Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Иллюстрациялық материалдар: 
Бадан (Bergenia), Таран (Polygonium), қымыздық (Rumex), Рауғаш (Rhum) 
туыстары өкілдерінің демонстрациялық гербарилері 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.
Акад Н.П. Павловтың, Массагетовтың және Марковтың еңбектері. 
3.
Құрамында 15

-дан жоғары таниндері бар өсімдіктер түрлері. 
4.
Проф М.К. Кукенов бойынша Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді 
зерттеудің кезеңдері: 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. Атлас Ареалов и ресурсов лекарственных растении Казахстана Алматы, 
Ғылым 1994 
3. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана Алматы
ғылым. 1999, 160 с. 


Дәріс 5.
Шыны майлы өсімдіктер 
Мақсаты: 
Өсімдіктер майларының типтерімен және құрамында шыны 
майлары мол өсімдіктер түрлерімен таныстыру. 
Кілттік сөздер: 
сұйық майлар, кеуіп қалмайтын, жартылай кебетін және 
қатты майлар. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Өсімдік майларының типтері. 2) Шыны майлы 
өсімдіктерді пайдалану. 
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар. Глицеринді күрделі эфирлер мен 
жоғары май қышқылдарының қосылыстары. Май қүрамына қаныққан жэне 
қанықпаған қышқылдар кіреді. Қаныққан май қышқылдары қүрамында 
пальмитин, стеарин, миристил жэне лаурин қышқылдары болады. Шыны майы 
көбінесе өсімдіктің түқымында кездеседі, тек зэйтүн майы етті зәйтүн жемісінен 
өндіріледі. Шыны майлар суда ерімейді, спирттің суық ортасына қарағанда ыстық 
ортада тез ериді. Медицинада өсімдік майларын (мазь, кремдер, сабын) теріні 
жүмсарту үшін кең қолданады. Көпшілік майлар құрамындағы қанықпаған 
қышқылдар қан құрамындағы холестеринмен байланысып, тез еритін қосылыстар 
түзеді де, ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондықтан шыны майларын 
«эссенциальды» деп атайды, организмде түзілмейді. Ең бағалы болып жүгері, 
күнбағыс, зәйтүн майы саналады. Өсімдік майын көп қолданатын Үнді, Қытай, 
Жапония елдерінде Америка, Европа елдерімен (бұл елдер көбінесе жануарлар 
майын қолданады) салыстырғанда атеросклероз ауруларына шалдығу біршама 
төмен. Майға үқсас заттарға балауыз, стериндер, камфора кіреді, оларды да дәрі 
дайындауға қолданады. 
Өсімдік түрлерінің 90 

жуығының тұқымдарында майлар болады, майлар 
өсімдіктің басқа мүшелеріндеде жинақталуы мүмкін. Қорға жиналған майлардың 
негізгі ролі ол олардың қорлық материалдар ретінде пайдалануында. Мысалы 
тұқым өніп өскенде ұрық дамығанда, оларға қосымша майлар өсімдіктің 
табиғатына қолайсыз жағдайларынан сақтайтын қорғаушы ролін атқарады, 
мысалы температура өте төмендеп кеткенде. Қыстайтын тұқымдардың 
жарнақтарында жиналған майлар күн суытқанда ұрықты үсіп кетуден сақтайды. 
Бірқалыпты климат жағдайында өсетін ағаштар тыныштық күйіне көшкенде 
олардың сүректеріндегі крахмал майға айналып өсімдіктің суыққа төзімділігін 
арттырады. 
Майлар түгелдей дерлік май қышқылдарының глицеринінен тұрады яғни 
глицериннің эфирлерінен және жоғарғы молекулалы май қышқылдарынан 
Глицериннің жалпы формуласы
СН
2
- О- СО- R
1

СН – О- СО- R
2

СН
2
- О- СО- R
3


Мұндағы R
1
, R
2,
R
3,
- май қышқылдарының радикалдары 
Табиғи майларда 200- ден астам әртүрлі май қышқылдары бар. Олардың 
көпшілігінде көміртек атомы 8 ден 24 дейін. 
Өсімдіктердегі майлардың пайда болуы және жинақталуы организмдердің 
тіршілігімен тығыз байланысты жүреді. Ол белгілі өсімдік түрінің тұқым 
қуалаушылық ерекшеліктеріне, онтогенезінің кезеңдеріне және қоршаған ортаға
тіршілік ортасының ерекшеліктеріне байланысты. Тұқымдардың немесе 
жемістердің пісіп жетілу процесінде майдың мөлшері және оның химиялық 
құрамы тұрақты емес тұқым немесе жемістің қалыптаса бастағаннан толық 
піскенше көбейеді. Бұл процесте майлардың сапалық құрамы (қаныққан немесе 
қанықпаған) азды-көпті тұрақты болады. 
Климат факторлары жарық, жылу және ылғал өсімдік мүшелерінде майдың 
түзілуіне немесе пайда болуына елеулі әсер етеді. 
Оңтүстік ендіктерден Солтүстікке жылжыған сайын өсімдіктегі майдың 
мөлшері артады және майдағы шексіз қышқылдардың мөлшері артады. 
Солтүстік ендіктердегі өсімдіктер мүшелерінде майдың мөлшерінің көп 
болуы және қанықпаған май қышқылдарының мөлшерінің артуы өсімдіктерге 
суықтан сақтануға мүмкіншілік береді. 
Географиялық ендікке байланысты зығыр майындағы (Linum-Лен) иодтық 
саны (қышқылдың болуын сипаттайды.) былайша өзгеретіндігі анықталды. 
Архангелск – 195, Москва –180, Ташкент-154. 
Қазіргі заманғы көзқарас бойынша климаттың әсерін оның әртүрлі 
факторларын бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды және өсімдіктің табиғи 
фитоценоздар жағдайында немесе екпе жағдайда өскендігінде есепке алу керек. 
Жарық және жылу 
климаттың өсімдік тіршілігіндегі биохимиялық 
процестерге әсер ететін маңызды факторлары. Ол процесс өз кезегінде өсімдік 
мүшелерінде майдың түзілуіне әсер етеді. 
Климаттың тағы бір маңызды факторлары ол әрине 
су
. Су өсімдктегі кез- 
келген органикалық заттың құрамына негізгі материал болып саналады. Судың 
жеткіліксіздігі өсімдіктің синтетикалық қызметін нашарлатады оның ішінде май 
қышқылдарының және триглицериндерде түзілуін нашарлатады.
Майлардың түзілуіне 
топырақ құрамы
және екпе жағдайдағы өсімдіктерге 
тыңайтқыштар
әсер етеді. Майлардың қасиеті май қышқылдарының сапасымен, 
олардың сандық ара-қатынастарымен, глицеринмен байланыспаған бос май 
қышқылдарының пайызымен және әртүрлі триглицериндердің ара-қатынасымен 
анықталады. 
Майлардың химиялық қасиеті олардың сабындану, ащылану, кебу және 
гидрогенизацияға қабілеттілігімен көрінеді. 
Өсімдіктер майларын екіге бөлуге болады: 
1)
Сұйық майлар 
-
кеуіп қалмайтын 
-
жартылай кебетін 
-
кебетін 
2)
Қатты майлар 


Өсімдіктер майлары фармацептикалық практикада:
А) Сұйық майлар 1)Кеуіп қалмайтын зәйтүн (оливка) майы, бадам
(миндаль) майы, жер жаңғақ (арахис) майы, үпілмәлік (кастровые) майы, 2) 
жартылай кебетін – күнбағыс майы, мақта майы, жүгері майы 
Б) Қатты майлар – какоо майы, болып бөлінеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет