Аурудың барысы. Дер кезінде емделмеген мал өліп қалады, немесе ауру созылмалы күйге айналады.
Емі. Малға бірнеше апта бойына тыныштық жағдай жасалады. Күн сайын терісін сылап-сипайды. Рационға тез қорытылатын, белоктары мен натрийі мүлде аз азықтар енгізіледі. Шөп қоректілерге әртүрлі өсімдіктің жақсы пішені, тамыржемісті өсімдіктер, кебек ботқасы беріледі; ет қоректілерге — сүт өнімдері беріледі. А, Е, Д витаминдері қажет. Ісік қайтпай қойған және жүрек дұрыс қызмет етпеген жағдайда қан алынады; ірі малдан 3 литрге дейін, ұсақ малдан — 50-200 мл қан алынады. Мұнан кейін глюкозаның 25 проценттік ерітіндісі және строфант венаға енгізіледі. Ісік ұзақ уақыт бойына қайтпаса, несеп айдайтын заттарды қолдану ұсынылады: калий ацетаты (сірке суы) сиырға 25-60 г, қой- ешкіге 5- 10 г, жылқыға — 20-50 г, итке- 0,5-1 г; калий нитраты сиырға 8- 15г, ұсақ мал ман шошқаға -1-3 г, жылқыға -6-10 г, итке — 0,2- 0,5 г; дикарб — жылқыға -1,5-2 г, итке — 0,1- 0,2 г, мысыққа — 0,04 — 0,06 г; меркузал — сиырға — 3 — 8 мл, жылқыға — 3 — 10 мл, итке — 0,5 — 2 мл, түлкіге — 0,2 — 0,5 мл. Толокнянка жапырағынан, петрушкадан, қайың бүршігінен, дала қырықбуыны шөбінен әзірленген қайнатпаны беру тиімді.
Сақтандыру шаралары. Жұқпалы аурулардың және іріңді процестер қабат өтетін аурулардың алдын алу керек. Малға бүлінген әсіресе көгеріп-шіріп кеткен жемшөп беруге болмайды. Шіріген шөп уланғыш болады.
Созылмалы нефрит (Nefritis chronika).
Малдың созылмалы нефриті жіті нефриттен гөрі жиі кездеседі.
Аурудыц себептері. Бұл ауру ем қонбайтын жіті нефриттің салдары болып табылады.
Белгілері: Бүйрек дұрыс қызмет істегеннің өзінде мал азды-көпті әлсірейді. Несепті зертттегенде әр түрлі заттың жинақталғаны шамалы ғана білінеді — протейн біркелкі жиналған, несепке қызыл қан түйіршіктері араласқан, кейде гиалинді және түйіршікті көпіршік болады. Ауру асқынғанда мал самарқауланады, көп қозғала бермейді, арықтай бастайды. Терісі құрғайды, өңі өзгереді, теңбілдене түседі, жүні-сирейді, құрғап кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, артқы аяқтары, жыныс мүшесінің сырты ісінеді. Жүректің соғуын тыңдағанда екінші саз ырғағы естіліп тұрады. Қан қысымының ұдайы көтеріліп тұратыны байқалады. Несептен белок пен эритроциттер табылады. Ауру үдей түссе, несептің қоюлығы біршама кемиді, несеп шамадан тыс шығады, индиканның жинақталуы кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: |