік заттарды іздеуде нәтижесін берді табиғи флорадағы өсімдіктер
ішінен қажетті өсімдіктер түрлері табылды. Олар туралы арнайы илік 
заттарға арналған таруда айтылады. 


Екінші жағдайда медицина және ауылшаруашылығына қажеттілігін ескере 
отырып флораға инвентаризация жасалып керекті белсенді заттар ізделді.
Бұған жатқызуға болады мысалы: 1) этноботаникалық мәліметтерге анализ 
жасау жобаланды. Яғни жергілікті халық кейбір ауруларды емдеу үшін 
пайдаланатын туралы мәліметтерді жинап анализ жасау. 2) Ресми 
қабылданған дәрілік өсімдіктерге жақын өсімдіктер түрлерін зерттеу. Өйткені 
ол өсімдіктерде де сондай биологиялық белсенді заттар синтезделуі мүмкін. 
Кез-келген жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу мынандай 
мәліметтерді қамту керек. 
1)
Ең алдымен дәрілік өсімдік туралы және оның қасиеттері туралы 
мәліметтер жиналады, мысалы әртүрлі әдебиеттерден оның таксономиясы 
анықталады. 
2)
Өсімдік түрінің немесе оған жақын түрлердің химиялық құрамы, 
фармакологиясы туралы мәліметтер жиналады. 
3)
Өсімдік түрінің эколого-фитоценологиялық ерекшеліктері туралы, 
географиясы туралы мәліметтер жиналады. 
4)
Табиғатта өсімдік немесе оның жеке мүшелерінің үлгілері олардың 
құрамындағы шипалық қасиеттері бар заттарға химиялық анализ жасалады. 
5)
Фармакологиялық сынақтан өткізіп, препарат өндірудің технологиясы 
жасалады. 
6)
Табиғи 
фитоценоздар 
жағдайында 
өсімдіктің 
биологиялық 
ерекшеліктері жан-жақты зерттеледі, әсіресе 
өсімдіктің 
эколо- 
фитоценотикалық бейімдеушілігіне көңіл аударылады. 
7)
Табиғаттағы фитоценоздарда қажетті өсімдіктің доминант екендігі 
анықталып ол фитоценоздарға және өсімдік популяцияларының жастық 
құрамына 
сипаттама 
беріледі. 
Экологиясы 
және 
фитоценотикалық 
оптимумдары анықталады. 
8)
Биологиялық және өндірістік қорлары анықталады. 
9)
Табиғаттағы қоры тиісті категорияға жатқызылады.. Негізгі үш 
категориялар бар: 1) Зерттеуші түрдің жер бетін жабу процесі 20% болса
сор
3
( пайдалануға ыңғайлы жерде ). 
2)
5-14 % болса сор
2
( пайдалануға №1 қарағанда ыңғайсыздау. 
3)
1-4 % болса сор
1
( жинауға өте қиын жерде ). 
Өте жиі медицинада немесе ауыл шаруашылығында пайдалануға 
перспективалы кейбір өсімдік түрлері табиғатта қалың болып өспейді, яғни әр 
жерде біреуі жинауға қолайсыз, жерлерде өседі. Мұндай жағдайдларда ондай 
өсімдіктерді екпе жағдайда өсірумен айналысу керек. Екпе жағдайда өсіруде
оңай емес, ол үшін тұқымды себу нормасын кезеңін және алғашқы 
агротехникасын игеріп білу керек. Бірнеше жыл осы өсімдіктің өсу және даму 
ерекшеліктерін зерттегеннен кейін оның шикі затының және тұқымының 
өнімділігі даму кезеңдерін өну ерекшеліктерін, өнімділігін, химиялық құрамы 
табиғи фитоценоздарда және екпе жағдайында салыстырмалы зерттеліп оның
таза жағдайда бейімдеушілік мүмкіншіліктері анықталады. Тек содан кейін оң 
мәлімет алынса өндірістік плантациялар жасауға, көшуге болады. Сонымен 


өндірістік плантациялар жасау көпжылдық көп еңбек сіңіруді қажет ететін 
процесс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет