Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет91/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Бронхопневмония
Бронхопневмония (Bronchopneumonia) – бронхылар мен өкпенің қабынуы (катаральді қабыну, ошақты қабыну, нақтыланбаған қабыну). Бұл бронхылардың қуыстарына катаральді эксудаттың толуымен сипатталатын дерт. Бронхопневмониямен көбінесе төлдер және бордақыда тұрған жас мал ауырады.
Себептері. Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді. Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың (стресстер) бір мезгілде әсер етіп, оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. Бронхитті тудыратын себептердің барлығы дерлік одан гөрі күштірек және ұзағырақ әсер етсе, бронхопневмонияның да себепкері болады. Ірі қара малды өсіріп бордақылайтын шаруашалықтарда , көп жағдайда, бронхопневмонияның пайда болып көп таралуына зоогигиеналық нормативті технологияның бұзылғандығы: шаруашылықтардан малды көліктермен кешенге алып келе жатқанда суық тигізу, әкелген малды суық күндері суық қораларда жуу, малды ылғалды, едені цемент, желқтінде қорада төсенішсіз ұстау, жылы қорада тұрған малды суық сумен суғару, т.б. әкеліп соқтырады.
Дамуы. Бронхопневмонияны дененің тек бір жерінің ғана қабыну процесі деп есептемей, организмдегі барлық жүйелер қызметтерінің бұзылып, жалпы дерттенуі деп ұғу керек. Ауруды тудыратын себептердің әсер етуінен, мысалы аяқ асты қатты суықтағаннан, организмде аллергиялық сезімталдықтың күшеюіне жағдай жасалынады да, нейрогумаральді реттеушілік реакция бұзылады, сөйтіп бронхылар мен альвеолалардың қалыптасқан қызметтері өзгереді.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлікті сойғанда өкпе мен бронхтарда ауруды дәлелдейтін оған тән өзгерістер анықталады. Бронхопневмонияның бастапқы кезеңінде және аурудың жіті түрде өткенінде өкпенің жоғарғы және жүрек тұсы ұштары бөліктерінің әр түрлі тереңдікте орналасқан көптеген зақымдалған қабыну ошақтары анықталады. Ошақтардың көлемі 1 сантиметрден бірнеше сантиметрге дейін жетеді, түстері қызыл-көк не сұрғылт-қызыл, сипағанда қолға қатты болып сезіледі, суға салғанда батып кетеді, кесіп қарағанда бронх қуыстарынан катаральді эксудат ағады.
Симптомдары. Жіті түрде өткен аурудың бастапқы кезеңінде, бронхиттің белгілерінен басқа, жалпы жабығу, сыртқы орта әсеріне реакциясының бәсеңделуі, әлсіздік, азыққа зауқы төмен не бәсеңделуі, дене қызуының 1-2 С көтерілуі байқалады. Әлсіреген және қатты арықтаған малдарда дене қызуы көтерілмеуі де мүмкін. Аурудың 2-3-ші күндері тыныс алу жүйесінің зақымдалған белгілері: жөтел, күшейген ауыр тыныс және ентікпе, танауларынан ұйымалы-катаральді не катаральді ақпа ағу, қатаң везикулярлы тыныс, бронхылар мен өкпелерде алдымен құрғақ, сонан соң ылғалды сырылдар естіледі. Бірнеше тәуліктен кейін перкуссиялап тексергенде өкпелердің алдыңғы ұштарынан күңгірттенген бәсең дыбыс шығатын жерлер анықталады.
Балау. Бронхопневмония көп себепті ауру болғандықтан оны дәл анықтау үшін жан-жақты тұрғыдан келіп, жалпы және арнайы зерттеу әдістерін пайдаланады. Ауру жағдайындағы жиналған мәліметтері, ауруға тән клиникалық белгілері және өлекседегі болатын өзгерістері арқылы бронхопневмонияны еш қателеспей дәл анықтауға болады. Аурудың қанын тексергенде лейкоциттердің солға қарай ығысқан нейтрофил түрінің көбейгені, лимфоциттердің, эозинофилдің азайғаны, моноциттердің көбейгені, эритроциттердің шөгу жылдамдығының артқаны, сілті қорының азайғаны және каталаза белсенділігінің бәсеңдегені, альбуминдердің азайып, глобулиндер фракцияларының көбейгені, артериялық қандағы гемоглобулиннің оттегімен қанығуының азайғаны байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет