Сақтандыру шаралары. Рацион құнды белоктары, витаминдері (А, Е, т.б), углеводтары мол әралуан жемшөптен жасалады. Рациондағы тұздың ара қатынасына бақылау жасалады, малды тұзы көп сумен суармаған жөн.
Несеп-жыныс каналға жасанды тесік орындауы Көрсетуі. Жануарларда несеп-жыныс каналын дистальдық бөлімде жойылмайтын өткізгіштіксіз болғанда немесе жыныс мүшенің керең ампутациясында.
Жансыздандыру және бекіту уретротомиядағыдай.
Операция техникасы. Операцияны шаптық уретротомиядағыдай бастайды: алдымен катетерді енгізеді (егер ол мүмкін болса), содан соң шаптың ұлпаларды, несеп-жыныс каналымен қоса жарып тіледі. Несеп жыныс каналының шырышты қабығын жараның жоғарғы бұрышынан бастап, шап терісіне түйінделген тігіспен жапсыра тігеді. Тігілген шырышты қабықты дезинфекциялайтын май қабатымен жабады. Операциядан кейін малдың несебі жасалған тесік арқылы шығады.
Қуыққа жасалатын операциялар Анотомо-топографиялық деректер. Қуық жамбас қуыста орналасады және оның толтырылу дәрежесіне тәуелді орны өзгертеді. Ет қоректілердің басқа малдармен салыстырғанда қуығы алға көбірек итеріліп шығарылады. Еркектерде қуықтың дорсальды қабырғасы түзу ішекке, ал ұрғашыларда жатырға тиіп тұрады. Қуықтың мойына жақын малда дорсальды қабырғада несеп ағызғыштар құйылады. Қуықтың серозды қабығы екіжапырақты көк ет бүрмесін ал ол кіндік көпіршік, мықын көпіршік және қос жақтық қуық будаларын қалыптастырады.
Қанмен қамтамасыз ету — кранияльдық көпіршік (кіндік артерияның бұтағы) және каудальдық көпіршік (геморридальдық орта артерия бұтағы) артериялармен.
Иннервация жамбас жүйкенің парасимпатикалық талшықтарымен және жамбас симпатикалық өрімінің симпатикалық жүйкелерімен жүзеге асады.
Қуықты тесуі (punctio vesicae) Көрсетуі. Ұсақ және сирек жағдайда ірі малға жиналған несеп катетер арқылы шығаруға мүмкіндік болмағанда жасалады.
Бекемдеуі. Ұсақ малды жатқызып, ірі малды түрегеп тұрған жайда.
Жансыздандыруы. Қажетсіз.