2 Дәріс.
Өсімдіктер әлемінің биоресурстары: Ботаникалық ресурстану ғылымының
қалыптасуы. Пайдалы өсімдіктер классификациясы. Өсімдіктер әлемі
биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
Мақсаты:
Ботаниканың ресурстартану
ғылымының қалыптасуымен,
пайдалы өсімдіктер классификациясымен және өсімдіктер биоресурстарын
зерттеу әдістері ерекшеліктерімен таныстыру
Кілттік сөздер: экономикалық ботаника,
шикізаттық өсімдіктер, өсімдіктер
ресурсы
Негізгі сұрақтар:
1.
Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы
2.
Пайдалы өсімдіктер классификациясы
3.
Өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері
Ботаниканың бұл саласы алғашқыда шаруашылық немесе экономикалық
ботаника деп аталды. Тек ХХ ғасырдың бірінші жартысындаССРО ның атақты
ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В.
Павлов ботаникалық
ресурстану ғылымына жеке ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық
дәйектеме берді. Осы жылдары яғни 1948 жылы ғылымның осы саласында
алғашқы іргелі еңбектер мысалы "Методика полевого исследования растении"
деген өте құнды еңбек жарияланды.
Қазақстан Республикасында академик Н.В. Павловтың классикалық
еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың
жоғарыда аталған саласында
Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда
ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының
докторы В.Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан
ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника
институтының құрамында
арнайы " Өсімдіктер ресурстары" бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті.
Академиктер Н.В. Павлов, Б.А. Быков және проф. В.П. Михайлованың
еңбектері нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаниктер -ресурстанушылар
мектебі құрылды. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында ол мектептің танылған
жетекшісі
биология
ғылымдарының
докторы
Қазақстан
ғылым
академиясының мүше
корреспонденті, проф. М.К. Кукенов болды.
Проф. М.К. Кукенов пайдалы өсімдіктерді зерттеу нәтижелерін жариялады
және оның жазған "Ботаническое ресурсоведение Казахстана" деген
оқулығын (1999) Қазақстандағы ботаника ғылымының дамуындағы маңызды
жетістік деп атауға болады. Өсімдіктерді және
олардан алынған өнімдерді
практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі ХХ ғасырдың басында
" Шаруашылық ботаника" деп атала бастады. Шаруашылық немесе
экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын
пайдаланудың әртүрлі әдістері және
формалары туралы мәліметтер
жинаумен шектелді.
2) Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып бір жүйеге
келтірілді. Сол жұмыстардың нәтижесінде
Достарыңызбен бөлісу: