Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ



бет18/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Лекция ХІХ ғасыр әдеб

дәріс. Абай мұрагерлері.


  1. Абайдың ақын шҽкірттері.

  2. Ақылбай Абайұлының ҽдеби мұрасы.

  3. Мағауия Абайұлының дастандары.

ХІХ ғасырдың ұлы ғұламасы Абай Құнанбаевтың тағы бір ҿзгешелігі- оның ақындық мектеп қалыптастырып, ҿзіне лайықты шҽкірттер дайындауында. Сондай озат ойлы шҽкірттеріне оның ҿз балалары Ақылбай мен Мағауия, туысы Шҽкҽрім енеді. Шҽкірттер батыстық философтардың «Европаның есею тарихысын», Спенсер, Спиноза сияқты философ еңбектерін ҿзінше саралайды. Африка, Америка, Австралия елдеріндегі жағдайлар туралы жазылған туындылардағы қызықты сюжеттерді шҽкірттері ҿздерінше рухын сақтай отырып, қайыра жыр етеді. «Үш мушкетер», «Он жылдан соң», «Қызыл сақал», «Король қатын Марго» сияқты аудармалары ел ішінде ертегі сипатында тарайды. Сондай-ақ, Абай айтқан ҽңімелердің бірі - «Медғат-Қасым». Бұл Африкадағы Ніл дариясы бойындағы бір Қасым деген құлдың плантатордан кек алуын баян етеді. Бұл тақырып, Мағауияға қатты ұнаса, Ақылбай ҿзіне ұнаған екінші бір қызық ҽңгімені ҿз шығармасына арқау етеді. Ақылбай - Абайдың он алты жасында дүниеге келген тұңғыш ұлы. Алғашқы балалық шағы мен жігіттік шағын Ақылбай атасы Құнанбай қажының қолында ҿткереді, сондықтан ол Абайға іні есебінде ҿседі. Сондықтан ол орысша емес, мұсылманша оқып, білімі оқудың ескіше орташа дҽрежесінде болады. Ақылбайдың алғашқы ндерінің бірі былай:
Бір ҽн тауып Ҽлекең бер деген соң, Матай алыс бір талай жер деген соң. Он минутта ойыма осы ҽн түсті, Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң.

Ішік кидім бұлғыннан құндыз жаға, Жас дҽуренді ҿткіздім бермей баға.


«Ақылжан» деп талай қыз тұрушы еді, Сұмдық шықты дейтұғын «Ақыл-аға».
Ақылбай негізінен үш поэма жазған. Біріншісі-«Жаррах», тақырыбы шығыс ертегісі
«Жеті үй» дейтін ҽңгімеден алынған, екіншісі - «Дағыстан», үшіншісі - «африкадағы зұлыстар тіршілігін сҿз еткен «Зұлыс» деген поэма. Алғашқысы мүлде жоғалып кетсе, екіншісінің бас жағы ғана қалып, қалған қолжазба ҿртеніп кетіпті, қалғаны «Дағыстан» ғана. Бұл поэмаларды Ақылбай ҿмірінің соңғы кездерінде ғана жазған. Ол- ҽкесінің қырқын беріп болған түні қайтыс болған талант иесі, яғни ҿз талантының барлық гүлін аша алмай кеткен дарын.
Бұл поэмада Дағыстанда болған бір оқиға баян етілген. Поэма басы Кавказ тауын суреттеумен басталады.
М.Ҽуезовтың айтуынша, Ақылбайдың суретшілдігінде, ҿзгеше бір ҿндімелі кеңдік пен үйлескен анық дҽлдік бар. Қалаларды айта келіп, ақыры бір қала ішіндегі «хананың» алдына назар аударып, оқиғасын осы арадан ҿрбітеді. Жүзіне қайғы орнаған Жүсіп қарттың қайғылы түріне тоқталып, енді мұнша қайғы-қасітеттің сырын ашуға ойысады. Жүсіп ҿзі ер болып ҿскенімен ҿте қызғаншақ жан болыпты. Жазықсыз жақсы жігіт, мерген Ыбырайымды қапыда ҿлтіріп, сол жігіттің анасының қарғысын естиді, ұлының жылдары хатқа түсіріп, мезгілсіз қазасынан кемпір құсамен ҿледі. Бұдан кейін ұзақ уақыт ҿтеді. Жүсіп үйленіп, бес ұлды болады. Жалғыз қызы Зайра ерекше сұлу болып ер жетеді. Толысып, болып тұрған шағында баяғы кемпірдің қарғысы келе бастайды. Түрлі тартыстардан оның бес ұлы түгел ҿліп, қабырғасын күйретеді, ақыры қызы да ҿлімші болып жатып, махаббаты үшін ҽкесіне кінҽлы болған қыз кешірім сұраған ҽкесін кеше алмай қиналады. Жүсіп осы қайғысы үшін күйіктен ҿртеніп, жылайды.
Бұл - шығарма романтикалық сарынмен жазылған, бұрын қазақ топырағында болмаған туынды. Қызғаныш, кек сияқты мҽселелер зорайтып кҿрсетіледі. Жүсіп
қызғаныш пен кек құралы болса, қызы Зайра мен Жҽбірейіл махаббатқа бой алдырған жастар. Ақын бұлдыр нанымдарға да ерекше мҽн берген, мҽселен, кемпір қарғысы, тағдыр тосқауылы. «Зұлыс» поэмасының басқы бҿліктерін естігендердің еске түсірулері бойынша 1921-1922 жылы хатқа түсіріліп, 1924 жылы «Сана» журналының екінші санында басылады. Оқиға сюжеті отарлау, жиһангездік дҽуірді еске салады. Ҽуезов осы поэманың ең жақындасатын нұсқасы ретінде ағылшын жазушысы Хаггарттың «Копи царя Соломона» романын атайды. Мұнда Ақылбай ақ жұрт ҿкілдерінен гҿрі адамгершіл етіп Омпапаны алады, сҿйтіп, ҿзінше жазады. Поэма қандай шытырманға толы болса, осы уақиғаны жырлаушы ақын тілі де кҿркем.
Зор Зұлыс, содыр Зұлыс түсі суық, Басына жан бармаған оның жуық. Күн ашықта кҿрінер жалтыр тасы, Ақ боран кҿк ала бас, басын жауып...
Бұл шығарма романтикалық леппен жазылып, романтикалық мазмұнына қонымды кҿріктеу құралдарына толы. Қолжазба түгел 1918 жылы ҿртеніп кетпегенде, жалпы талдауға болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет