Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03


Виртуалды машиналар төмендегідей мәселелерді шешуде қолданылады



бет7/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Виртуалды машиналар төмендегідей мәселелерді шешуде қолданылады:
ақпаратты қорғау;
 бағдарламалық жабдықтың немесе компьютер архитектурасының өнімділігін зерттеу;
 жоғары өнімді компьютерлердің (параллель компьютерлердің) ресурстарын тиімділеу.
жаңа ОЖ игеру;
 нақты ОЖ ортасында жұмыс істеуге арналған қосымшаны (приложения) жүктеу;
 бір қосымшаны әртүрлі ОЖ басқаруымен тестілеу;
 бағдарламалардың демонстрациялау немесе бағалау версияларын орнату және жою;
 вирус жұқтырды деген қауіп бар қосымшаларды тестілеу;
 пайдаланушылардың деректерге және бағдарламаларға қатынасу (доступ) құқұқтарын виртуалды машина шеңберінде басқару және т.б.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі кездегі виртуалдандырудың үш схемасы.

  2. Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялауымен виртуалды машиналар.

  3. Қонақтық ОЖ АРІ эмуляциялау технологиясы бойынша жасалған өнімдер.

  4. Виртуалды машиналардың өнімділігінің шамалы ғана кемуі қалай жүзеге асырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.


4-Дәріс
Тақырыбы: Виртуалды машиналардың түрлері.
Жоспар:

  1. Қонақтық ОЖ толық эмуляцияланған виртуалды машиналар.

  2. Қонақтық ОЖ квазиэмуляцияланған виртуалды машиналар.



Қонақтық ОЖ толық эмуляцияланған виртуалды машиналар
Толық эмуляция технологиясына қолдау көрсететін жобалар, қонақтық ОЖ бұйрықтар жүйесіндегі нұсқауларды интерпретациялау қағидасы (по принципу интерпретации) бойынша жұмыс атқарады. Бұл жағдайда процессордың, сонымен бірге барлық сыртқы құрылғылардың да іс–әрекеті толық эмуляцияланатындықтан, Intel x86 архитектуралы компьютерлерді басқа архитектуралы компьютерлерде эмуляциялау мүмкіндігі туады, мысалы, Мас жұмыс станцияларында немесе RISC–процессорларымен Sun серверлерінде.
Толық эмуляциялаудың басты кемшілігі – бұл қонақтық операциялық жүйенің өнімділігінің айтарлықтай төмендеуінде («қонақтық» қосымшалардың жұмыс жылдамдығы 100 – 1000 есеге төмендеуі мүмкін). Сондықтан да, толық эмуляцияланған ВМ соңғы кезге дейін операциялық жүйелерді зерттеу және белгілеуге арналған төменгі деңгейлі жөндеушілер есебінде пайдаланылды. Бірақ, бүгінгі күні есептеу машиналарының есептеу қуатының жылдам көбеюінің арқасында, толық эмуляцияланған ВМ бәсекеге қабілетті бола бастады. Осындай ВМ ең бір жарқын мысалы Connectix фирмасының Virtual РС өнімі (қазіргі кезде оны Microsoft сатып алған).
Толық эмуляциялау технологиясы бойынша жасалған басқа жобалардың мысалы ретінде төмендегілерді келтіруге болады:

  • Linux негізінде жасалған Intel x86, Windows, BeOS, Mac OS сияқты түрлі операциялық жүйелерді іске қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты Bochs жобасы;

  • Windows және басқа да операциялық жүйелер басқаруындағы түрлі Intel x86 операциялық жүйелерді іске қосуға мүмкіндік беретін Virtutech компаниясының Simics өнімі;

  • Qemu жобасы – РС әртүрлі архитектуралар эмуляторы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет