Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


ІІ Модуль. Айтыс ақындары мен сал-серілер поэзиясы. 6-дәріс. Қазақтың айтыскер ақындары



бет6/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ІІ Модуль. Айтыс ақындары мен сал-серілер поэзиясы. 6-дәріс. Қазақтың айтыскер ақындары.


    1. Шҿже Қаржаубайұлының ҽдеби мұрасы.

    2. Орынбай Кертағыұлы мен Мҽделі Жүсіпқожаұлы шығармашылығы.

    3. Майлықожа Сұлтанқожаұлының ҽдеби мұралары.

    4. Сара Тастанбекқызының шығармашылығы

    5. Айтыс ақындарының ҿзіндік ерекшеліктері.

1808-1895 жылдар аралығында ҿмір сүрген Кҿкшенің атақты ақыны Шӛже Қаржаубайұлының мұрасы туралы ғалымдарымыз аз пікір білдірген жоқ. Ол қазіргі Кҿкшетау облысы, Қызылту ауданында кедей отбасыда дүниеге келген. Аталары – қуандық. Ҽкесі құл, шешесі күң болғандықтан, олардан ерте жетім қалған бала малайлық ҿмірдің ауыртпалығын кҿріп ҿседі. Айтысқа қатысқан ақындар оны қаңғырған қырғыз, кептар соқыр, тегі құл мен күң деп кемітсе де ақын оған мойымаған, ҿнері арқылы ҿзгелерді ықтырып отырған, ―Дүржан үйінде‖ деген бір ҿлеңінде ақын ҿз ҿмірін былай суреттейді:
Атым – Шҿже, баласы Қаржаубайдың, Үйде жарлы болсам да, түзде баймын. Асығымнан алтынға бҿлесең де,
Дүние жүзін кҿрмеген сор маңдаймын. Ақын кҿбіне арнау ҿлеңдер шығарған, айтысқа қатысқан, қоғамдық мҽні бар мҽселелерді орынды кҿтеріп отырған. Оның Балта,
Кемпірбай, Орынбай, Таз бала, қыз ақындармен айтыстары сақталынған. Ҽрбір
ақынның мінін ол да беті не басып, қарсыласына ҿтімді тойтарыс беріп отырған. Алшынбай туралы: Жылың – қой, келдің Балта Елу тҿртке, Бойыңа қартайғанда ҿсек ертпе, Құсбектің тҿрт қара атын параға алған, Алшынбай не аймар екен ақиретте?! –, деп. түйреп, Құнанбайға да сҿзін ҿткізеді: Жалғыз соқыр халқыңа тиышсыз болса, Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан. Шҿженің бізге жеткен біраз толғау, арнаулары бар. ―Арқадан шығып едім Ноғайға еріп‖, ―Дҽуеке, осынша не қылды бейілің қашып‖,
―Домбыра шыққан тыңқылдан‖, ―Жиылған кҿп жамағат отыр қоршап‖,
―Ассалаумағалейкум, қара Бҽйтік‖, ―Бҽйтікке‖, ―Кім ҿлсе, соған түсер заман ақыр‖,
―Қосқұлаққа‖,‖Ерден батырға‖, 1931 жылы С.Сейфуллиннің ―Қазақтың ескі ҽдебиет нұсқалары‖ /1931/ жинағында Шҿженің біраз толғаулары бар. 1961 жылы ―18-19 ғасырлардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында‖ бір топ ҿлеңдері беріліп, Х.Сүйіншҽлиев ―Жұлдыз‖ журналының үшінші санына ―Шҿже ақын‖ деген мақала жариялады.
Орталық Қазақстандағы қарауыл елінен шыққан белгілі ақын Орынбай Кертағыұлы 1813-1890 жылдар арасында ҿмір сүрген. Кҿкшетау облысы, Айыртау ҿңірі, Ақбас кҿл мен Сары ҿзен бойында дүниеге келген. Ақындық ҿнерімен елге ерте танылып, 10-15 жасынан ел аузына ілінеді, ойын-сауықтың гүліне айналады. Оның Шортанбай, Арыстан, Сералы, Тоғжан, Ақан сері, Шҿже, Дана сияқты ақындармен айтысқаны туралы мҽліметтер бар. Ақынның Қожамен айтысы 1883 жылы Я.Лютшьтің ―Киргизская хрестома-тиясында‖ /124-126-беттер/ жарияланған. Оның Арыстанбай ақынмен айтысы Сҽкеннің жинағына да енген. 1929 жылғы ―Жаңа ҽдебиет‖ журналының 12-санында басылды. Оның Серкебаймен айтысы ерекше, мунда ақын шала діндар молда-лардың құлқынқұмарлығын айтады: Момынның малын жейді зекет алып, Кеңісте кеткен аузы қалыптанып... Қожа біткен Сыр-Қуаңға барған шығар, Елді алдауға құранын алған шығар. Алты алаштың баласын қойдай сауып, қоржын салған қожадан қалған шығар. Оның айтыстан ҿзге мақтау сипатындағы арнау ҿлеңдері де баршылық. ―Базылға‖, ―Ерден батырға‖ ҿлеңдері осы топқа жатса, екінші топқа сын-сықақ ретіндегі мына ҿлеңдері жатады: ―Нүркей ақынға‖, ―Бексұлтан байға‖, ―Бари ахунға‖ айтқандары. Ақынның халықтық салт негізінде шығарған Шоқан қазасына қатысты Шыңғыс пен Зейнепке естіртуі, ауырып жатқан Жазы бидің кҿңілін сұраулары сақталған. ―Жүз жұлдыз‖, ―Адам атаның жайы‖ деген кҿлемді толғаулары да бар. ―Адам атаның жайы‖ толғауы діни аңыздар негізіне құрылған. Айтысқан ақындарына берген мінездемелеріне қарап, ақпа ақынға тҽн табан аузында сҿз табар шеберлігін байқаймыз.
Ҽрі батыр, ҽрі ақындығымен аты шыққан біртуар талантты ақынымыздың бірі 1816- 1888 жылдары ҿмір сүрген Мәделі Жүсіпқожаұлы. Туған жері қазіргі Шымкент облысының, Қызылқұм ауданының Қожаторғай совхозы/ Ақбұлақ болысы, Бадам жері/. Арғы атасы да, ҿз ҽкелері де дҽулетті елге танымал кісілер болған, сондықтан ақын діни медреселерден оқып, сал-сері болып ҿседі. Құранды да, қолына түскен ҿзге кітаптарды да тез жатттап алу қабілетімен ерекшеленіп, шығыс хиссаларын, аңыздарын оқып, ел аралап, ҿнерпаздармен кездесіп, айтыстарда болады. Ақыннан бізге 1500 ҿлең жолдары ғана жеткен. Жеке ҿлең, толғау, арнау, айтыс болып келетін ол туындылары мыналар:
―Батырбек пен Байзаққа‖, ―Ахмет тҿреге‖, ―Тҿре түйесінің сҿзі‖, ―Майлыны мұқату‖,
―Батыр бір оқ‖, ―Тұрмысың аман-есен Ордабасы-ай‖, ―Айналайын ҽзірет‖, ―Бір Жан жоқ болыстыққа талас емес‖, ―Қанайға‖, ―Шҽріпке‖, ―Кетпейді бастан бұлт, күн жайланып‖,
―Тегін алған күң еді‖, «Кҿпестер шана шегер арбасына‖, ―Ҽуелі қылсын баян сҿз басына‖ т.б.
Нағашысы – шаншар руының белгілі шешені Қызыл би, ҽйелі атақты Кенесарының қарындасы–Қалипа, ҿзі батыр, ҿзі балуан Мҽделі мал үшін ешкімнің кҿңіліне қарап сҿйлемейді, ҿзі би, ҿзі кҿсем, басым сҿйлеп, батыл қимылдайды. Дүниедегі ҿзгерістерге ҿзіндік санасы айқын, ермесе де ер туге қайраты бар адам. Оның 1878 жылы Түркістан уҽлаяты‖ газетінің үшінші санында басылған ―Бір жан жоқ болыстыққа талас емес‖ деген 96 жолдық ұзақ ҿлеңінде болыстыққа таластың қазаққа тиімсіз жақтарын кҿрсетеді, ел ынтымағын бұзушыларды мінейді.
Алғашында ақын қазақтың Ресейге қосылуына қарсы болғанымен, ақын ҿз пікірлерінен қайтады. Халыққа қан тҿгістің қажетсіз екендігін түсіндіреді.Осыны пайдаланған генерал-губернатор Кауфман болыс етіп те оны тағайындайды. Бірақ ақын бұл мансаптан ҿзі бас тартады. Болыстық қызметте тұрып еліне еңбек сіңіре алмасына кҿзі жеткен ақын сол болыстардың елді қанаушылар екенін жақсы біледі. Замандастарының бойынан қайтсем де кҿп қармап қалсам деген тілекті кҿбірек байқаған ол замана тҽртібіне наразы болады.
Мҽделі күрескер ақын болғандықтан, халықты тҽуелді болмау жолында болды, осы мақсатпен Бұхара хандығынан таяныш іздеген кезі де болды. Қоқандықтармен соғысып жатқан Бұхаралықтардың бір оңтайлы кезін тауып, еліне қайтады. Аллегория ҿмірде кездесетін келеңсіздікті тап басып кҿрсетуде. Майлы ақынның айтуынша, Мҽделі кҿзсіз ер болған, Түркістанды қорғап, сатылымпаздарға қарсы күресіп, ел ішіндегі тартыстарды реттеуге қатысып отырған. Халық қоқанның зорлық-зомбылығына қарсы ашық күреске шығады, оларды Мұсабек, Ырысқұлбек, Мҽделі батырлар бастап, Мырзаби бастаған хан зекетшілерін қырып салады да осыдан екі ел арасында үлкен дау басталады. Қару- жарақтарына сүйенген хан зекетшілері керекті алым-салықтарына қанағаттанбай, елдегі қыз-келіншектерді зорлап, елді ҽбден талан-таражға ұшыратады. Қоқандықтар Мырзабидің құнын алмақ болып, қазаққа жаулық-тарын бастағанда Мҽделі хан алдына ҿзі барып, Мырзабиді ҿзі ҿлтіргенін айтып, жазықсыз елді қанды қырғынға ұшыратпауын сұрайды. Дүрліккен елдің қаһарынан сескенген хан Мҽделіге кешірім жариялап, елді тыныштандыруды оның ҿзіне тапсырады. Ақынның бұл ҽрекетін халық аса жоғары бағалап, ол туралы аңыздар пайда болады, соның бірі Ж.Жабаевтың ―Ханым сұлу‖ шығармасы. Аңыздағы жігіт прототипі Мҽделі болса, Ханым сұлу – Айым сұлу– Сапақ дегеннің қызы, Мұсабек Қалдарбекұлы батырдың қарындасы екен/ ал Рысқұлбек Шонайұлы – дулаттың ысты елінен шыққан батыр/ . «Шҽріпке айтқаны» мысал ҿлең үлгісімен жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет