Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет69/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Қуық жүйесінің аурулары — малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі  және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.
Қуық ауруларының шығуына індетті аурулар (оба, шошқа тілмесі, аусыл, сарп, септицемия, лептоспироз, бұзау қылауы, ит обасы, туберкулез және басқалар) организмнің өзінен-өзі улануы (көн қотыр, терінің жайылма қабынуы, терінің өлі еттенуі, іш өту, жатыр қабырғасының ішкі жағының қабынуы, шу түспеуі, анемия және организмдегі шіру  процестері ) сол сияқты өсімдік текті және минералды улармен улану, суық тию, жарақаттану және басқалар себін тигізеді. Бүйректің бүрісуі көбіне жайылмалы нефриттің, калькулезді  процестің , кейбір зиянды  заттардың  (қышқыл шөп, қорғасын мен мыстың тұздарымен улану т.б.) ұзақ уақыт әсер етуінің салдары болып табылады.
Пиелонефрит дегеніміз — бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады.
Цистит – қуықтың қабынуы. Ауру қуыққа жасыл ірің таяқшасының, протеяның және басқа микробтардың енуі салдарынан пайда болады.Аурудың дамуына қуықта несептің іркіліп қалуы себеп болады.
Қуық жүйесінің аурулары
Жіті нефрит (Nephrinis acuta). Бұл ауру – малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады.
Аурудың себептері. Ауру мал организміндегі жұқпалы улунадан болған өзгерістердің салдары болып табылуы мүмкін, бүл өзгерістер жіті келген жұқпалы аурулардан, стрептококк тудыратын қабыну процестерінен, сонымен бірге асқазан жүйесінен тыс жолмен бөгде белокты организмге енгізуден пайда болады.
Белгілері. Ауру кенет білінеді. Ауру мал әлсіреп, көп қозғала бермейді, бүкірейіп тұрады. Көзге түсетін жердегі кілегей қабықтары және терісі бозарып кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, жыныс мүшесінің сырты ісіне бастайды. Тәбеті нашарлайды. Қарынның ішкі қабығының қабыну белгілері (гастрит) білінеді. Күйіс қайыратын малдың қан қысымы нашарлайды, алдыңғы қарындар әлсірейді, тіпті тоқ және аш ішектер қабынады. Тамыр қатты соғады. Күре тамырлардың қысымы арта түседі. Малдың ентігетіні, өкпесінің сырылдайтыны байқалады. Несепті жиі шығарады. Несептің түсі қызғылттанып немесе күңгірттеніп тұрады, ол біршама қоюланады, аз-аздап қана шығады. Несептен белок, лейкоциттердің, әритроциттердің, эпителийдің және цилиндрлердің қоспасы табылады, малдың тәбеті нашарлайды немесе мүлде болмайды, терісі дуылдап қышиды, құсады, ентігеді, ұйқысы келе береді, дірілдейді. Мал аурудан айыға бастағанда оның жалпы күйі жақсарады, ісігі қайтады, жүрек қызметі қалыпты күйге келеді, несеп молайып, сұйыла түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет