Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет56/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94
Анықтау. Құрғақ перикардит, жүрек тұсының ауырғыштығы, үйкеліс шуылының пайда болуы, жүрек түрткісінің күшеюі, жүрек соғуының жиілеуі және басқа да тән белгілері арқылы анықталады. Жалқықты перикардит жүрек түрткісінің нақтылы орнын өзгертіп, күшінің әлсіреуімен, түрткісінің жайылып кетуімен, салыстырмалы және абсолюттік дүңкілдердің бірыңғайланып, көлемінің ұлғаюымен, жүрек соғу дыбыстарының бәсеңдеп күңгіртенуімен, тездетілуімен, шалпыл дыбыстарының пайда болуымен, мойын көк тамырының толып кернелуімен, ісіктермен бейнеленеді. Рентгенмен тексеру ауруды анықтауды құнды мәлімет береді. Онда жүректің көлемі қатты ұлғайып, оның кескіні қозғалысқа келмейді, жүрек пен көк ет (диафрагма) үшбұрышының көлемі көрінбей, көмескіленіп кішірейеді, жүрек тұсының үстіңгі жағындағы көрініс жарықтанады (жүрек қуысына газдың жинақталуынан).
Ауруды анықтаудағы дұрыстыққа күдік туған жағдайда күмәнданбас үшін жүрек қабының қуысын зарарсыздандырылған инемен сол жағындағы төртінші қабырғаның арасынан, иық буыны мен шынтақ арқылы өтетін түзулердің ортасынан теседі. Дұрыс нәтиже алу үшін қуысты новокаинмен блокада жасайтын инемен тескен жөн.
Саралау. Жалқықты перикардитті перикард шеменімен плевраның (көкіректің сірі қабы) жалқықты қабынуынан саралайды. Құрғақ перикардит пен жалқықты перикардиттің басталу кезін құрғақ плеврит пен жіті өтетін миокардит және эндокардиттерден саралайды. Перикардит шеменінің перикардиттен айырмашылығы, жүрек тұсын басқанда ауырсынбайды, дененің қызуы көтерілмейді, ал жалқықты перикардитте дүңкілдің дыбыстары көлденең түзу сызық бойынша күңгірттенеді. Құрғақ плевритте үйкеліс шуы дем алу ырғағына сәйкестелінеді. Миокардит пен эндокардит өздеріне тән белгілермен өтеді.
Болжамы. Перикардиттің болжамы, шүбәлі, жарақатсыз түрінің барысы, негізгі аурудың жайына байланысты болады. Ірі қарада өтетін жарақатты перикардиттің болжамы көбінесе жақсы нәтиже бермейді.
Емі. Ем, ең алдымен, перикардитке себепші болған негізгі ауруға бағытталынады. Бастапқы кезде ауру малдың жүрек тұсына суықтық тартады, су мен қомақты азықтар беруді азайтады. Жиналған жалқықты кетіру үшін несепті шығаратын дәрі-дәрмектер, иодты препараттар беріп, артериядағы қысым азайғанда глюкозаға қосып кофеин қолданады. Иодты препарат ретінде ірі малдарға кальцийодинді аузынан күніне 1-3 рет 2-10 грамнан, ұсақ малдарға 0,2-1 грамнан береді.
Натрийдің кофеин-бензоатын немесе натрийдің кофеин-салицилатын тері астына мынадай мөлшерде енгізеді: ірі қаралар мен жылқыларға 3-8 г., ұсақ мал мен шошқаларға 1-2 г., иттер мен түлкілерге 0,2-0,5г.
Глюкозаны аузы арқылы беруге де болады, бірақ 30-40% ерітіндісін қан тамыры арқылы берген пайдалы, мөлшері: ірі қаралар мен жылқыларға 30-150 г., ұсақ малдарға 10-30 г., иттерге 2-8 г., түлкілер мен қарсақтарға 2-5 г. Көп жағдайларда антибиотиктер немесе сульфаниламидтерді қолданған жақсы әсер етеді.
Перикардиттің жарақаттан болған түрін кей жағдайларда операция жасап, ауырған малды аман сақтап қалуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет