Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03


Қонақтық ОЖ квазиэмуляцияланған виртуалды машиналар



бет8/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Қонақтық ОЖ квазиэмуляцияланған виртуалды машиналар
Қонақтық ОЖ квазиэмуляциялау технологиясы, қонақтық ОЖ нұсқауларының барлығы бірдей хосттық операциялық жүйе құралдары арқылы эмуляциялауды талап етпейтіндігіне негізделген. «Қонақтық» қосымшалардың дұрыс жұмыс істеуіне қажетті нұсқаулардың көпшілігі, хосттық ОЖ тікелей нақты адрестелген болуы мүмкін. Олардың ішінен басқаруға арналған келесі құралдарды шығарып тастауға болады: видеокарта, ІDE-бақылаушы (контроллер) таймер және тағы басқалар.
Сонымен, квазиэмуляцияланған ВМ жұмыс істеу процесінде қонақтық ОЖ нұсқауларын таңдап эмуляциялау іске асады. Сондықтан да, осындай ВМ өнімділігі толық эмуляцияланған ВМ қарағанда анағұрлым артық болатыны анық. Соған қарамастан, жоғарыда айтылғандай, дербес компьютерлердің деңгейінің өсу барысында бұл айырмашылық онша көп болмайды.
Квазиэмуляциялау технологиясы бойынша жасалған жобалардың мысалдары:

  • Virtual Platform технологиясы, оның негізінде VMware компаниясы төрт түрлі өнімді ұсынады: Windows NT/2000/XP үшін VMware Workstation, Linux үшін VMware Workstation, VMware GSX Server (group server) және VMware ESX Server (enterprise server);

  • Германиялық NetSys CmbH компаниясының тапсырысы бойынша Ресейдің Параллели (Parallels) компаниясы құрастырған Serenity Virtual Station (SVISTA, бұрынғы twoOStwo) виртуалды машинасы;

  • Linux басқаруындағы әртүрлі Intel x86 операциялық жүйелерді іске қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты Plex86 жобасы;

  • Микроядроны пайдаланатын ашық кодты L4Ka жобасы;

  • Белгілі бір шарттарды сақтаған кезде өнімділікті де арттыра алатын Linux, FreeBSD, NetBSD басқаруындағы жетілдірілген Linux ОЖ, FreeBSD, NetBSD, WindowsXP операциялық жүйелерін іске қосуға мүмкіндік беретін ашық кодты Хеn жобасы.

Виртуалдандыру процесі компьютердің бір немесе бірнеше ресурстарында іске асуы мүмкін, бұл кезде операциялық жүйенің құрамына тиісті виртуаландыру бағдарламасы қосылуы керек. Егер компьютердің барлық компоненттері виртуалданса, онда виртуалды машина деп аталатын жасанды интеллект пайда болады, ал ондағы виртуаландыру бағдарламасының жиынтығы – виртуалды машинаның мониторы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет