Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет9/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
ВМ жасаудың құралы (виртуалды машиналар қосымшасы) - бұл нақты операциялық жүйеге орнатылған кез-келген басқалары сияқты қарапайым қосымша. Бұл нақты ОЖ «басты» немесе хосттық деп аталады.
Виртуалды машиналарды басқарудың барлық мәселелерін ВМ қосымшасының құрамындағы арнаулы модуль - виртуалды машинаның мониторы атқарады. Монитор виртуалды машиналар және базалық қондырғы арасындағы барлық қарым – қатынастарда делдалдық роль атқарады, сонымен бірге бірыңғай аппараттық платформада жасалған барлық ВМ орындалуын қолдап, олардың сенімді оқшаулануын қамтамасыз етеді. Пайдаланушының виртуалды машинаның мониторына тікелей қатынауға мүмкіндігі болмайды. Бағдарламалық өнімдердің көбісінде пайдаланушыға виртуалды машинаны жасауға және үйлестіруге арналған графикалық интерфейс қана ұсынылады. Бұл интерфейс виртуалды машиналардың консолы деп аталады.
Пайдаланушы, виртуалды машинаның «ішіне» нақты компьютердегі сияқты өзіне керекті операциялық жүйені орнатады. Осындай, нақты ВМ-ға тиісті операциялық жүйе қонақтық деп аталады (guest OS). Қолданылатын қонақтық ОЖ тізімі - виртуалды машиналардың ең маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады.
Толық эмуляция технологиясына қолдау көрсететін жобалар, қонақтық ОЖ бұйрықтар жүйесіндегі нұсқауларды интерпретациялау қағидасы бойынша жұмыс атқарады. Бұл жағдайда процессордың, сонымен бірге барлық сыртқы құрылғылардың да іс–әрекеті толық эмуляцияланатындықтан, Intel x86 архитектуралы компьютерлерді басқа архитектуралы компьютерлерде эмуляциялау мүмкіндігі туады, мысалы, Мас жұмыс станцияларында немесе RISC–процессорларымен Sun серверлерінде. Толық эмуляциялаудың басты кемшілігі – бұл қонақтық операциялық жүйенің өнімділігінің айтарлықтай төмендеуінде («қонақтық» қосымшалардың жұмыс жылдамдығы 100 – 1000 есеге төмендеуі мүмкін).
Қонақтық ОЖ квазиэмуляциялау технологиясы, қонақтық ОЖ нұсқауларының барлығы бірдей хосттық операциялық жүйе құралдары арқылы эмуляциялауды талап етпейтіндігіне негізделген. «Қонақтық» қосымшалардың дұрыс жұмыс істеуіне қажетті нұсқаулардың көпшілігі, хосттық ОЖ тікелей нақты адрестелген болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет