Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03


Виртуаландыру болмаған жағдайда



бет10/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Виртуаландыру болмаған жағдайда әрбір қосымшаға бөлек физикалық машиналар арналған болар еді. Оның нәтижесінде әрбір машинада пайдаланылмайтын ресурстар пайда болады. Зерттеу нәтижелеріне жүгінсек, жобаланған қуаттың 35% - на дейін пайдаланылмайды екен. Виртуалдандырудың көмегімен бір машинаның өзіне бірнеше ОЖ және сәйкес қосымшаларын іске қосуға, сонымен бірге бағдарламалардың қажетті деңгейде оқшаулануын сақтап қалуға болады .
Басты талаптардың бірі виртуалды машина орнатылған компьютердің бірнеше ОЖ–лерге қызмет көрсетуге қуаты жеткілікті болуы керек. Виртуалды машинаны күнделікті жұмыста пайдалану үшін компьютердің конфигурациясы да қуатты болу керек, яғни әр операциялық жүйе үшін әр түрлі компьютер сатып алғаннан гөрі бірнеше ОЖ–ге бір ғана қуатты компьютерді алса жеткілікті.
Көптеген жүйелік админстраторлар операциялық жүйені орнатар алдында және желі серверін жаңартуда виртуалды машинаны пайдаланады. ВМ қолданбалы бағдарламада жұмыс жасап отырған пайдаланушыға желілік бағдарламалық жабдықты да ұсына алады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қонақтық ОЖ толық эмуляцияланған виртуалды машиналар.

  2. Қонақтық ОЖ квазиэмуляцияланған виртуалды машиналар.

  3. Толық эмуляциялау технологиясы бойынша жасалған басқа жобалар.

  4. Квазиэмуляциялау технологиясы бойынша жасалған жобалар.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.


5-Дәріс
Тақырыбы: Виртуаландыру - ақпараттық жүйелерді
реттеудің басты жолы.
Жоспар:

  1. Виртуалды дискілер.

  2. Техникалық жүйе қызметі үшін әр түрлі өндірушілер.

  3. Виртуалдандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпаратты қорғау.

Жұмыс орнының, серверлердің, бағдарламалық және ақпараттық ресурстардың көбеюі корпоративті ақпараттық жүйелерді (АЖ) басқаруға кететін шығынның көбеюіне алып келгендіктен оның қарапайымдау мәселесін алға тартуда. Осындай қысқартудың бір жолы (ақпараттандыру саласындағы мамандардың көпшілігінің пікірі осы сияқты) бұл құрамдық компоненттер мен қосымшаларды автоматтандыру, яғни олардың операциялық ортаға бағынышты болмауы.


Компьютерді пайдаланушылардың басым көпшілігіне дисплейді виртуаландыру – терезе технологиясы түсінікті де және таныс. Әрбір мәселеге дисплейдің бір бөлігі - «терезе» арналады. Әрбір терезенің өзіне тән біршама ерекшеліктері болады: көлемі, орналасқан координаты, шрифті, түсі және т.с.с. Белсенді (жиі пайдаланылатын) мәселе терезесі дипслейде көрініп тұрады, ал «күңгірттелінген» мәселе терезелер реті (егер олар пайдаланылса) виртуалды есте сақталады. Кейбір терезелерді виртуалды дисплей деуге де болады. Дискті де виртуаландыру болашағынан үміт күттіреді. Виртуалды диск (том) – бір нақты дисктің бөлігі, немесе бірнеше толық нақты дисктерден, я болмаса АЖ – ні бір және бірнеше тораптарында орналасқан олардың бөліктерінен құрылуы мүмкін.
Виртуалды дискілер виртуалдандырылған кезде кәдімгі нақты дискілерге ұқсатып жасалынады. Бірақ сонымен бірге, операция жасаудың жетілдірілгенінің арқасында (мысалы, физикалық өңдеуді тоқтатудың оңайлығы немесе мәліметтерді түрлендірудің қажетсіздігі) виртуалды дискілер өзінің физикалық нұсқасынан жылдамдық және функционалдық жағынан анағұрлым басым түседі. Мәліметтерге енуге мүмкіншілігі бар барлық бағдарламалар виртауалды дискпен тиімді жұмыс істей алады, ол дискіні виртуаландыру есептеу жүйесіне мына функцияларды қосады:

  • көп мәселені бір мезетте орындауға мүмкіндік береді;

  • өте сенімді және жұмыс істеуі бұрынғыдан да жоғары АЖ құруға жағдай жасайды;

  • сақталынған мәліметті виртуаландырудың мүмкіндігі жасалады, яғни көптеген физикалық құрылғылардан сақталынған мәліметтерді агрегациялау, немесе оларды бір ортаға жинақтау.

  • АЖ – нің әр түрлі тораптарындағы мәліметтерге қарапайым қашықтан енуді (енудің жылдам істейтін каналдарымен бірге) қамтамасыз етеді, мысалы виртуалды дискілердің резервтік нұсқаларын жасағанда, немесе олардың айналуын ұйымдастырғанда;

  • виртуалды және нақты дискілердің динамикалық кескінін өзгертуді ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды;

  • қолданбалы бағдарламаларды тестілеуге арналған әр түрлі стендтерді, басқа қосымша физикалық дисктерді талап етпестен, құруға жағдай жасалынады.

  • Эксперименттік жұмыстар мен техникалық құрылғыларды үйлестіруге арналған қосалқы қызмет, тиісті құрал – жабдықпен қамтамасыз етіледі.

Виртуалдандыру процесі компьютердің бір немесе бірнеше ресурстарында іске асуы мүмкін, бұл кезде операциялық жүйенің құрамына тиісті виртуаландыру бағдарламасы қосылуы керек. Егер компьютердің барлық компоненттері виртуаландырылса, онда виртуалды машина деп аталатын жасанды интеллект пайда болады, ал ондағы виртуаландыру бағдарламасының жиынтығын – виртуалды машинаның мониторы деп атаған болатынбыз.
Осындай әдіспен виртуалды ресурстар кеңістігіндегі виртуалды машиналардың жұмыстары, виртуалды машиналардың процессорлары мен мониторларының жеңілдік берілген бұйрықтары арқылы ұйымдастырылады. Бұл жағдайда пайда болатын қосалқы шығын - жұмыстың екі рет өңделуі – алдымен нақты дербес компьютерлерде (ДК)-де, содан кейін виртуалды машинада. Бұлардың көпшілігінен виртуалды машина арқылы құтылуға болады. Дербес компьютерлерде бір адам пайдаланатын режим қолданылуының арқасында функцияларды қайталаудың ең маңызды мөлшеріне қол жеткізуге болады.
Техникалық жүйе қызметі үшін әр түрлі өндірушілердің (Dell, HP, KraftWay және т.б.) көптеген есептеу машиналарына виртуалды машина орнату мүмкін болады, олардың сәйкестігі барлық корпоративті қосымшалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Керек болса виртуалды машиналар шынайы техникалық құралдардың таңдап алынған баптамаларының тұрақтылығын тестілеуге және тәжірибе жұмысы үшін де техникалық жүйе қызметін пайдалана алады. Виртуалдандырылған архитектурасы болса, техникалық құралдарды қосымша ала беруге болады, себебі ол жұмысқа қосылғанда конфигурациясын ұзақ та күрделі баптау жасауды талап етпейді. Сонымен бірге белгілі бір өндірушіден тәуелді болудан да құтылуға септігін тигізеді.
Бағдарлама жасаушылар ақпаратпен қамтамасыз ету қызметіне виртуалдандырудың кеңейтілген ресурстарын ұсынады, соның арқасында бағдарламаға кететін модульдерге бөлу, оверлейн жүйесін құру немесе беттерді алмастырудың арнайы бағдарламасын жасау керек болмай қалады.
Сонымен бірге виртуалды машиналар – бұл ерекше атау. Бұл жерде шынайы қондырғыларды жаңадан қоспай–ақ және де реконфигурация жасамай- ақ әр түрлі бағдарлама кешендерін тестілеуге, виртуалды жобалар жасауға, статистика жинауға және өлшемдер жасауға болады. Жұмыс орнындағы пайдаланушылар үшін қосымшалардың баптаулары және оларды бірге пайдалану үшін келісу жеңілдейді, демек, мамандардың жүктемесі азаяды және олардың кәсіби деңгейіне деген талап та төмендейді.
Виртуаландыру мәліметтер базасының, админстраторлардың да жұмысына үлкен ықпал жасайды. Мәліметтерді орналастыруға арналған сыртқы жады инфрақұрылымы виртуаландыруды пайдаланған кезде админстраторландыру кезінде қарапайым және икемді болады, бұл уақытты үнемдейді.
Виртуалдандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпаратты қорғау қызметіне де үлкен мүмкіндіктер береді. Олар осы арқылы АЖ ресурстарын қалай пайдаланатындығын және олардың белгіленген ережелерді сақтауын бақылайды. Виртуалды машинада тұтынушылардың сыртқы қондырғыларға басқа жүйе байланыстарына енуінің мониторингіне жеңілдік берілген бұйрықтардың шақыруын хаттама арқылы ұйымдастыруға болады.
Жүйедегі пайдаланушы ғана виртуалдандыруға байланысты болған инновациялық өзгерістерге қатыссыз қалады. Оны, жұмыс орны қандай күрделі жүйемен жабдықталғаны онша қызықтырмайды. Шынайы ДК – дің қосымшаларымен немесе виртуалды машинасы бар ДК – мен жұмыс істеуде пайдаланушыдан арнаулы білімді талап етпейді. Оның жұмысын технологиялар, регламенттер, қызметтік нұсқаулар ғана анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет