Белгілері. Малда тас байлану ауруының белгілері тас қуық мойнын не несеп түтігін жартылай не түгел бітеп тастаған кезде білінеді, малда несеп түтігінің бітеліп қалуына шошқа мен күйіс қайыратын еркек малдың уретральді түтігінде 8-тәрізді имек болуынан, ит пен қара күзеннің еркегінде шүкі сүйегі болуынан. Бұл бұқалар мен қабандарда несеп шығаратын каналдың 8-тәрізді бұрылысында, ет қоректілерде — жыныс мүшесінің сүйегіне тамшылап қана шығады. Ауырған мал кенет несеп шығаруға тырысады, бірақ несеп шықпайды не тамшылап шығады, несебінде тұнба және қан болады. Улану басталғанда мал самарқаулана түседі. Қуық тырсиып кетеді. Кейде онда тастардың бар екені байқалады. Несептен қан, эпителий, құм табылады. Несеп бұдан әрі шықпаса, малдың жалпы күйі нашарлайды, азықтан қалады, және уремия дамиды. Қуықта несеп жиналудан қуық ішінде қысым артады және несепті түрлі әдіс қолданып сыртқа шығармаса, қуық жарылады. Уростаз салдарынан несеп ыдырайды және денеге тарайды, ол қайтадан бүйрек астауына ағып барады, одан бүйрек паренхимасына өтеді, сөйтіп пиелит, пиелонефрит, гидронефроз және уросепсис пайда болады.
Ауруды анықтау. Тас байлану ауруын алдын ала анықтау үшін несеп лабороториялық зерттеуден өткізіледі (несепте эритроциттің, лейкоциттің, несеп тұздары кристалдарының бар жоқтығы анықталады). Ұсақ жануардың бұл ауруы рентгенге түсіру арқылы анықталады.
Аурудың барысы. Ауру әдетте созылмалы түрде өтеді, көбінесе өз несебінен улануы арқылы бүйрек қызметінің бұзылуынан мал өліп қалады. Осы аруға шалдыққан малдың көбі түрлі органдардың үлкен өзгеріске ұшырауы салдарынан шығын болады.
Емі. Рационға каротин.А, Д, С, Е витаминдері көп азық түрлері қосылады, қант, протеиннің, макро және микроэлементтердің мөлшерінің арақатынасы реттеледі. Бұл шара несеп органдары қызметін қалыпқа келтіреді, пайда болған тастың одан әрі ұлғаюын тежейді және жаңадан тас түзілуін тоқтатады. Несеп түтігі бітеліп қалса, операция жасайды (тігіс салмай жыныс мүшесін және несеп жолын тілу, қошқардың несеп шығатын өсіндісін алып тастау, малдардың қуығындағы тасты алып тастау). Операциядан кейін антибиотиктермен емдейді. Берілетін дәрілер несеп тасының химиялык құрамына сәйкес беріледі. Урат тасы болса, сілтіге айналдыратын дәрілер — сода, литий, пиперазин, уродан ерітінділерін береді, оксалат тасы болса — көмір қышқыл магнезий, глицерофосфат, ішекқарыннан оксалаттар келуін тежейтін уротропин, атофан, теобромин, инсулин беріледі, фосфат тасы болса, фосфор қышқылы, тұз қышқылы, хлорлы аммоний, антибиотиктер қолданылады. Несеп жолдарының індет ауруын болдырмау үшін антибиотиктер және нитрофуран дәрілері қолданылады, сульфаниламид препараттарын қолдануға болмайды. Бұлшық ет қызметін күшейту және несеп тастарьшың өзінен-өзі салқындауы үшін әдеттегі мөлшерде прозорин, простигмин, эзерин беріледі. Несеп айдағыш дәрілер — хлорлы кальций, диуретин, тиреоидин, меркузал, уақ малға -шетелден әкелінетін құстырғыш дәрілер (роватинекс, цистинал, уромонал, ровохолек) беріледі, А және Д витаминдері препараттарын ішкізеді не тері астына жібереді. Рационға тез қорытылатын, кенеулі жемшөп енгізіледі. Дезинфекциялағыш заттар (цистинал, ависан) қолданылады. Несеп жолындағы тасты айдап шығу үшін натрий гидрокорбонатын, пиперазинді, уроданды, тұздан байланған тас үшін — магний корбонатын, темір глицеррофосфатын, гексаметилентетрамин, атофан, теобромин, фосфаттан байланған тас үшін — фосфор қышқылын, тұз қышқылын, аммоний хлоридін қолданады. Несеп бөгеліп қалғанда катетерді қуыққа ақырын ғана енгізеді. Қажет болған жағдайда қуықтағы тастарды алып тастау үшін операция жасауға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |