Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


дәріс. Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы



бет3/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

дәріс. Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы.


  1. Шортанбай Қанайұлының ҿмірі.

  2. Шортанбай жҽне заман ҿзгерістері.

  3. «Бала зары» мен «Зар заман» толғауларының идеясы.

  4. Шортанбайдың діни кҿзқарастары.

  5. Шортанбайдың тіл ерекшелігі.

Шортанбай Қанайұлы мұрасы ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қағаз бетіне түсіріліп, жариялана бастағаны белгілі. Ақын шығармалары алғаш В.В.Радловтың «Түркі тілдес халықтар ҽдебиетінің нұсқаларына» (3-том, 1870), Лютштың «Қырғыз хрестоматиясына» (1883), Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» (1889) еніп жҽне де «Қисса и Шортанбай, Шортанбайдың бала зары» деген атпен 1888 жылы Қазанда жарық кҿрген. Одан ҽрі 1890, 1897, 1901, 1906 жылдары басылған. Ал кеңестік дҽуірде 1931 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Сейфуллиннің «Қазақтың ескі ҽдебиет нұсқалары» жинағында, 1941 жылға дейін мектеп оқулығында, 1962 жылы «Қазақ ССР Ғылым Академиясының» баспасынан шыққан «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағында» енгізілген. Кейін «Жазушы» баспасынан шыққан «Бес ғасыр жырлайды» (1989), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991), «Жалын» баспасынан шыққан
«Зар заман» (1993), сондай-ақ «Жеті ғасыр жырлайды» (2004; 2008), «Он ғасыр жырлайды» (2006) жинақтарында жарияланып келеді.
Шортанбай Қанайұлы /1818-1881/ Түркістан жерінде, Қаратау бойында дүниеге келген зар заманның ірі ҿкілдерінің бірі болған атақты ақын. Шортанбай- ХІХ ғасырдағы қазақ ҽдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, ҿзіндік сҿз ҿрнегі бар ҿнерпаз. Мұсылманшылық жолындағы оқудың нҽтижесі оның қолын ишандық дҽрежеге жеткізеді. Ол Түркістаннан Қарқаралыға Жамантай тҿренің қасына қоныс аударып, кейін Аюлы- Ақсу бойындағы Жанғұты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медіресе ашады, шҽкірттерге тҽлім-тҽрбие береді.
Шортанбай шығармаларының желісі заман, қоғам шындығы, халық тұрмысы, қоныстан айырылу, отаршылар мен жергілікті ҽкімдердің озбырлығы, тонаудың жаңа түрлері, сатқын билеушілер, заманның азғын кҿріністерін бейнелеуге құрылды. 1882 жылдан бастап ҿлең, толғаулары кітап болып басылды, «Тар заман», «Опасыз жалған»,
«Атамыз Адам пайғамбар», «Асан қожаға», т.б. Ҿмір шындығы кҿркем ҿнердің ҿзегі, ақын талантына дем беріп, дабыл қақтыратын, оның шығармаларының ҽлеуметтік мҽселелерге, қоғамдық ҿзгерістерге қарым-қатынасы., болған не болып жатқан тарихи құбылыстарды тап басып, ойға қонымды бейнелер жасай білуі. Асылы, заман талабы, дҽуір тілегі ҽрбір қалам қайраткерінің мойнына түсетін салмақ. Ол салмақ ең ҽуелі халықтың иығына түседі. Шортанбай ақын – ҿз заманының шындығын ақтара ашып, оған ҿткір сын айта білген . Бізге жеткен шығармалары осының кепілі болып табылады. Қазан қаласының ҿзінен оның шығармалары түрлі атпен жарық кҿрді. Оның шығармаларын, ҽсіресе, патша отаршылдығына қарсы қауым, мұсылманшылықты жақтаушылар үлкен құрметпен қарсы алды. Ҿздерінің кҿкейінен шыққан ақын сҿздері халық аузында жаттала
бастады. Шығармалары жиі басылғанымен кҿлемі кҿп емес. С.Мұқановтың есебі бойынша, бас-аяғы 1500 жолдай ғана / С.Мұқанов. Қазақтың 18-19 ғасырлардағы ҽдебиетінің тарихынан очерктер/. Біріншіден, Шортанбай - ҿз дҽуірінің сыншысы. Қазақ қоғамын билеп-тҿстеушілерге, отаршылдар билеген заман бағытына наразы ақын. Ойынша, ол ҿмір сүріп отырған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман.
Мынау заман қай заман,- Азусызға тар заман.
Азулыға бар заман...- деуіне қарай бұл жалпақ жұртқа емес, момын, кедейлер үшін ғана тар екендігін аңдатады, азулы , тырнақты, жыртқыштар үшін тар емес, себебі, билік пен барлықтың жұғыны солардың қолында. Қазіргі адамдардың кҿбінің бар ниеті байлыққа ауған, қалайда мал, ақша тауып, тезірек баю. Осы үшін олар жақынының малын, арын алуға даяр. Баю жолында еш нҽрсеге тоқтам қылмай, қиянатты ұят демей, кҿзді жұмып қылғыта беру—олардың мұраты. Қазақ қоғамының барлық тобында осыдай ҿзгеріс бар. Бұлардың бҽрі ақыр заманның белгілері. Шортанбай түсінігіндегі заман о дүниеде емес, адам баласының дҽмі таусылып, ҿлуі емес. Кҿпшілік ұғымын танытатын иманның екінші жаы бар. Ол—ар, ұят, ождан. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын, елубасы т.б. сынайды, олардың ішінде қожа, молдалар да бар. Сырт пішіні пірҽдҽр болғанмен, кҿбі бұзылған ҿзімшілдер. «Асылық азған заманда, Қожа, молда кҿбейіп, Отырар тҿрде шҿмейіп, Сҽлдесін үлкен орасып. Жауған қардай борасып, жамандығы ішінде, жан-жағына қарасып. Үлкен молда десін деп...». Тілмҽш, адвокат сияқты орысша білім алғандар да халық мұңын жоқтаудың орнына ҿздерінше қанаудың жаңа тҽсілдерін шығарып, елдің берекесін алғандарына мҽз.Ақшаға байланысты елдегі ауыртпалықты да кҿрсетеді: «Арам, арсыз жан шықты, Қайыры жоқ бай шықты, сауып ішер сүті жоқ, мініп кҿрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты.... Қайыр кетіп байлардан, Бұзауға ақша беріп тұр. Пҽлен теңге торпақ боп, Тиынға тиын ҿніп тұр.» саудаға құныққандардың адамгершілігі ақшамен ғана ҿлшенеді, олар үшін ақшадан ҿзге дүние маңызсыз. Айтылмыш жағдайды Шортанбайдан артық танытқан ақын аз. Бұл тұста Шортанбай кедейдің, езілушінің жоғын жоқтаушы. «Байды құдай атқаны, жабағы жүнін сатқаны. Кедей қайтып күн кҿрер, Жаз жатақта жатқаны, Жаздай арық қазғаны, Күздей пішен шапқаны, Ішіп-жемдік болмайды, оны-мұны тапқаны... Аш-жалаңаш бейнеттен, Жүдеп-арып талады, Бір ешкісі бар болса, шығын деп тілмҽш алады. Тҿбесін ұлық ояды, жалғыз сиыры бар болса, Соғымына сояды. Кедейге салып шығынын, Араны бидің тояды, Қағаздатып бұзауын, Ноғайына қояды, Кедей қайтіп күн кҿрер, Борышқа белден батады, Жалғыз сиырын сатады.... жарлы, кедей, жоқ-жітік, Қайтіп күнді кҿрер деп, Сол себепті қорқамын». Халықтың бұрын-соңды болған дҽстүрлі билігі жоғалды, ҿнегелі адамдар биліктен ығыстырылды, Ел билігінде титтей де адалдық қалмады.
ХІХ ғасырдың бар ақыны қазақтың тҽуелділікке душар болып, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Шұрайлы жерлерден айрылу жандарына батты. Жер-судан, қоныс-жайдан айырылудағы негізгі себеп – елдің тҽуелсіздігі, береке-бірліктің жоқтығы, ел қамын ойлар азаматтардың жоқтығы
Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болған. Ол ҿлер кезінде ескерткіш қою мен үлкен ас берудің орнына сол шығынды елдегі жоқ-жітіктерге үлестіріп беруді ҿсиет еткен. Кейде 7-8 буынды жыр үлгісімен, кейде11 буынмен жазылған ақын жырлары түсінікті ҽрі мҽнді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет