Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет64/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94
Сақтандыру шаралары. Сақтандыру үшін организмді уландыруға жол бермеу, малдарды құнарлы азықтармен азықтандыру және жүйелі серуендер ұйымдастыру қажет. Миокардозды алдын ала сақтандыруда ауруларды дер кезінде анықтап,  зат   алмасуының   бұзылуын  ескерту үшін ауыл шаруашылық малдарды диспансерлеудің маңызы зор.
 Миокардиофиброз (Myocardiofibrosis) – жүрек бұлшық етінің араларына дәнекер ұлпалар өсіп (фиброзданып) қатаюы.
Миокардиосклероз (Myocardiosclerosis) – жүрек етінің фиброзданып өзгеруінен айырмашылығы, мұнда дәнекер ұлпалар жүрек етін қоректендіретін тамырлардың (коронарные сосуды) айналасында басымырақ өседі. Бұл ауруларда көбінесе бүткіл организмнің қан тамырлары, артерияның шекті ұштарының қалыңдауы (артериосклероз) ретінде зақымдалынады (әсіресе кәрі малдарда).
Себептері. Бұл аурулар көбінесе миокардиттің, миокардоздың салдарынан пайда болады, бірақ жүрек күре тамырларының зақымдануына байланысты жүрек етінің қорегі ұзақ уақыт бұзылса өздігінен де дами береді.
Көп жағдайларда бұл аурулар организмнің жалпы қартаюының нәтижесінде пайда болады.
Дамуы. Дәнекер ұлпаның, соның ішінде, фиброзды ұлпаның жүрек бұлшық еттерінің арасында өсуі, көпшілік жағдайда қабынудың не бұзылып-азғындау процестерінің (миокардит не миокардоздың) соңғы даму кезеңі болып қаралады. Фибринді ұлпаның бұлшық ет талшықтарының араларында өсуі (миокардиофиброзда) немесе жүрек күре тамырларының айналасын қамтуынан (миокардиосклерозде) әсерінен миокардтың сау жерлері және қан тамырлары қысылып, оның қоректенуін бұзады да, бұзылып-азғындау процестеріне әкеліп соғады. Құрылымы бұзылған жерлерде жүрек етін дәнекер ұлпалар ары қарай ығыстыра береді. Ауру ауыр өткен жағдайда жүрек етінің кейбір жерлері тіпті әктеніп кетуі де мүмкін (әктену, көбінесе тарамысталынған (папиллярные) бұлшық еттің тұсында орналасады).
Өлекседегі өзгерістер. Миокардиофиброз және миокардиосклерозда жүрек бұлшық етінің араларынан ақшыл-сұрғылттау келген дәнекер ұлпаның белдеулері анықталынады. Жүрек еті тығыздалып, қатайып, жүрек күре тамырлары қалыңдап, түтікшелері тартылады. Миокардиосклерозда дәнекер ұлпалардың өсуі ылғи да жүрек күре тамырларының бойында орналасады. Ауыр өткен жағдайларда жүрек етінің қай жерлерінде әктелінген ошақтар табылады.
Белгілері. Аурудың жеңіл түрінде, тыныштықта тұрған ауру малдың сау малдан айырмашылығы аз болады. Бірақ дене жұмысынан кейін ауру мал тез қажиды, ентігеді, көрнекті кілегей қабықтары көгереді және жүректің жиырылу ырғағы бұзылады. Ауыр түрде өткен түрінде келтірілген белгілер тыныш тұрғанның өзінде де білінеді.
Барысы. Ауру созылмалы түрде өтетін болғандықтан айлар, жылдар бойы созылады.
Анықтауда тән белгілеріне негізделіп, жүректің қызметін дұрыс атқаруын сынайтын әдісті қолданады, ол үшін алдымен малдардың тамыр соғуын санап алып, оны 10 минуттай уақыт жетектейді, сонан соң тамыр соғуын қайтадан санайды. Миокардиофиброзда (миокардиосклерозда) тамыр соғуы, сау малмен салыстырғанда едәуір жиіленеді және қалпына келу уақыты біраз ұзарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет