Махамбет толғауларының кҿркемдік ерекшелігі.
Ақын мұраларының зерттелу деңгейі.
Махамбет Ҿтемісұлы – қазақтың ар-намысына айналған ардагер ақыны, жігер мен намыстың жаршысы, ақындықтың кҿзі мен шындықтың ҿзі, ғасырлар бесігінде дүниеге сирек келер дарын иесі. Ол – езілген елінің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған жалынды жыршы. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кҿтерілісіне бастан-аяқ қатысып, сол кҿтерілістің бар бейнесін ҿз ҿлеңдерінде қалдыра білген тарихи айғақшыдай оның шығармаларынан сол заманның шындығын кҿреміз.
Махамбет Ҿтемісұлы 1803 жылы қазіргі Атырау мен Орал облысына қарасты Нарын құмында дүниеге келген. Шыққан тегі орта дҽулетті болғанымен, бір ағасы Бекмұхамбет Жҽңгір ханның сенімді биі болған. Кҿтеріліс кезінде ҿзге туыстары Махамбеттер жағына шықса, осы ағасы ғана хан жағында болған. Махамбет ХІХ ғасырдың басында ҿмір сүріп, сол кезеңнің дүбірлі оқиғасының бірінің бастаушысы болды, еркек болып туылған жастың мақсаты ақын үшін «ереуіл атқа ер салып, жау қашыру» болды. Ақын ел тарыққан заманда одан шығар жолды күрестен іздеді.
Ақынның ер жеткеннен бастап бар ҿмірі халық қамына арналды. Ол ел басына түскен ауыртпалықты құдай ісі деп қарамады, езілген елдің ҿз күшіне деген сезімін молайтып, жігерін жанумен айналысты. Таптық езгіні жою жарқын болашақ кепіліндей кҿрінді. Ақынның кҿтеріліске дейінгі ақын болып қалыптасу кезеңінде шығарған ҿлеңдері сақталынбаған, оның қолда бары жалынды күрес кезеңінде туған шығармалары ғана бар. Кей қарттардың айтуынша, Махамбет айтысқа да түскен екен. Бір жиында ханның сарай ақыны Байтоқты сҿзден тоқтатыпты. Сол хан құлағына жетіп, хан елге аты жайыла бастаған ҿнерпазды ҿз маңына ұстауға тырысыпты. Баласы Зұлқарнайынмен бірге ұстап, оң қолына айналдырмаққа ниет етіпті. 1925 жылы жарияланған «Исатай-Махамбет» аты кітаптағы/Халел Досмұхамедұлы жариялаған/ пікірлер бойынша, «Махамбеттің ҿзі де жас кезінде Жҽңгірдің нҿкерлерінің қатарында болыпты, Исатай ханға қарсы бола бастағанда- ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің ҿзі ҽрі батыр, ҽрі жырау, ҽрі домбырашы, ҿте қызулы адам екен...». Тарихшы А.Ф.Рязанов тапқан деректер бойынша, Махамбет орысша, мұсылманша сауатты адам болған. Бұл – Махамбеттің елде қалған жолдастарына 1839 жылы жазған хаты мен 1845 жылы ҿз қолымен баласы Нұрсұлтанды Орынбор шекара комиссиясына оқуға алуларын сұрап жазған хаты. Н.Шаяхметов тауып жариялаған ақын қолжазбасы мен мҿрі ол туралы құнды мҽліметтердің бірі болып саналады /1967 жылдары/. Оның кҿтеріліс кезінде Исатайдың хатшысы болып, ұрандар таратқаны жайлы да ел аузында сҿздер бар. Оны Хиуа ханына хат жазды ҽрі сонда кҿмек сұрап барды деген
деректерді кҿркем ҽдебиет шеберлері ҿз шығармаларында айтып жүр. Аудиторияға сұрақ.--- Махамбет бейнесін кҿркем ҽдебиетте кімдер қандай шығармаларында сомдады?
/Ҽ.Ҽлімжанов. Махамбеттің жебесі» , Мұрат ақынның жырлары, І.Жансүгіровтың
«Исатай-Махамбет» драмасы, Фариза Оңғарсынова жырлары, М.Шахановтың «Нарынқұм трагедиясы» т.б./
Хан сарайына жақын жүрген ол жас кезінен сауаттанады, оның бір адамға жетерлік орысшасы да болғандығын оны кҿрген адамдар растайды. 1839 жылы орыстың саяхатшысы жазушысы Е:П:Ковалевский Махамбетпен кездескенін, онымен тілдескенін жазады/1811-1869/..
Ескі ҿмірді,хан билеген еріксіз заман бейнесі шындығын Махамбет ҿз ҿлеңдерінде тереңдеп ашты. Ҿз дҽуірінің кескілескен күресінің ол жанды суретін берді. Оның ҿлеңдеріндегі шынайылық та осы мҽселе тұрғысынан танылады, мысалы, «Соғыс» деген ҿлеңінде Бекетай құмына ту тіккен кҿтерілісшілердің жауға қарсы аттанар сҽттегі кҿрінісі, жау жасақтарының тегеуіріні, ереуіл батырларының ҿжеттігі, Исатай батырдың қайсарлығы ерекшке ерлік ретінде зор шабытпен жырланған. Зеңберек оғынан ығысқан жай, Ерсары, Қалдыбай батырлардың оққа ұшуы т.б. тарихи шындықпен үндес. Қиямола деген жерде Қарауылқожа басқарған 800 жендетке Исатайдың 200 сарбазы қарсы тұрады. Үбі,Таңатар, Иманбай, Сарт сияқты ерлер бастаған сарбаздарға қарулы ҽскер қарсы тұра алмай жеңіліпті.
Ақынның «Баймағамбет сұлтанға» деген толғауы да реалистік туынды, Махамбет хан-сұлтандарға алғашқы болын халық қарғысын жеткізген ҿр ақын. Ол Исатайдың ерлік тұлғасын баяндап, сол арқылы күреске шыққан халықтың күрескер бейнесін береді.
«Мінкен ер», «Тарланым», «Еңселігі екі елі», «Тайманның ұлы Исатай», «Біз неткен ер»,
«Туған ұлдан не пайда», «Арғымақтың баласы», «Исатай деген ағам бар». Ақын ҿлеңдерінің сыры терең. Ол кҿтеріліс басылғаннан кейінгі жағдайды да шыншылдықпен бейнелейді. Исатай қаза тауып, басшысынан айырылған ел күйін былай жеткізеді:
«Бұландай ерді кескен күн, Буулы теңді шешкен күн. Біздің ер Исатай ҿлген күн. Он сан байтақ бүлген күн. Орта белінен сырлаған, Оқ жаңбырдай жауған күн. Оң қанатын ткріс жайып, Лашын қуға тҿнген күн. Желпілдеген ала ту, Жиырылып ойға түскен күн. Қос бҽйтерек жығылып, Жығылғаны естіліп, Алыстағы дұшпанның, Қуанып кҿңілі тынған күн.» Ақынның «Күн болған» ҿлеңінде литотаның тамаша үлгісі бар. Бұл – кҿтерілісшілердің қайғылы күйін сипаттайтын шерлі шумақтар.Оның «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ» не «Аспандағы боз торғай» ҿлеңдерінде де ел қайғысы берілген, ер ҿлімін айта отырып, ол жауға деген ҿшпенділікті ҿршітеді, жігерді қайратқа жаниды. Ҿзіне ерген жорықшылардың кҿңілдерін кҿтеріп, қажу мен мұңнан серпілтіп отырған.
«Ҽрайна», «Мұңайма», «Нарын» деген ҿлеңдерінде жҽне «Ұлы арманда» халықтың ар-намысын қайрап, оларды кҿтеріліске үндкп, жауға қарсы қайрат кҿрсетер күнді армандайды. Махамбетің мұраты – халықты түгелдей хандық билікке қарсы үгіттеп, соңына ерту. Мысалы, «... Махамбеттей мұңдыға, енді келер күн қайда, Ханға құрған шатырды, Сүңгімен түртіп ашарға... Он екі ата Байұлы, Жиылып келсе бұл іске, Алты сан алаш ат бҿліп, Тізгінін берсе қолыма, Заулар едім бір кҿшке». Махамбет ҿлеңдері қиялға, романтикаға толы. «Жалған дүние», «Шашылу», «Қайда бар», «Қаршыға деген бір құс бар», «Тілек», «Жалғыздық», «Тар қамау», «Адыра қалған Нарында», «Шегініс» деген ҿлеңдерінде мұң-шерге берілгенімен, оның ҿзінде де оптимизм жатыр.
Махамбет поэзиясының реализмі оның халықтығында, ол халық үшін жан беріп, қан тҿккен ер. Ақынның ҿжет сҿздері оның алмас қылышымен пара-пар еді. Махамбет – ойға ҿткір, тілге шебер ақын.,тұспалдап сҿз айтуға да шешен. Термелеп сҿз айтып, ҿміршең жыр тудырған. Ҿмір, қоғам, табиғат құбылыстары туралы ҿз ойын білдіріп,терең ойдың иесі екендігін танытады. «Ҿзекті жанға бір ҿлім» деп, ұлт қамы үшін мерт болсаң, армансызсың деп, ана сүтін, ҽке үмітін ақта деп жастарға ҿсиет айтып қана қоймай, ҿзі соның жарқын үлгісін кҿрсетті. Қиын жолға қайратты ер ғана шыдайды. «Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған кҽтепті, қара нар керек біздің бұл
іске. Қабырғасын қаусатып, Бір-біріндеп сҿксе де, Қабағын шытпас ер керек, Біздің бүйткен бұл іске».
Махамбет ҿлеңдерінде кездесетін ақындық «МЕН» айрықша. Онда халықтың ерлігі, ҿрлігі, қайраты, ақылы тоғысқан. «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Мен тауда ойнаған қарт маралмын», «Томағалы сұңқар мен едім», «Боз ағаштан биік мен едім»,
«Таудағы тарлан шұбар біз едік», «мен бір шарға түскен қара балта едім», «мен ақсұңқар құстың сойы едім», «Мен кескекті ердің сойымын», «Шамдансам жығар асаумын»,
«Шамырқансам сынар болатпын» деп келетін ауыстырулар кҿркемдеу құралдарының сан алуан құбылып тұратынын кҿрсетеді. Бір ғана «Тарланым» деген ҿлеңін алайықшы: Кермиығым, кербезім, Келіскендей шандозым. Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім. Қырмызыдай ажарлым, Хиуадай базарлым, Теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім. Адырнасын ала ҿгідей мҿңіреткен.... Ой мен кҿркемдік күмбезі шеберлікпен тұрғызылған бұл жырдың тыңдаушысын эстетикалық лҽззатқа бҿлері рас. Бойдағы арман мен ерлік қабаттаса келіп, асқақ жыр шумақтарына айналған. Ақын ойы күрес толқынынан туындап, күрес толқыны ақын ойына айналған үйлесім іздеріе оның ҽр жырынан кҿреміз. Батырлар жырының тегеурінді сарынын қолданған оның ҽр сҿзі күрес идеясына толы. Қ.Жұмалиев ҿз зерттеулерінде оның жыр шумағында қайталанып келетін басқы бір дыбыстың ҿзі ой екпінін арттырып тұрғанына да назар аударған болатын. Жырда ұйқас тҽртібі, буын ҿлшемі аралас келе беретін боғандықтан, оның ҿлеңдері 7-8 буынды,11-12 буынды да болып келеді. Махамбеттің кҿп қолданған ұйқасы- шұбыртпалы ұйқас, «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» т.б. Кейде кезекті, қаусырмалы, ерікті, ақсақ, егіз ұйқастарды да қолданған. Махамбетке тҽн бір ұйқас түрі- ішкі ұйқас. «Толарсақтан саз кешіп». Мүнда тұтас шумақтардың соңы ғана ұйқасып ,қалғаны айтар ойға бағынып тұрады /а,б,в,г,д,ж,з,г./ мҽселен, «Жайықтың басы кҿк шалғын» деген ҿлеңінің ұйқасы ерікті, оның кей тармақтары ғана ұйқасады. Ҿлең негізінде ішкі ұйқасқа құрылған.
Ақында арнау ҿлеңдердің бірнеше түрі кездеседі. Батырға, ханға, жолдастарына, ҿзіне арнай, сұрақ қоя сҿйлеуі. Мысалы, Лашын құстар жүн тҿксе, Далада қалған сүйек деп, шеніне қарға жолар ма... Алаштың байлығынан не пайда,тарығып келген ерлерге, Қайыры оның болмаса? Оның «Қайда бар», «Жалған дүние», «Ҽр айна», «Күн қайда» ҿлеңдерінде сұрай арнау үлгісі басым. Махамбетте нақыл сҿз кҿп кездеседі. «Аспандағы боз торғай», «Ай артында бір кҿл бар», «Мен тауда ойнаған қарт марал», «Туған ұлдан не пайда», «Бағаналы терек», «Атадан туған ардақты ер» т.б. Оның үш жолдан тұратын
«Аймақ кҿл» деген ҿлеңі де шешендігімен кҿңіл баурайды. «...Арыстаннан күшті аң болмас, О да ҿледі жігіттер, мергендер таңдап алған соң. Алалы жылқы , ақтылы қой, Аңдыған бҿрі жемей ме, Иесі ұйықтап жатқан соң..».
Махамбет ҿлеңдеріне, оның жыр үлгісіне Шернияз, Базар, Ақтан, Нұрым, Аралбай, Ығылман сияқты ақындар еліктеп, ҿлеңдерін де жеткізуге себепші болған.
Кейінгі деректер бойынша, Махамбеттің күйші болғандығы туралы да деректер ашылуда. Орал облысындағы белгілі күйші Сүйінбекұлы Оразғали оның екі күйін тартып келген. «Баймағамбетке», «Қайран Нарын». Қазірде жеті күйі бар делінуде. «Жұмыр қылыш». Оның күйлері нотаға түсіріліп, 1982 жылы «Ҿнер» баспасынан «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарияланды.
Махамбет поэзиясы Х/Х ғасырдың ҽдебиет қорында күрестің жалынындай, шындықтың кҿзіндей, асылдың ҿзіндей болып ерек тұр. Сҿз бейнелілігі, ой шымырлығы, жігер алауы, халық арыны, шешендік бояуы жағынан да үздік шығармалар тобына жататын ақын жырларының пафосы ҿзгеше. Ерліктің мҽңгі жалауына айналған ақын жырлары жас ұрпақты ел сүюге үндейді.